Әдеби KZ
Қамбар Батыр
Поэма
Сәкен Сейфуллин
4/1/2013
1
Әдеби KZ
Мазмұн
ҚАМБАР БАТЫР............................................................................................................................................ 4
2
Әдеби KZ
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне,
көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет
зерттеушісі, жазушы-драматург.
Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған.
Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы
Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-
1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз
байланысты.
1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты
өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен
өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады. Ел ішінде бала
оқытып жүрген жас ақын патша қылағаннан кейін Ақмолаға келеді. Ол 1918
жылы маусым айында ақтар Ақмолада Кеңес үкіметін құлатқанға дейін жас
үкіметті орнықтыруға көп еңбек етеді, әлеумет қайраткері, саяси күрескер
болып шынығады. "Бақыт жолында" драмасы 1918 жылы Ақмола
жастарының көшімен сахнаға қойылады. 1918 жылы 4 маусымда ақтар
Ақмоладағы билікті өз қолына алғанда, бір топ күрескер жолдастарымен
бірге Сәкен де атаман Анненковтың азап вагонында тауқымёт шегеді. Колчак
түрмесінде отырған 9 ай тозақтан Сәкен қашып құтылады. Бұл революциялық
коресстің шежіресі - "Tap жол, тайғақ кешу" романында (1927 ) баяндалған.
3
Әдеби KZ
Кеңес үкіметі тұсында Сәкен ірі мемлекет қайраткері дәрежесіне көтеріледі.
Ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су
комиссиясының председателі, 1922 жылы Қазақстан Комиссарлар Советінің
председателі болып сайланады. 1922-1925 жылдары "Еңбекші қазақ"
газетінің редакторы болып Сәкен қазақ баспасөзінің негізін қалады.
1925-1937 жылдары Жазушылар одағында басшы болып, жоғарғы оқу
орнында ұстаздық етті.
Оның қаламынан туған "Асау тұлпар", "Домбыра", "Көкшетау", "Қызыл ат",
"Альбатрос" т.б. сияқты поэма кітаптары, "Жер қазғандар" "Айша",
"Жемістер" т.б. прозалық шығармалары, "Қазақ әдебиеті", "Қазақтың ескі
әдебиет нұсқалары" т.б. зерттеу еңбектері ұлттық әдебиетімізді биікке
көтерген шығармалар.
Сәкен сазгер ретінде қазақ музыка мәдениетінің дамуына да үлес қосты.
Сталиндік жолсыз жаза ақынды 1938 жылы, ақпан айында мерт қылды.
4
Әдеби KZ
ҚАМБАР БАТЫР
Жақсылар бастан айтайын
Әуелі Алла сыйынып,
Екінші кәміл піріме
Құлақ салып тыңдаған
Жамандық көрме тіріде.
Батырлар қылған қайратын,
Қартаймай тұрып әріде
Ертедегі ерлерден
Нұсқа болып соңғыға,
Қалмаған елмен бәрі де.
Ойлағанға осылай
Опасыз жеңіл дүние.
Теңізден шыққан құрдымдай
Жетпеді ешкім түбіне
Қазынаға жинап гауһар тас,
Айдаһардай болып мас,
Сақтаған алтын ініне
Ашқа тамақ, жаяуға ат,
5
Әдеби KZ
Төрт түлік малға көңіл шат,
Жарайды екен қысылса,
Жұртының қиын күніне.
Алты ұлы бар Әзімбай,
Қызы сұлу Назымдай
Тоқтады барша тіліне.
Ғашықтық жолын ойлаңыз
Бектермін деп қоймаңыз
Шығарған сездің мініне.
Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына
Кәмшат бөрік келісіп
Бриллиант қойды басына
Қара мен тере қайғырды,
Болса деп бізбен ашына
Қазақ пен қалмақ барша жан
Хабарланды сұлудан
Дабысы жұртқа шашыла.
6
Әдеби KZ
Жолбарыстай алты ұлдың
Айбатынан сескеніп,
Келе алмады еш пенде,
Әзімбайдың қасына.
Дауысы құстай түрленіп,
Қоңыраулы алтын күңіреніп
Ертелі-кеш серуенге,
Шығады майлап шашын да
Жәннаттан шыққан хорлардай
Порымына қарасаң,
Қызықпастай қай адам
Ол Назымның пашына.
Сүйегі асыл дүр еді,
Құдайдың өзі біледі,
Он төртінші айдай боп,
Түседі кімнің қасына?
Алпыс сомдық әр кезі
Үстіне асыл кигізді.
7
Әдеби KZ
Жорғадан жегіп қара көк
Күймелі арба мінеді.
Көзі түскен пенденің
Жүрегін оттай күйгізді.
Ашылған гүлдей нұрланып
Қылығымен сүйгізді,
Оз теңінің ішінде
Асырақ дәурен сүргізді;
Уызында жарыған,
Ерте туған бағландай.
Толықсынып жүргізді,
Назымға таңдау қоям деп
Бүл хабарды Әзімбай
Алашқа тегіс жүргізді;
Он екі жасар балаға,
Мал жайып кеткен далаға
Қалмасын деп қатардан,
Бұларға айтып білгізді.
8
Әдеби KZ
Тоғыз қабат торқадан
Камзол киді қынама,
Тандап Назым тимесе
Толқыған көңіл тына ма,
Алмаққа әркім талап қып
Сыйынды жаппар құдайға.
Қазақ пен қалмақ, ноғайлы
Ел еді жатқан құрала,
Назымның көрмей ақ жүзін
Жанды кісі үйінде
Сабыр қылып тұра ма?
Ат шаптырып той қылып,
Ашыққанды тойғызып,
Жиылды жұрт, жамағат.
Бір төбенің үстінен,
Қыз Назым шықты басына
Салдырып биік мұнара.
Назымды малмен алмаққа
9
Әдеби KZ
Шалдар да жаман желіккен,
Қартайған адам коп екен,
Кемпірден көңіл зеріккен.
Жарасады деп киеді
Елтірі қара бөрікті.
Қатындары үйінде
Қайғыланып жылайды,
Сұлуды алса байымыз,
Айырылдық деп серіктен.
Үміткер болып барша тұр,
Сабағынан үзіп ап,
Жесем піскен өріктен.
Алтын тұғыр үстінде
Назым отыр қонақтап,
Ақ тұйғындай еріккен.
Қара мен төре таласып,
Порымына қарасып,
Алдынан өтті көріктен.
10
Әдеби KZ
Қыз Назымның майданы
Әр таптың болды базары.
Түседі көпке сәулесі,
Қағаздай кірсіз ажары,
Осынша жұрттың артынан
Аумады жанға назары.
Жердің жүзін шандатты
Жиылған қоршап адамы.
Жақсы мен жайсаң, бектердің,
Таусылды ақыл - амалы.
Бәрі де өтті шұбырып,
Қалмады жақсы - жаманы.
Теңіздің бойы ноғайлы,
Ел екен өскен жағалы,
Жарлыны байға теңгерді,
Көңіліне халықтың жел берді.
Қыз Назымның заманы.
Сұрады сұлу сез ашып,
11
Әдеби KZ
Ауызынан дүр шашып:
«Бар ма екен, — деп далада
Жігіттің келмей қалғаны».
Сүюден үзді күдерін
Дәмелі болып тұрған кеп,
Қайтпақшы болды үйіне.
Бәрі де бірдей өкпелеп
Он екі баулы өзбекте
Әзімбай еді қара көк.
Арылмаған уызы,
Сабада пісер қымызы,
Арғы атасы асыл тек,
Осыншаның біреуін
Тал бойына көрмеді еп.
Қапаланып Наым тұр
Қабағын түйіп қайғы жеп
Біреу айтып білдірді
Мерекеге келмеген
12
Әдеби KZ
Алмабайдың баласы
Қара қасқа атты Қамбар бек,
Ерлікті елден асырған
Айыбы, жалғыз кедей деп.
Жауап берді қыз Назым
Жиылып тұрған кісіге,
Қарамады назар сап
Еш пенденің түсіне
Қалағаны келмесе
Басқаменен ісі не?
Қатты батты қапалық
Үлкен менен кішіге,
Жұрт әуес болған сұлудың
Көңілі ауды сыртынан
Ер Қамбардың күшіне.
Алты ағасын, әкесін
Ақылменен Назым биледі.
Қайтарды бәрін адамның
13
Әдеби KZ
Біреуін тандап тимеді,
Мұнарадан түсті де
Кек жорғаны жектіріп
Келтірді барқыт күймені,
Жақсы көріп жүр еді
Мақтауын естіп білгелі,
Қандай түрлі екенін
Кезімен көріп, білмеді,
Сұлу да қайтты үйіне
Ер Қамбар болып сүйгені.
Жігітінде Әзімбай
Жұрт иесі болған хан.
Қол қусырып сыйлады
Ғазиз тұтып барша жан,
Ол күнде перзенті жоқ еді
Дүние малын жиды сан
Жарлылық шығып көңілінен
Қызыққа мейірі қанады,
14
Әдеби KZ
Қасымда адам бар ма деп
Төңірекке қарады
Арбаға басқан пішендей
Тұлпарға артып барады
Жағалай қонған кедейдің
Ашылған әбден араны
Әзімбайдың баласы
Күніне қиын жарады
Алпыс үйлі аулының
Тоқсан үйлі тобырдың
Қабыл болды тобасы,
Қайнады майға қазаны.
Қара қасқа атқа жіберіп
Күніне көрді шабысты
Қамбардың бар деп тұлпары
Алашқа барды дабысы
Кедейсің деген кісіге
Қылмайды батыр намысты
15
Әдеби KZ
Астындағы бедеуі
Суытуы түскен соң
Ұшқан құспен жарысты
Құйындай шаңы бұрқырап
Атқан оқтай зырқырап
Қылады жақын алысты
Сүңгіген суға үйректей
Жасырынып қалды аз
Паналап биік қамысты.
Дабылын түйіп, сұңқар сап
Болмаған күні мыңын ап
Келдегі құсты тауысты.
Жұртының көңілі тынады
Екпіні қатты дауылдап
Ерлігін әбден сынады
Ағайыны қуанып
Аллаға шүкір қылады
Айырылып, жыртылып
16
Әдеби KZ
Киік пен жатқан құланы
Ат бетіне қарамай
Ақ бөкендей жосытып
Айғайын салып қуады.
Ашуменен аямай
Тұлпарға қамшы ұрады
Найзамен өзі шабақтап,
Тазысы жетіп тамақтап
Қасап сойған ешкідей
Қан сасытып қырады,
Түс қайтып бесін болғанда
Артына мойын бұрады
Қара қасқа атты қаңтарып
Мандайын сүртіп дем алып
Шылымын шегіп тұрады.
Серкедей басып тақымға
Семізін тандап жинады
Арығын тандап алмады
17
Әдеби KZ
Оның бәрін артқанмен
Бір атқа кайтып сияды
Алпыс үйлі арықтың
Тоқсан үйлі тобырдың
Ашыққанын тойғызды.
Батыр туған Қамбардың
Тимеді жұртқа зияны,
Шекесінде Қамбардың
Бар ма екен алтын тұлымы
Сұрап алған құдайдан
Әзімбай ханның құлыны
Ешкімге аза бермеді
Қыздан да зият қылығы
Ау қылып шығып жүр еді.
Үйінде болмай тынымы
Далада жатқан жайылып
Бұрынғы киік құрыды.
Ордалы құлан обығып
18
Әдеби KZ
Бір бәлеге жолығып
Жануарлар жабығып
Көбейіп кетті шығыны
Тағы да қоймай аулады
Таудағы киік, бұғыны
Қарсағы бар қасында
Тазысының алғаны
Түлкінің, арлан қызылы
Кұлақтары салынып,
Жаратқанға жалынып
Бір жартасқа қамалып
Бөрілер қорқып ұлиды.
Қазақ емес сарт емес
Қамбардың түбі ноғайлы
Азусыз аңды тауысып
Қоймады қырып оңайды
Құлан менен киіктің
Далада жатқан бірі жоқ.
19
Әдеби KZ
Бұрынғы қызық бұл ма еді
Тұлпарын көлден суарып
Аралап жүріп келеді
Ағашы қалың тоғайды.
Етпетінен жығылып
Ішіне шаттың тығылып
Тұмсығынан қан атқан
Көреді өлген торайды.
Хадиса деп бұл қандай,
Төңірекке қараса
Құйрығын қысып бұтына
Жолбарыс жатыр ыңыранып
Шабуға таппай орайды
Оттай көзі қызарып
Ыңыранған дауысы зор еді.
Қаһарға мініп ер Қамбар –
Қайтесің, - деп сен заңғар
Құдайдан медет сұрайды.
20
Әдеби KZ
Жолбарыстың жотасы
Жатқандай болды шөккен нар
Айбаты күшті айуанның
Қасына қайтып жақындар
Тарығып Қамбар сөйлейді
Жаратқанға қылып зар:
Алдымда ағам, артымда
Сүйеніп жүрген інім жоқ,
Айналуға жерім тар.
Ғайып Ерен, қырық шілтен
Қысылған күнім болғын жар.
Қызыл гүлін суалдырып
Сексенге шыққан әкемді
Шерменде қылма. ей, жаппар!
Басыма салып уайым
Жалғызды мендей қылма қор.
Осыдан жетсе ажалым
Қойылар қайда мазарым?
21
Әдеби KZ
Жеп кетеді-ау орынсыз
Тонайды ұшқан қарғалар.
Қамбар айтты Тұлпарға: —
Қанатты туған пырағым,
Аға-іні сен едің,
Тар жерде жолдас шырағым.
Мойныңды алтын таяқтай
Қамыстай екі құлағың;
Төрт аяғың қазықтай,
Төнкерген кесе тұяғын,
Сұлулығың сүмедей,
Жылқыға бітпес жануар
Сымбатың менен сияғың
Ажалым жетіп осыдан
Өліп кетсем орным жоқ
Әзіңе мәлім бұл жағым.
Қара қасқа ат, қалтырап
Осынша неге қорқасың?
22
Әдеби KZ
Сақ болып тұрмағың.
Қиын екен жалғыздық
Жабығып қатты жыладым.
Ажал жетпей жан шықпас
Тәуекелге бел байлап
Пешенемді сынадым.
Бұл сезді айтып ер
Қамбар Шіркінің барды қасына
Болғай деп асыл мұрадым.
Сол уақытта жолбарыс
Түгінің бәрін жатқызды.
Кередей ашып аузын
Ырылдап жаман ақырды.
Дауысы жерді көшірді
Нар маядай бақырды.
Бүркіттей жазып тырнағын
Тұлпарға барып асылды.
Қамбар да қайтпай ұмтылып
23
Әдеби KZ
Бар қайратын шақырды
Құйрығынан көтеріп
Айналдырып басынан
Лақтырып жіберіп,
Қырық қадам жерден асырды.
Құлаған жардай дүрс етіп
Ырылдауға әлі жоқ
Деміге түсіп басылды.
Тоқсан үйлі тобырдың
Қабыл болып тәубасы
Сақтады құдай батырды
— Осы ма? — деп қайратың
Тұмсыққа тарақ балтамен
Сондай мықты шеріні
Жалғыз ұрып батырды.
Қалыңның шықты ішінен
Ер Қамбар аузын жеп керіп,
Көкпардай қылып көтеріп
24
Әдеби KZ
Жөнеліп кетіп барады
Жолбарысын өңгеріп.
Құйрығын жерге шұбатып
Алдына мықтап басады
Төрт аяғын теңгеріп
Үлкендігі басының
Он екі қарыс қазандай
Мықтылығын шерінің
Тамаша қылды ел көріп
Суытып қойып жатқанша
Қара қасқа тұлпарын
Қаңтаруын жазды да
Байлады мейіз - жем беріп
Аяғына салғаны
Оқтығы таза күдер - ді,
Көрген жан қайран қалады
Тілегі күміс шідерді
Тебінгілік жүні жоқ
25
Әдеби KZ
— Терісі болып жарғақтай
Арықтап әбден жүдеді
Қабағы қардай жабылып
Ертелі-кеш сабылып
Тұяғы тасқа қағылып,
Шомылып терге жүреді
Жатқызып жалын атының
Құйрығын тарап сүзеді.
Алтыннан тағып құйысқан
Ер әбзелін түзеді
Құралайдың, терісі
Тай жақсысын киеді
Садаққа салған оқтай боп
Тұлпарға тола мінеді.
Қаршығасын көтеріп
Көліне нудың жөнеді.
Қырындап өтіп барады
Сұңқарын тұтып бетіне
26
Әдеби KZ
Түскен жолы Қамбардың
Шұбырған малдың ізі еді
Жағалай құлын байлаған
Теңіздің бойын жайлаған
Қыз Назымның аулына
Үстіне түсті көздері
Мұны көріп Қамбардың
Жоқшылық кірді есіне
«Қымызы бар деп ақ үйдің
Түсемін барып несіне».
Қырындап өтіп барады
Сұңқарын тұтып бетіне
Қара қасқа тұлпары
Жердің тарпып танабын
Алшаңдап басып асықпай
Ауылдың шықты шетіне.
Бұлттан шыққан айға ұқсап
Тұр еді Назым нұрланып
27
Әдеби KZ
Атлас көйлек үстінде
Кек арбаға сүйеніп
Шыбықтай белі бұралып
Сүйретіп алтын шашбауға
Ордаға барып кіреді
Боз жорға аттай ырғалып
Ah ұрғанда аузынан
Түтіні шығып сұлудың
Жүрегі кетті от жанып
«Қара атты Қамбар қарамай.
Не себептен кетті» деп.
Ашуы келді долданып
Ақша бетім қарайып
Қалды ма деп апырмай
Шар айнасын қолға алып
Сұңқардай көзі сүзіліп
Жыламай көңілі бұзылып
Айнаға көзін тұр салып
28
Әдеби KZ
Қараңғы тартып көңілі
Қыз Назымның ішіне
Қапалығы сыймады:
Шақырып жақын жеңгесін
Ордаға тегіс жинады,
«Түс қайтуға жеткізбей
Бір ұршықтай жібекті
Иіріп бер», — деп қинады
«Өкпелер, — деп, — шұнақ қар»
Назымның сөзін сыйлады
Шүйкесін созып шапшаңдап,
Бәрінің басы қақшаңдап,
Бұйырған ісін бітіріп
Айтқанын екі қылмады.
Отыз қатын ойнақтап
Өрмегін тездеп жүгірді.
Табаны жерге жарылып
Құландай салды дүбірді
29
Әдеби KZ
Жүргенде иін тіресіп
Тоқталып біраз кідірді
«Қалдыңдар, — деп, — кешігіп»
Кейіс қылып Назым бүлінді.
Іргеден қазып қазығын
Бір ұшы көлге ілінді
Қатындар қайтты үйіне
Разы бол деп хош енді:
«Баламыз жылап қарны ашып
Ұрамын десе байымыз
Айтамыз да жалынып
Алдық деп сенің тілінді».
Қыз Назым мінді өрмекке
Иісін жұпар аңқытып
Ашықтық түсті басына
Сүйегін жаман жасытып
Даярлап қойды шараға
Қасына қымыз тасытып
30
Әдеби KZ
Қайтқанда Қамбар ішсін деп
Арақ пенен шарапты
Сандыққа салып сақтады
Бөтелкеге ашытып
Теңізден шығып ер Қамбар
Қатарлап артып келеді
Қазбенен үйрек, тырнаны
Тұлпардың жүгін бітіріп
Толтырып үстін ырғады
Қаршығаның қыраны
Қанатты құсты қырғаны
Шылымын тұтып құмары
Артына мойын бұрмады
Көрінеді Назымның
Алдына өрмек құрғаны
Қамбар айтты езіне: —
Осыған көңілім бөлініп
Ұмытып кетсем жұртымды
31
Әдеби KZ
Құдайдың, - деді - ұрғаны
Мәлім болды батырға
Ақылман өнер іс етіп
Қыздырмақ үшін тұрғаны
Қысылған жерде шабады
Қара қасқа тұлпары
Байыпсыз оқтай қаңғытып
Қызықпен көлден су ішпей
Талады шаршап шаң жұтып
Тоқтамады кідіріп
Өте шықты қарғытып
Сөйлесе алмай Қамбарға
Тағы да қалды арманда
Отырған сұлу көз тұтып.
Ашуы келіп Назымның
Асау тайдай тулады
Қапаланып Қамбардан
Жүрегі қатты солады
32
Әдеби KZ
Қылышын алып қолына
«Адыра қал!» — деп, — сен өрмек»
Алты жерден турады
Жібекке кетті жаны ашып
Не болды деп шырағым
Жеңгелері шулады.
Қаны қашып бетінен
Реңі құмдай қурады
Тоқтай тұр деп ер жігіт
Өтіп кеткен Қамбарға
Шақырып қолын бұлғады.
Қара қасқа тұлпардың
Басын тартып кідіріп,
Не дейді деп бұл маған
Жауабын қыздың тыңдады
Сонда Назым сөйлейді: —
Қайрылмай қайда барасың,
Хан сүйікті Қамбар - ау
33
Әдеби KZ
Қабағы қатып шаршапты
Қара атыңның мойнында
Өкпе-бауыр, жал бар-ау
Арызыма менің, құлақ сал
Ақылың болса аңғар - ау
Ақтөсімнің үстінде
Қол тимеген мал бар-ау,
Шөлдесең сусын ішсеңші.
Біздің, үйге түссеңші,
Жатып тұрып кетуге
Күткендей бізде жай бар-ау.
Мойныңды бері бұрсаңшы
Құшақтасып екеуіміз
Көріселік тұрсайшы,
Артында үңгір жар бар-ау
Сонда Қамбар сөйлейді: —
Ағайыным тауысты
Қара аттан бөлек малымды
34
Әдеби KZ
Сыртым бүтін, іш түтін
Білмейді ешкім әлімді,
Жолдас қылды құдайым.
Кедейлік деген залымды.
Қой бағу қолдан келмейді,
Ат үстінен соғыс қып,
Жемесем тауып нанымды.
Екі аяғым салақтап,
Аш бөрідей жалақтап,
Қинады жоқтық жанымды.
Ұядан жалғыз баламын,
Құс етін беріп бағамын,
Үйдегі екі кәрімді.
Оған да назар саламын,
Қабатыма аламын,
Алпыс үйлі арықты.
Сеніменен ойнасам,
Айналар ісім қиынға,
35
Әдеби KZ
Айыпқа мені бұйырма,
Айтамын Назым зарымды.
Назым айтты Қамбарға:
Бүгінше бізге мейман бол!
Әрқашан өтіп жүресің
Ауылдың үсті ұлы жол
Қатарлап салып төсекті
Қасыңа жақын жатайын
Таң атқанша ұстап қол
Алпыс үйлі арықты
Асықпасаң барарсың
Кіріптар емес бізден ол
Мың қойлы байдың баласын
Ізіңе басқан алмаймын
Бекзатым менің пейілім сол.
Ер Қамбар сонда сөйлейді:
Үйіріне болмас деп Назым
Қатарыңа қарасам
36
Әдеби KZ
Мен емес тандап тиерің
Іздегенін асылық...
Ыңырсытып байлаған
Көшкенде топтап айдаған
Мастығы шығар биенің
Байларды шалқар көл қылған
Кедейді құла шөл қылған
Жарлығы күшті иенің
Ит жүгіртіп, құс салды
Сырқырап жаман сүйегім
Әз теңімнің ішінде
Айтулы ердің бірі едім,
Жолбарыс қандай азулы аң,
Тар тоғайда жолығып,
Оған да табан тіредім.
Қайратпен жеңіп өлтіріп,
Шахы ерлерді келтіріп
Алладан медет тіледім,
37
Әдеби KZ
Жоқта болса жомарттың,
Ісін тұтып жүр едім,
Қол ұстасып қыз Назым.
Уағда қылсам сенімен
Бір жаман келіп малы көп
Алып кетсе айырылып
Абыройым ашылар
Қайғыменен басылар
Ат басындай жүрегім.
Сонда Назым сөйлейді: —
Дүние боқтың аздығын
Қайратты - ай жігіт елей ме?
Сақа қылған бар ма екен
Қорғасын құйып кенейге?
Жаны бар кісі қонаққа
Қыз шақырса келмей ме?
Басыма салып уайым
Жалындырған құдайым,
38
Достарыңызбен бөлісу: |