Басында қабынулық асептикалық болғанымен Кәсптік пневмония уыттық Дәрмектік Сәулелік Инфекциялық емес Пневмонияяға әкелетін Себептер: Пневмониялардың жіктеуі Жіктеуде
1. Аурудың даму жағдайы (қандай пневмония),
2. Ауырлық дәрежесі
3. Дерттің орналасуы
4. Асқынулары ескеріледі.
Сонымен, жіктеудің 1-ші кезеңінде аурудың даму шартына қарай бөледі:
1. Аурухадан тыс пневмонияны (синонимдері: үйішілік, коммуналды, емханалық).
2. Ауруханалық (ауру науқастың стационарға түскеннен кейін 48 сағаттан соң немесе ауруханадан шыққаннан кейін 4 апта ішінде дамығанда) (синонимдері: нозокомиалды, госпиталды).
Жіктеудің екінші бөлімі – ауырлық дәрежесі. Ауырлық дәрежесін дұрыс бағалау науқасты емдеу орнын, емдеу тактикасын таңдауда маңызды. Пневмонияның ауырлық дәрежесі бағаланады:
2. Тыныс жеткіліксіздігінің айқындылығы бойынша. Клиникалық (тахипноэ, цианоз) және параклиникалық (оттегі сатурациясының төмендеуі, көмірқышқыл газ сатурациясының және кернеуінің жоғарылауы).
3. Асқынулардың дамуы бойынша: пневмонияның ауырлығын көрсетеді.
4. Зақымданудың ауқымдылығы бойынша: R деректерге сүйеніп.