Поәк bbbmotzhgtn 5301 «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері»



бет28/53
Дата07.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#72420
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Байланысты:
bas bilim beru maz umkd 2023

Бақылау сұрақтары

  1. Компьютерлік оқытуды ұйымдастырудағы оқытудың түрлері қандай?

  2. Электронды оқытудың жетістіктерін атаңыз.

  3. Электронды сөздіктермен жұмыс істеудің ерекшеліктері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер
1.Шунк, Д.Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі : Оқулық = Learning Theories: An educational perspective / Д.Х. Шунк; Ауд.: Б.М.Мизамхан.- 7-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.-
2.Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика .Оқу-әдістемелік кешен .- Алматы: "Отан" баспасы, 2018.- 293 б.
3.Бұзаубақова К.Ж., Тәжібаева С.Ж. «Жаңа әлемнің жаңа мұғалімін даярлауда инновациялық технологияны пайдалану» тренингі : Оқу - әдістемелік құрал.- Тараз, 2018.- 100 б.
21-22 лекция. П. В. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
Жоспары:
21.1 П. В. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының мақсатты бағдарлары
21.2 П. В. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының тұжырымдамалық ережелері.
21.3 П. В. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының мазмұндық ерекшеліктері.
21.4 П. В. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының әдістемелік ерекшеліктері.
Мақсаты: білім алушыларды П. В. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының ерекшеліктерімен таныстыру.
Түйін сөздер: математикалық білім, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, қарама-қарсы ұғымдар, тура есеп, кері есеп, танымдық қызығушылық.
Қазіргі кездегі математикалық білім баланың интеллектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл салада, біз сөз еткелі отырған технологияның алар орны ерекше. 
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математикалык білім технологиясы 1964-1996 жылдар арасында академик П. М. Эрдниевтің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалык, жұмыстың иәтижесінде өмірге келді.
П. М. Эрдниев "дидактикалық бірліктер" деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген.
Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады.
Академиктер В. Журавлев, А. Маркушевич т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп, "ғасыр идеясы" деп таныған. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады. 
Оқушының білімінін сапасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің ролі зор.
Бүгінде ДБІ жаңашылдық технология ретінде әр-түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.
Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братск т.б. қалардың тәжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан професеор Т. Қ. Оспановтың жетекшілігімен жазылған "Математика" оқулықтары осы теорияға негізделген.
Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
1. Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту.
2. Түра есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
3. Деформацяланған жаттығуларды пайдалану.
4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.
Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту практикасы "қосу мен азайту", "кобейту мен бөлу" бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр. 
Біріншіден бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді. 
Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.
Мысалы:
Түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрскетінің ішкі потенциалды резервтерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі "кері байланыс" заңының іске қосылуымен тиімді.
ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару "кері есеп" ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П.К. Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты. 
Кері есептерді шығару, түра есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.
Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. "Математикадағы басты нәрсе - ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу". Кез келген түра есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады. 
Біріншіде екі санның қосындысы, кебейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді, қызметін атқарады.
Жаңа буын оқулыққа бес түрлі: қосындыңы табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кен санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген. 
"Кері есеп" ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жаныңа портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады. 
Столда 5 кітап бар, ал портфелъдегі кітаптардың 3-уі артық. Портфельде қанша кітап бар?
Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па кен бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдыңда, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдагы кітаптың одан 3-уі кен. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады. 
Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана "кері есеп" ұғымы енгізіледі. 
Осы типтердегі есептерді көрнекіліктер арқылы шешуді меңгерген кезде төмендегідей абетрактылы есептерге көшуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет