Тақырыбы: «Батыр Баян» дастанын талдау
Сұрақ: ПОЭМА дегеніміз не?
М.Жұмабаевтың поэмаларын ата.
Жүсіпхан
Қорқыт
Батыр Баян
ІІІ. Топтық жұмыстар (шығарманы талдау)
1 топ – «Тұлғалар» тобы
2 топ – «Сөз өнер» тобы
3 топ – «Жаңалықтар» тобы
1.Шығарманың композициясы:
1.Шығарманың басталуы: Көкшенің сұлулығы
2.Шығарманың байланысы: Баянның қалмақ қызын тұтқынға алуы
3.Шығарманың дамуы: Інісі Ноянның қалмақ қызға ғашық болуы
4.Шығарманың шиеленісуі: Екі ғашықтың қащуы
5.Шығарманың шарықтау шегі: Ғашықтардың қаза болуы
6.Шығарманың шешімі: Ерлікпен қаза болған Баян
2.Реттік талдау
Аты – «Батыр Баян» дастаны
Авторы – Мағжан Жұмабаев
Тақырыбы – ерлік, батырлық
Идеясы – батырлықты дәріптеу, патриоттыққа тәрбиелеу
Кейіпкерлер: Негізгі кейіпкерлер: Баян, Абылай хан, Ноян, Қалмақ қызы
Жанама кейіпкер: Қанай, Ер Көкше,Ер Қосай, Жанатай,Ұса, Серен т.б
Туған жері - 1714 жылы қазiргi Мағжан Жұмабаев ауданы Аралағаш деген ауылда туған, әкесi Қасаболат момын адам болған. Темiрден түйiн түйген ұста, бiрақ зергелiк өнерi басым екен. Баянның шешесi Ажар Байбақты Шопан батырдың қызы, Сырымның әкесi – Даттың қарындасы. Шоң Торайғыр-Едiге бидiң балаларының анасы – Ақкенже Даттың екiншi қарындасы (бiреулер қызы деп жүр). Баян Уақтың Шоға руынан тарайды.
Өмір сүрген кезеңі
(шамамен 1710/15 – 1757)
Ерлігі
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама– қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы (1723- 1725) ... 1729-1730 жылдары
1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.)
Кейіпкерге мінездеме:
Баян-Батыр, ер, батыл, патриот, ғашық, Абылай ханның сенімді батыры, әке,куйеу, Ноянның ағасы, уақ елінің елшісі
Ноян – аңғал, жас, Баянның інісі, қалмақ қызының ғашығы, сатқын.
Әдеби көркемдеуіш тәсілдер
Метафора - Көкшенің жүрегі , жаным жаралы,қызыл тіл,қу өмір, арқа аралы, жер еркесі т.б
Кейіптеу: өмір күшті уын аяды ма, қанды ор боп қалады, қызыл тілім кісендеулі,қара топырақ қанын ішті
Мұңайып мәңгі мұңды белдер қалды,
Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен.
Жан-жақта жас қайыңдар қала берді
Иіліп әдеппенен сәлем еткен
Теңеу: сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей, атқан тандай , бар сұлулық жиылғандай. Анафора әдісі арқылы поэманың бояуын күшейтіп, естілу қуатын арттырған.
Эпитет: кермиық дала, жел ой, қағынған жер,қорқақ ақыл ,арда күш, сұм садақ,қап – қара шер
Аллитерация: Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның інісі бар он бес жаста –
Бәрінің бӛлтірігі – бала Ноян
Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,
Жас Ноян ер Баянға қарсы жүрді.
Жақындап келіп қалып ағасына
Ассонанс: Адасқан аққу құстай мен бір пақыр .
Арқаның аруы боп жүрсем-дағы
Алыста туған, өскен жерім жатыр.
Авторлық сөздік қолданыс:
Жебе
Садақтың оғы.
Наркескен
Болаттан соғылған екі жүзді түзу қылыш.
Көбе
Бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас, қола не мыс, кейде алтын мен күміс табақшаларды қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған киім.
Алаш
Қазақ, қазақ ұлты.
Кебін
Өлген адамның денесін орайтын ақ кездеме (мата).
Арсы
Алланың ғарышта отыратын тағы.
Көкжал
Қасқырдың арланы.
Тұрман
Ер-тоқымның жабдығы.
Керсен
Ағаштан дөңгелектеп істелген ыдыс.
Қалша
Жас адам, бала.
Тебінгі
Салт атты адамның балтыры мен тақымын қажамау әрі шалбардың балағын аттың терінен сақтау үшін тоқымға тігілген немесе ерге жалғастырыла салынған жалпақ былғары.
Алдаспан
Имек қылыш.
Кебе
Бұл жерде: сөйлеу тілінде – қағба.
Шығармадағы шаманизм көрінісі:
Көкірегін көкке сауу (қарғысқа, теріс батаға ұқсайды)
Шамандық туралы мәлімет беру. Мысалдар келтіру: айға сәлем салу, отқа май құю, құмалақ ашу, түс жору т.б.
Бұл — бата деп аталғаны болмаса қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. \Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Бұл теріс батаның, қарғыс батаның белгісі\ (М.Әуезов).
Айға сәлем салу – ай жаңадан туғанда, үйдің қыз – келіншектері, әжелер айға сәлем еткен, яғни «айдан аманат, жылдан есен ет» дегені
Отқа май құю - Кейбір деректерде "отқа май құю" рәсімі отты құдірет тұтуға байланысты қалыптасқан дәстүр делінген[1]. Ол бойынша отқа құйылған майдың қоңырсыған иісі екі жақтағы аруақтарды риза етеді, олар әрдәйім екі жасты желеп-жебеп жүретін болады-мыс.
«Батыр Баян» киносын талдау
Режиссері:Сламбек Тәуекел
Сценарий идеясының авторы: Смағұл Елубай
Басты рөлдерде: Баян – Жұмақан Әбдіқадыров
Ноян – Кеңес Нұрланов (31 жастағы жас актер)
Қалмақ қызы – Алина Махметова ( сурет университетінің студенті)
Баянның бәйбішесі – Гүлшат Қыпшақова (шын өмірде Жұмақанның әйелі)
Музыкалық әрлеуші – Нұрғиса Тілендиев «Дарабоз» күйі
Секен Тұрысбеков
Географиялық сілтеме:
Көкше – Көкшетау,Бурабай, Оқжетпес,Обаған,Жолдыөзек,Арқа – Сарыарқа, Бөлектау,Балқаш, Шаңдыжол.
Достарыңызбен бөлісу: |