Поэмалар біржан сал. ҚОянды жәрмеңкесі (поэма)



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата24.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#10111
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

тастайтын сияқты көрінеді, бірақ қабырғадағы жазуларға сенсек – 

адмиралдың  сүйегі  жерленген  собор  ішіндегі  мола  тастары 

арасынан қабірдің қолаңса салқын ылғалы есіп тұр. Осы бір мәйіт 

тасы дүниежүзілік дактилоскопиялық мәлімет жинайтын құралдың 

орнын әбден алмастыра алар еді – өйткені әрбір турист осы тасты 

бір  сипап  өту  парыз  деп  есептейді  демек,  мұнда  қолтаңбасын 

қалдырмайтын  адам  жоқ.  Жергілікті  қалта  қағар  алаяқ 

алыпсатарлар  топтан  сәл-пәл  жырылсаң  бітті  –  ғайыптан  тайып, 

елес  сияқты  жымын  білдірмей  жұғысып,  шетелдік  қонаққа 

айырбаспен  сыбыр  –  сауда  жасап,  басы  артық  базар  бағасымен 

бірдеңесін қолтығыңа тығып кетеді. Бұл собордың төрт бұрышында 

Колумбы  осы  дүниенің  төрт  құбыласында  өмір  сүргендей-ақ  бір-

бір  гид  доллар  мен  франктардың,  батысгерман  ақшалары 

сылдырының  сүйемелімен  оның  өмірінен  әрқилы  хикаяларды 


сарнатып  тұрды.  Бір  бұрыштан  айтылып  жатқан  хикаяда  оның 

керең адамдай қылымсыған Изабелла ханымға құлдық ұрып, өліп-

өшіп  өз  мақсатын  түсіндіріп  тұрғаны,  екіншісінде  оған  Жаңа 

Индиядан  дожына-дожына  алтын  мен  байлап-матап  құл  жіберіп 

жатып:  «Бұл  құлдар,  жолда  өлсе  де  бақытты  –  бұлардың  бәріне 

бірдей  мұндай  қасиетті  сапар  қайдан  бұйыра  берсін»  деп 

ақылдымсығаны,  үшіншісінде  –  үндістердің  қанына  малынған 

шынжыр бұғауды оның қолына өз аспазы салып еліне қайтарғаны 

туралы  хикая,  ал,  төртіншісінде  оның  есінен  танып,  ақылынан 

ауысып  не  айтып,  не  қойғанын  бір  біліп,  бір  білмейтін  сәтінде 

өзінің  ақыр-тақырына  жеткен  металл  туралы:  «Алтын  деген  –

қазынаның  қаспағы,  оған  ие  болған  адам  не  істеймін  десе  соны 

жасай  алады,  жаныңа  жұмақ,  басыңа  бақ  орнатады»  деп  бұзау 

терісіне  жазып  қалдырған  жалғыз  ауыз  өсиеті  туралы  сыр 

шертіледі. Басқа түгіл өз басын сұға алмаған бейбақ, кімнің жанын 

жұмаққа кіргізді екен, сірә? 

Мені таңқалдырған тағы бір дүние: бір де бір адмиралдың атын 

атамайды – тек альмиранте дейді. 

– 

Неге бұлай? – дедім мен доминикандық досыма. 



– 

Фуку!—  деді  ол  иығын  қиқаң  еткізіп.  Сол  сәт  күйік  иісі,  от 

қарпыған  бір  лек  теңіз  желі  шіркеу  ішіне  лап  ете  қалды  да, 

әлдекімнің қолынан әлгі жел ұшырған ақша:  

– 

Фуку!  Фуку!  Фуку!,—  деп  Колумбының  табытының  үстіне 



сыбдыр  қағып  әр  тілде  дыбыс  шығарып,  әлденені  үшкіргендей 

жерге түспей қалықтап тұрып алды. 

 

Желкенін керіп кеменің,  



қайыққа теңіз желегін  

жамылғы жасап, 

                         

жүзіп кеп  



андыдық аңыс біз ептеп; 

тап болған манго шырынға  

мұрттарын малып, 

шынында  

құдайлар екен – аз күндік 

кездескен аштық – ығырға.  

Қарадық бейқұт... аң-таңбыз – 

бейкүнә аралдықтармыз!  

Шетінен құдай және ақ-ты,  

аузына бізді қаратты.  

Қаптауы шошқа терісі – 

Тауратын бізге таратты. 

Зауал ғой құдай жасқаған  

(түскен жерге ауыр — тас жаман.)  

Жауыздық көрдің қай елде,  

шермиген іші әйелді  

шетінен жарып тастаған...  

Жауырынға темір шыжғырып,  

басқандай тайға таңбаны,  

өкшемізді отпен қыздырып,  

өзекке теуіп қорлады.  

Зынданға жылан ініндей  

тастады бізді лақтырып,  

ағаштың керді діңіне 

дірдек те дірдек қақтырып.  

Бейшара әйел, баламыз  

Жасамаса да жат қылық,  

сыйлады сөз бен мерезін  

Созылып содан жатты іріп...  

Біздер сол – аралдықтармыз,  



Зауалды заманға алаңбыз – 

Колумбы доңғалағымен  

табанға домалағанбыз.  

Шараппен бізді алдады,  

шыбыртқыменен айдады,  

илеуде жатқан үйіліп  

құмырсқа ғой деп ойлады.  

Креске бізді табынтып,  

жабайы атақ жамылтып,  

еркіндікті алды бастағы,  

Сарсаңға салып, сабылтып. 

Кім бізді жауыз санаған,  

кім екен жау деп таныған.  

Цивилизация емес пе –  

тақсіреті асқан тағыдан.  

Қанағат болмай көзіңе, 

туған жеріңнен безіне,  

Колумбы, айтшы, 

                           

келдің бе,  

көр қазу үшін өзіңе. 

Байлығымызға ен салып,  

гуайявамызға тамсанып,  

ашуға бізді жар салып,  

қақың бар еді қаншалық?  

Қиянат жүктеп мойнына,  

Европа құлға тойды ма,  

қорланған біздің аралға  

қор болған қорын қаралар  

құлақкесті құл – 

                           

толғанда,  



Жылады жесір Африка.  

Жылайтын солай, 

                            

күйеуін  

Қойнынан суырып алғанда.  

Сарт та сұрт үзіп кісенді 

ызадан құлдар күшенді –  

қайыққа қарғып жалаңаш. 

Қыл арқандарын шиырып,  

қылша мойынға бұйырып –  

қасында тұрды дар ағаш.  

Адамды аулау сәтінде,  

азаптап, қорлау сәтінде,  

туыпты «Фуку» деген сөз,  

африкан сөзі – нәтінде.  

Сөз емес – Фуку – қате естір,  

Сөз емес – Фуку – бата естір,  

Әдет сөз – 

                

зауал зұлматты  

атамайтұғын, аты өшкір!  

Қайталап қалсаң – бұл сөзді,  

Жаңғырар зауал індеті – 

бұл сөздің сондай міндеті. 

Алғандай өшін темірден  

темірді фуку кемірген, 

генуэздік бір сарбаздың  

белінде шіріп, бөлінген  

семсерге фуку ілінді –  

сүйектен темір сылынды.  

Кез келген доминикандық,  

дінбасы, 



              

жүрген ел қаңғып 

қайыршы әлде етікші,  

маскүнем жүрген жолды аңдып – 

бәрі де ырымды елейді,  

(тұрады фуку көмейде.)  

«Кристобаль Колон» қолдар-ау, 

«Колумбы» жебер демейді.  

Креол әйел балаларды  

қорқытпай қасқыр – бөрімен,  

қарғамас үшін құдайды 

сыбырлайды тек жөнімен:  

«Жылама, ойбай, жыласаң – 

альмиранте келеді – 

сазайларыңды береді».  

«Альмиранте» – испанша адмирал шенді дегені. 

 

Күлкісі көмеш, май далап,  



музейлік гидтер тайғанақ,  

«Колумбыны» алмай ауызға  

айтатын сөздің тігісін  

өзгеше бірақ жаймалап:  

«Альмиранте сүйегі  

жатыр, – деп, – мұнда, – жәй ғана  

таныстырады жаншылып  

қоймайды ешкім, 

                              

ойлана. 


Қанішер дүние сұмдары – 

ескерткіш болып тұрғаны 

белгілі, тіпті, жындыға. 

Халықтық сана – қатты қу, 



қулығы – тегіс соларды 

санадан сілкіп лақтыру. 

Мойнында қаны барларды 

Фукумен сипап жоқ қылу! 

Атағы асқан сүйектер, 

даңғаза дақпырт көп кешіп 

күрсінген кедей-кепшіктің 

ұйқысын бөліп қақпа, есік! 

Нанбасаң сұра олардан 

көсемің кәне, «кім, кім?» деп. 

Береді жауап сендерге: 

«Аттарың өшсін – фуку, фуку, фуку!» деп. 

 

Біздер – сол аралдықтармыз, 



көргенбіз, бәрін ұққанбыз, 

Құдай мен Таурат қойнында  

адамның қаны мойнында 

 

(аяқтың асты ар құны)  



христиан аз ба дін бұзған,  

кетер ме қанға кек қатқан,  

құдайшылығын тоқтатқан  

аты өшсін — фуку! жалғанда,  

табынуға емес, алдауға,  

алдауға таққан кресті  

құдайсыздардың барлығы! 

Испандықтардың  айтуы  бойынша,  адмиралдардың  мәйіті 

қойылатын Севильдегі кафедралдық собордың сүмбісіне байланған 

үлкен  ауа  шарындағы:  «Демократияның  Колумбысы  — 

генералиссимо  Франко  жасасын!»  деген  жазу  алқызыл 

бояуларымен алабұртып көрінеді. 



Севильдегі  1966  жылғы  фиеста  салтанатын  ашуға  келген 

генералиссимоны  қарсы  алуға  жиналған  қарақұрым  қаптаған 

тобырдың төбесінде: «Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні— 

1  Май  жасасын!»,  «Испандықтардың  кіндік  қаны  тамған  жері 

Гибралтардан,  британ  империалистері,  тарт  қолыңды!»  деген 

сияқты  ұрандар  андыздап  айбын  көтергенде,  мені  есімнен 

тандырып,  мен  күткен  үкіметке  қарсы  демонстрацияның  дымын 

шығармай, өңін басқа жаққа айналдып жіберді. 

Генералиссимо  халыққа  қарсы  тәртіптің  қаһарын  халықтық 

ұрандармен  сылап-сипап,  жатқызып  жіберудің  небір  әдістерін 

білетін нағыз әккі жырындының өзі болатын. Қара халықтың атын 

жамылып  генералиссимоны  қарсы  алған  тобыр  –  құлай  берілген 

адалдығы  үшін  басынан  сипай-сипай  маңдай  шашы  түсіп  қалған 

мемлекет  қызметкерлері,  талай  жылдан  бері  генералиссимо 

бәріміздің  ортақ  әкеміз  деген  уағызға  ылығып,  ниеттерінің 

түзулігіне  көз  жетіп  тексерілгеннен  кейін  қарапайым  халық  деп 

ұлттық  банкіден  қарыз  алып,  алдаудың  шылауында  жүрген 

дүкеншілер  мен  жалдамалы  сауда-саттық  жасайтындар,  ал  ең 

соңғылары  көтерме  айқайдан  тамақтарына  сүйел  пайда  болған 

штаттағы  шегендеулі  кәсіби  тыңшы-тіміскілеушілер  еді.  Көшенің 

көне тастарына тағалы тұяқтары бірқалыпты тиіп, баппен баяу қоз-

ғалып  бара  жатқан  салт  аттылар  тобында  –  ақсүйектерге  атқа 

мінуге  лайықталып  тігілген  амазонка  көйлектері  –  желбіреп,  қара 

шляпаларының 

үкі-қауырсындары 

оқа-зермен 

жалтылдай 

ырғатылып  –  ұлттық  киімге  малынған  король  семьясы  кетіп 

барады. 

Олардың  соңында  оқ  өткізбейтін  шынымен  шымқалған  ашық 

«мерседес»,  сірә,  сағатына  бес  шақырымдық  ңана  жылдамдықпен 

баяу жылжып барады. Оған қарай оқ атылып, ішінде жанғыш майы 

бар жарылатын шөлмектер лақтырылудың орнына шоқ-шоқ сирень 


мен  орхидей,  қалампыр  мен  райхан  гүлдері  көміледі.  «Мер-

седестегі»  бойы  машинаның  маңдай  терезесінен  аспайтын,  үсті-

басын  гүл  жапырақшалары  жауып  кеткен,  бет-әлпетіндегі 

жайбарақат  рай  саудасы  жүріп  берген  жергілікті  дүкеншінің 

қалпын 

танытатын 



тығыршықтай 

ғана 


адамсымақ 

айналасындағыларға  әкелік  қамқор  қабақ  көрсеткенсіп  быртиған 

боржық  саусақты,  қамшы  сап  қысқа  қолын  көтереді.  Оң  қолы 

шаршаса  сол  қолын,  сол  қолы  шаршаса  оң  қолын  бұлғап  бәйек 

болады.  Бет-әлпетінен  халықты  әжуа  етіп  тұрмын-ау  деген 

әбігерленушіліктің  мысқалдай  мазасыздығы  байқалмайды, 

сондықтан да тұла бойымнан мемлекеттік мейірбандық, иман есіп 

тұр  деп  рақаттанатын  тәрізді.  «Халықтың  әкесін»  көзі  шалып 

қалсын деп  кейбір әке-шешелер балаларын мойындарына көтеріп, 

алаөкпе  боп  алқынады.  Көптеген  адамдардың  азаматтық  айызы 

қанып,  көздеріне  еріксіз  жас  көлкілдеді.  Полиция  шебінің  арасын 

бұзып-жарып  әрең  өтіп  автомобиль  қорғаушысының  баттасып 

қалған ізіне жетіп құлаған жас шамасы неғайбыл бір сеньора (әйел) 

балгер-бақсыдай  өзінен-өзі  бірдеңе-бірдеңе  деп  күбірледі.  Түрме 

мен  цензураның  ауызкергіштерін  езулеріне  байлап  қойған  бүкіл 

ойлана  білетін  испандықтардың  пікірінше  –  Лорканы  өлтірген 

қанішер, жас испан республикасының түбіне жеткен жендет, бүкіл 

елді өтірігімен ермегіне түсіріп, басын шырмап алған барып тұрған 

айлакер, саяжайлар мен жағажайларды, музейлер мен пейзаждарды 

сатып,  корридалар  мен  кастаньетталардың  қызығын  кешіп, 

қолжаулық донкихоттарды табанына таптап жүрген генералиссимо 

Франконы  қарсы  алғанына  құдайдың  қолын  ұстағандай  болған 

мына тобыр: 

– 

Вива  генералиссимо!  Жасасын  генералиссимо!—  деп 



жанұшыра,  тамақ  жырта  айқайлап,  ит-әлекке  түскені  бар.  Бірақ 

мына тобырдың ойынша — екі ағайын елдің бірін-бірі бауыздаған 



қанды  қасап  азамат  соғысын  тоқтатқан  сол  көрінеді,  тіпті  оның 

құрбандарына  арнап  екі  жаққа  да  ортақ  бәтуа  монументін 

қойғызған  тағы  сол  көрінеді.  Осы  тобырдың  ойынша  –  екінші 

дүниежүзілік  соғыс  кезінде  Россиядан  «Жасыл  дивизион»  деген 

жартыкеш  жарнақпен  құтылып,  Испанияны  апаттан  аман  алып 

қалған сол көрінеді. «Тіпті испан жағынан болса да – пиренейліктер 

өз жерінен әскер өткенді суқаны сүймейді»,— деген сөзді адмирал 

Канариске сол айтыпты деседі. 

Осы  тобырдың  ойынша  –  ол  елге  жалаңаш  жәләптыққа,  қысқа 

юбкаларға, күю мен сүюдің өліп-өшуінен тұратын фильмдерге, ар 

мен ұяттан бездіретін шығармаларға шекара шек қойған, бір сөзбен 

айтқанда,  батыстың  бейбастақ  әсерінен  аман  сақтап  қалған,  соған 

қарсы  күрескендерді  желеп-жебеп  отырған  –  елдің  қайырымды 

қожасы  көрінеді.  Испанияның  информация  және  туризм 

министрінің  менің  Мадридте  өлең  оқуымды  сұраған  қағазына 

Франко  байқап-байырқалап  барып,  мектеп  баласының  дөңгелек 

қолтаңбасымен  «Ойлану  керек»  деп  белгі  соққан  еді.  Ол  белгінің 

жоғары  жағында  ішкі  істер  министрінің  «Менің  өлігімді  аттап 

өтпесе – рұқсат жоқ» деген бұрыштамасы тұрған болатын. Әрине, 

менімен  кездесу  өткен  жоқ,  бірақ  генералиссимо  бұған  ешқандай 

кінәсы жоқ адам сияқты қалды.  

– 

Виво  генералиссимо!  Жасасын  генералиссимо!—  деп 



өңештерін  жыртып  өзеурей  айқайлаған  тобырдың  дауысы 

Севильдің  кафедралдық  соборының  қабырғасын  қақыратып 

жіберердей  еді.  Егер  осы  собордың  ішінде  жатқаны  рас  болса, 

Колумбының да сүйегі шайқалған шығар-ау... 

 

Өлгеннен соң адмиралдың қаңқасын  



шашты теңіз – 

                   

шықты жаңқа-жаңқасы  


алды ашуын, 

                     

шашы жидіп,  

сүйегі қаңғып кетті,  

болып теңіз малтасы.  

Королева әмірімен жасырын  

каравелла мәйіттерді тасыды.  

Ал бір күні – 

                     

түн ішінде бір өлік,  

табытының қақпақтарын шіреніп,  

үңірейген тесігінен сығалап  

көзі көрмей, 

                    

кеңістікке тіреліп  

шірік етік, 

               

омырылып өкшесі  

тірей алмай, тірей алмай түнеріп,  

Сыйып кеткен қауызынан тарының  

шықпақ болды тіршілікке тіленіп  

Саусақтары саудыраған қалтылдай, 

жұлдыздарды уыстамақ алтындай 

табытына қалды қолы қысылып,  

Көзден елес ұшып кетті, ұшынып...  

Қаңқа баста жаңқадай да жоқ белгі.  

Үкілеген даңқы да ұшып кеткен-ді.  

«Мен Колумбы, Колумбымын!» – 

                                                      

бас сүйек  

емексіді еске алмақ боп өткенді.  

Теңіз сонда тыпыршыды теңбіл көк,  

теңіз желі ыңырсыды гу-гулеп, 

 

толқын тулап, 



                       

желі шулап жіберді:  



Атың өшсін – 

                  

«Фуку!», «Фуку!», «Фуку!» деп, 

өтірігін өзі қалай сезбесін,  

Жалғандығын – ашқан, тапқан кезде осы.  

Таз кепесін қайта киді амалсыз  

Индияның жалған жиһанкезбесі.  

Сүйектері әр аралды жағалап –  

сүйегіне басты өзінің қара дақ.  

Жұрт айтады Санто-Домингода 

                                                  

оның 


Мәйітінің жатқандығы деп ағат. 

Өйтуі де мүмкін оның бүйтуі.  

Күдік рас, 

                

жоқ ешқандай сиқыры.  

Мен ойлаймын 

                        

бұл табытта шіріген  

Трухильоның

8

 



шығар деп өз қиқымы.  

Ал біреулер деген оймен «бұлдайық», 

Севильде деп сыпсыңдайды бұл мәйіт.  

Жиһанкездің табыты десе туристер  

Сипайды кеп – 

                     

келсе болды ыңғайы.  

Бас қаңқасы кетті бірде қызығып 

шап беріпті – 

                   

бір білекке бұзылып,  

үндістердің көсемінің қызының  

жүзігіндей, алтын екен жүзігі.  

Ал біреулер... 

                   

Гаванада деп олар,  

                                           

8

 



Трухильо – Доминикан республкасының диктаторы (1930 – 1938 және 1942 – 1952 жылдар) 

бұл сүйектің жатқан жерін шамалар,  

қаңқа – сүйек қыжылынан іштегі 

шақыр-шұқыр шықырлайды тістері – 

тірі болса табар еді-ау бірдеңе  

бағындырар, 

                        

табындырар, табалар.  

Адмиралдың үш табыты үш аралда жүрсе егер,  

үш қаңқасы бар дегенге кім сенер?  

Таққа құмар, даңқ құмар ындыны  

тәнін үшке тәрк етті ме тілшелеп? 

Даңқ құны болса егерде қанқұйлы, 

даңқың шықпас – 

                   

қанша құдірет бол, мейлі.  

Сондай даңқ адмиралдың сүйегін  

көрде өкіртіп бір тыныштық бермейді. 

Алдымен  испан  конкистадорлары  (жаулаушылары)  үндістерді 

«жынды сумен» суарып келеке-қызығына батса, кейіннен үндістер 

сынған  шөлмектерді  үскідей  үшкірлеп,  жебенің  ұшына  қадап, 

өздерін ататын оқ етіп пайдаланған. 

Статуялар, 

                  

ұшырған көкке күліңді  

(кім берер сенің, кім төлер сенің құныңды.)  

Қалдықтарыңның астына таптап көмер ем,  

конкистадорды қанқұйлы, ескі жырынды,  

қолымнан келсе – жоқ қылар едім санадан  

басқыншы деген қанішер жаңа ұғымды. 

Кемеге тиеп саудыр да саудыр бұғауды  

неге әкелдіңдер, тып-тыныш жерге ылаңды.  

Картадағы аппақ алаңқайларды қан етіп, 

батырлық жасап, баса алдыңдар ма құмарды? 


Адмирал жазған күнәға белден шатылып,  

өлер алдында аласұрыпты аһ ұрып.  

Үндіс сардары Каонабоның қандарын 

алапес қолдан қырмақ болыпты қапылып. 

Ойлаймын дүние, 

                         

қарға тамырлы қан ба деп,  

араласпаған, аралас қансыз бар ма деп.  

Үндістің қаны Колумбы жұтқан, күнәсіз  

«немересінің сүйегінде жүр таңба боп. 

Зәу-затым менің «Санта-Мариям» –  

балық бөшке – аш өзегім таныған.  

Қылмысым бар қысылатын қаншалық,  

не күнәм бар жарылмайтын ағынан? 

 

Крест таққан мен «құдайдың» құлына 



қиянат қып айдамадым, концлагерь сымына,  

Зар еңіреп, қан жылайды жүрегім 

адамзаттың төккен қаны-құнына. 

 

Азаптаудың тамұқ оты енді аңыз, 



(енді аңыз деп әсте алаңсыз болмаңыз.)  

Қылша мойны талша боп тұр күллі әлем  

қолдан келсе ал кәнеки, қорғаңыз, 

күллі әлемдік қорқыныштың, 

                                                

жұқпалы 


Жыбырлаған жәндігі боп қалмаңыз. 

Орта ғасыр ойрандары ол дағы –  

(аюға ұқсап қорбаң-қорбаң қалмады.)  

Біреулердің көтергенсіп шашбауын  

«аңға шығып» аңдып жұртын басқаның,  


басқыншы әдет бас көтерді қандағы. 

 

Барлық елдің жарақатын, жарасын  



қабылдамай, қалай ақын боласың?  

Ғасырмен тең – ақын біздің ғасырда 

сол ғасырдың беретұғын шамасын. 

Құлыптасы – ақын күллі құрлықтың  

ескерткіші болсын мейлі, болмасын,  

Ұмыттырмас ешбір адам баласын. 

 

Алаңғасар ашкөзденіп тойымсыз,  



мақтанса егер, мастанса егер уайымсыз, 

аштарменен ойланбаса аш болып,  

Ондай ақын –  

                       

өз халқына қайырсыз. 

 

Біледі ақын қай заманнан бастасаң,  



(сол соғыстан тиді маңдай тасқа сан.)  

Қанау-тонау, езіп-жаншу құрымай  

Соғыстың да аты өшпейді ешқашан. 

 

Төтеп берген орта ғасыр отына  



(артық шеннің қажеті жоқ атына). 

Әлемдегі езілгендер – елшісі  

сенеді ақын, соңындағы хатына.  

Қарғау керек қанмен даңқы шыққанды,  

қоспау керек даңқтылар сапына. 

Команданте  Че  қызық  көргеннен  немесе  қажетсінгеннен 

қойылғанын  байқау  үшін  менің  өз  сұрағымды  өзіме  қойып  алып, 

мені көзінің астымен бір сүзіп өтті. 



Менде өзім үшін емес, ол үшін түрлі үрей пайда болды – көзімді 

тайдырып  әкеттім.  Блоктың  суреттегеніндей  ол  –  «өлімге  бас 

тіккендердің өзінен» еді. 

Команданте  Сьерра  –  Маэстраның  батпағы  әлі  кете  қоймаған 

өкшесі  зілдей  солдат  ботинкасын  сарт  еткізіп  қалт  бұрылды  да, 

терезенің  алдына  келді.  Гавана  түнінің  бір  бөлігін  қанатымен  дір 

еткізіп  қағып  жібергендей  үлкен  қара  көбелек  оның  сарғыш  көк 

көйлегіндегі  погонының  астына  қыстырған  телпегінің  (бас 

киімінің)  маңдайындағы  жарқыраған  жұлдызшаға  келіп  қонбасы 

бар ма? 


– 

Менің  әуелде  дәрігер  болғым  келіп  еді,  бірақ  бір  ғана 

медицинамен  адамзатты  азаптан  құтқару  қиын  екен...— 

Команданте бұл сөзді теріс қарап тұрып жәйімен айтты. 

Содан  кейін  ол  тағы  да  кілт  бұрылды,  көздеріндегі  өңменіңнен 

өтетін  өкпек  желдей  өткір  ызғардан  мен  бұл  жолы  да  тайқып 

кеттім.  Көзінің  айналасындағы  түн  қатып,  түс  қашқаннан  түскен 

әжімдер тұтасып, қабағы қалыңдап кеткендей сыңай танытады. 

– 

Сіз  велосипедпен  қыдырасыз  ба?—  деді  ол  маған.  Мен  оның 



жүзінде әзіл үйіріліп тұрған  шығар деп назар аударып едім – оның 

құп-қу өңінде күлкінің нышаны да жоқ екен. 

Пианистің  саусақтарындай  жіңішке  саусақтарымен  кофе 

шыныаяғын еппен ұстап, орындыққа отырып жатып: 

 

Кейде революционер болуға велисопедтің көмек-тесетіні бар,— 



деді.  –  Бала  кезімде  мен  велисопедпен  әлемді  аралап  шыққым 

келетін.  Бірде  мен  велисопедіммен  Майамиге  ұшқалы  тұрған 

керіскедей  жүк  самолетіне  кіріп  кеткенім  бар.  Самолет  бәйгеге 

қосатын  аттарды  алып  бара  жатыр  екен.  Ал  мен  кіріп  алған  соң 

велисопедімді  қабырғаға  сүйедім  де,  өзім  көзтаса  қаға  беріске 

тығылып  жатып  алдым.  Ұшып  келгеннен  кейін  ат  иелері  бұрқан-

талқан  болды.  Жылқы  жануар  кінәмшыл  емес  пе,  менің 


көлденеңнен қосарлануым аттарды әлденеге алаңдатып кете ме деп 

олардың  имандары  ұшыпты.  Ызадан  жарыла  жаздап,  олар  мені 

самолеттің ішіне қамап тастады, ал самолеттің іші ыстықтан күйіп 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет