Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
Шағымдарын анықтау: бас ауру, бас айналу, жүрек айну, құсумен бірге жүретін бас айналу, омыртқа бағанасы бойынша ауру сезімі, көрудің нашарлауы, көрудегі көріністің қосарлануы, жадының, қимыл-қозғалыс пен сезінудің, сөйлеу қабылетінің бұзылысы, кекештену, естен тану, талып қалу, көз алдының қарауытуы, әлсіздік, салданулар, ұюды немесе шаншуларды сезіну, қол қалтырауын және басқада еріксіз қимылдардың болуы, босаң жүріс, құрысу мен тырысулар, ұстамалы талмалар, бас сүйектерінің үлкеюі, ембей қалу, жылауықтық (жылаңқы), ұйқының бұзылысы, қызбалық, ашушаңдық, кейігіштік, себепсіз қорқыныш, қорқақтық, бетінің айқын бозаруы немесе қызаруы, тершеңдік, жүрек қағуы, тынысының жиілеуі, түнгі шыжыңдық
Осы дерттің даму тарихын ( дерттің анамнезі) анықтау – Дерттің басталу ерекшеліктері (себебі, қандай шағымнан), қалай (кенеттен, бірте-бірте), әрі қарай ағымы (шағымдар даму реттілігі, бәсеңсуі, өршуі) оның айқын көрінісіне дейін нақтыланады. Сонымен қатар жасалған емдік шаралар – өздігінше, дәрігер көмегі, оның тиімділігі.
Өмір тарихы –негізгі алынатын мәліметтер – өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет:
Бала кезіндегі дамуы мен өсуі (жасына сәйкес дамып өсті ме), оқуы (мектепте оқуы, қалыс қалған жоқ па?); еңбек жолын бастауы, әскер қатарында болуы, спортпен шұғылдануы.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы: тұрған жерінің жағдайы – бала кезінде, осы күндері; қаржылық жағдайы.
Тағамдану жағдайы: реттілігі мен тәртібі, құнарлығы, емдәм, ащыны, тәттіні, қышқылды, тұзды тағамдарды және т.б. жақсы көруі.
Жұмыс жағдайы: қызметінің түрі, жұмыс уақытының тәртібі, кәсіпшілік зиянды жайттар.
Зиянды әдеттері: темекі шегу – қанша жастан, қандай мөлшерде, арақ, анаша, қою шәйды пайдалану, кейбір дәрілік заттарға (кофеин, фенацетин, транквилизаторлар және т.б.) әуестенуі.
Болған деттер – балалық және ересек кезінде кезінде. Оталар, жарақаттар. Қан және оның қоспаларын құю.
Аллергиялық әсерленулер – тағамдық заттарға, әртүрлі дәрілерге, вакциналарға, қан сарысуына. Аллергиялық дерттердің болуы (ринит, есек жемі, Квинке ісігі, поллиноздар).
Жанұялық анамнезі –жанұясы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары, аға-іні, әпке – қарындастары, немерелері) жасы мен денсаулығы немесе жасы мен өлу себебін анықтау қажет. Әжелері мен аталары туралы да мәлімет алған дұрыс; жанұя мүшелері мен жақын туғандарының денсаулығы – оларда диабет, жүрек дерттері, гиперхолестеринемия, артериалдық гипертензия, инсульт, бүйрек аурулары, туберкулез, артрит, рак, анемия, аллергия, астма, бас ауруы, қояншық, психиқалық аурулар, алкоголизм, нашақорлық және осы жайттар белгісінің өзінде бар болуын анықтау.
Отбасындағы жағдайы. «Сізбен бірге кім тұрады?», «Ауырғаныңызда немесе қажеттік жағдайда Сізге кім көмек көрсетеді?».
Күнделікті тіршілігі. Оянғаннан ұйықтағанға дейін күні қалай өтетінін сұрау керек. («Күніңіз қалай өтеді?»). («Алдымен қандай тіршілік жасайсыз, сосын не істейсіз?»)
Жұмыс жасау мен демалысы.
Әлеуметтік – психологиялық анамнезі (мінез – құлқы, сана-сезімі, рухани жағдайы, ой-өрісі) – науқас туралы жеке тұлға ретінде маңызды және қажетті мәлімет анықталады.
Соңғы 6 айдағы еңбекке қабылеттілігі. Мүгедектік.
Достарыңызбен бөлісу: |