Пневмония



бет7/9
Дата07.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#90797
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дифференциалды диагноз

  • Плевраның
  • шығуы/эмпиемасы
  • - Перкуторлық дыбыстың «тас» тұйықтығы
  • - Тыныстық шудың болмауы
  • Пневмоторакс
  • - Кенеттен басталу
  • - Перкуссия кезінде көкірек клеткасының бір жағындағы тимпаниялық дыбыс
  • - Аралықтың жылжуы
  • Пневмоцистті
  • пневмония
  • - Орталық цианозбен 2-6-айлық нəресте
  • - Көкірек клеткасының кеңеюі
  • - Жиілеген тыныс
  • - «Барабан таяқшалары» тəрізді саусақтар; аускультациялық бұзылыстар болмаған кезде рентгенограммадағы өзгерістер
  • - Бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндердің ұлғаюы
  • - Ана мен балада оң ВИЧ-тесті

Емдеу тактикасы

  • Ем мақсаты:
  • 1. Өкпедегі қабыну процесін тоқтату.
  • 2. ТЖ белгілерін, жалпы уыттану, қызбаны жою, өкпе экскурсиясын қалпына келтіру, өкпедегі ошақты физикалды көрсеткіштерінің, жөтелдің жоғалуы. Дəрі-дəрмексіз ем
  • Сəйкес гидратация (жылы сұйықтықты көп мөлшерде ішу) жəне тамақтану. Тыныс алу жеткіліксіздігінің кез келген көрінісі бар науқастарға сəйкес оксигендік ем (мысалы, кеуде клеткасымен ауаны тарту, тыныс алудың жиілеуі > минутына 70 рет) тағайындалады.

Дəрі-дəрмектік ем

  • Емдеу тəсілі:
  • Вирустық пневмония немесе бактериалдық пневмония кезінде бактериалды пневмонияның профилактикасы үшін антибиотиктерді қолдану ұсынылмайды. Қызбаны тоқтату (>38,5): парацетамол 10-15 мг/кг күніне 4 ретке дейін. Жөтелге қарсы дəрі-дəрмекті қолдану ұсынылмайды (жөтелді басатын дəрі-дəрмектер). Демікпелік тыныс алуда – бронхолитикалық ем (мысалы, жас бойынша дозада сальбутамол күніне 3-4 рет, 5 күн). Ингаляциялық түрмен емдеу ұсынылады.

Антибактериалды препараттар:

  • А. Бактериалды флорадан туындаған пневмонияда - антибактериалды ем бөлінетін микробтың сезімталдығы ескеріле отырып тағайындалады. Альтернативті дəрі-дəрмекке ауыстыру бактериологиялық көрсетікіштер немесе бірінші таңдалған дəрі-дəрмектің 48 сағат ішінде нəтижесіз болғанында эмпириялық негізде
  • жүргізіледі. Ауыр түрінде - дəрі-дəрмекті венаға немесе бұлшықетке енгізу.
  • Б. Хламидиядан туындаған пневмонияда - макролидтер класының антибиотиктерінен дəрі-дəрмектер таңдалады (азитромицин, эритромицин, ровамицин).
  • В. Цитомегаловирустан туындаған пневмонияда - спецификалық цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин дəрі- дəрмегі таңдалады.
  • Г. Жай герпестен туындаған пневмонияларда - ацикловир дəрі- дəрмегі таңдалады.
  • Д. Пневмоцистті пневмонияда жоғары дозада ко-тримаксазол тағайындалады (8 мг/кг триметоприм жəне 40 мг/кг сульфаметоксазол венаға əр 8 сағат сайын, немесе күніне 3 рет ішу), 3 апта бойы.
  • Е. Саңырауқұлақты этиология пневмония кезінде: итраконазол 5 мг\кг\күн, 14 күн бойы немесе амфотерицин Б (0.5 мг/кг/доза күніне 1 рет венаға, 10-14 күн бойы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет