Абай мұрасын жүйелеу 1.1 Абайтану тарихы.
1.2 Абайтану тарихы – халық тағдырының айнасы.
1.3 Абай мұрасына жаңаша көзқарас.
1.4 Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.
Сабақтың мақсаты:Абайтану курсы туралы түсінік беру, Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен таныстыру. Абай туралы білімдерін толықтыру. Қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық–саяси және тарихи көзқарастарынмен таныстырып, тірек сызбамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Абай бейнесін таныту арқылы оның бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі ету, білім алушы бойына сіңіру.
Бақылау сұрақтары: 1.Абай тарихы – халық тарихының айнасы деген ұғымға нақты қандай мысал келтіре аласыз?
2.Абай мұрасын насихаттаудағы қазіргі үкіметтік бағдарламалар туралы не білесіз?
Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Абай мұрасын насихаттауда негізгі басшылыққа алынатын қағидалар, халық мүддесінің қорғалуы.
2. Абайды еңбектеріндегі і негізгі тұжырымдар мен зерттеулер.
Ұсынылатын әдебиеттер: Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.2010
Әуезов М. Абай Құнанбаев. А. 2011
Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. А., 1989
Дулатов М. Абай. А., 1991
Есім Ғ. Абай туралы философиялық трактат. А., 2020.
№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Абай өмірі мен шығармашылығы 2.1 Абайдың ата-тегі мен өскен ортасы.
2.2 Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы.
2.3 Абай – қазақ поэзиясының реформаторы.
2.4 Абай дәстүрі мен оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі
Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен таныстыру. Абай шығармашылығын зерттеушілер туралы мәлімететрмен таныстыру. Абай туралы білімдерін толықтыру. Абайдың қоғамдық–саяси және тарихи көзқарастарынмен таныстырып, тірек сызбамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Абай бейнесін таныту арқылы оның бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі ету, білім алушы бойына сіңіру.
Бақылау сұрақтары: 1.Абайдың ата-тегі мен өскен ортасы туралы пікірлерге сараптама. Құнанбай әке бейнесінің жиынтығы бола алады ма?.
2. Неге Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы дейміз?