Поәк bbbmotzhgtn 5301 «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері»



бет30/53
Дата07.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#72420
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
bas bilim beru maz umkd 2023

Принципі:
үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану, әрекет негізіне бағыттау;
жекелей әрекет жасау;
ізгіліктілік;
күш түсірмей оқыту;
түзету, жетістікке жетелеу, болашағын ашу, өсуге ұмтылдыру;
жетістіктің жариялылығы;
тәрбие мен оқытуды байланыстыру;
Мақсаты:
білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту;
жеделдете оқыту;
Технологияның мазмұндық ерекшелігі:
материалдар ірілендіріліп беріледі;
блоктық түрде беріледі;
оқу материалын тірек сызбалар-конспектілеу арқылы беру;
берілетін ақпаратты, ойды айқын бейнелейтін тірек конспектісі.

Оқу процесі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Оқушының оқу процесін құрудағы әрекеттердің реті:


1. Балаларды оқу мақсатымен таныстыру
2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогы) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен модульмен таныстыру.
3. Мұғалімннің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі -сызбалар, сұлбалар,
кестелер т.б. негізінде).
4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың тамындық қызметін ұйымдастыру және әрбір
оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
5. Жалпы тақырыпқа, тарауға (өсу бағытымен) 4 - 7 рет қайта оралу негізінде оқу
материалын оқып - үйрену.
6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
7. Тақырып бойынша қалыпты немесе сынақ (диктант, бақылау жұмысы және т.с.с.) жүргізу.
Тірек сызбалармен оқыту оқу материалдарын түсінікті меңгеріп, жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізеді. Тірек сызбалар көбінесе бекіту, қайталау сабақтарында қолданылады. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады: 

1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы. 
2. Оқуға деген қабілетінің артуы. 
3. Өз ойының дербестігі. 

Жалпы айтқанда, тірек сызбамен оқыту - заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Дидактиканың, тәрбие теориясының, психологияның, таным теориясының – барлығының түйіскен нүктесінде қарастырылатын мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет