Поэмаларының саны үшеу. Олар «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі»



бет4/4
Дата06.06.2023
өлшемі28,8 Kb.
#99155
түріПоэма
1   2   3   4
Қорытынды
Қорыта келгенде, Абай өзінің «Ескендір» поэмасындағы Ескендір бейнесі арқылы, тарихта болған басқыншы Александр Македонскийдің (Шығыста Ескендір) тарихи-реалистік бейнесін сомдаған.
Бұлай болмаса, поэма Абайдың тіпті ерте кездерде өзінің ақындық күшін алғашқы тәжірибе ретінде, әр тақырыпты байқастап жүрген кезінде туған, алғашқы черновик есепті бір вариант болуға керек. Қалай да "Әзім" поэмасы, ең әуелі, бітпеген шығарма болғандықтан, екінші, көркемдік, шеберлік жағынан көңілдегідей қалыптанған дастан болмағандықтан, бұл поэма жөніндегі түсінік сөздерді осы, жогарыдағы айтылған жайлармен аяқтаймыз.
Әлем әдебиетіндегі Александр Македонскийдің бейнесін көп зерттеген ғалым Е.Э.Бертельс Абайдың «Ескендір» поэмасын білмеген. Егер ол Абайдың «Ескендір» поэмасымен таныс болған болса, Абайдың «Ескендір» поэмасы, тарихта болған, дүние жүзін жаулап алғысы келген басқыншы Ескендірдің бар болмысын ашып көрсететін көркемдік шешімі аса жоғары, тарихи-реалистік шығарма екендігін мойындаған болар еді,- деп ойлаймыз.
Өз поэмасында тарихи-реализм тұрғысындағы тарихта болған, тарихи Ескендірдің бейнесін сомдап, адамгершілік пен әділетті жырлаған Абай, «Ескендір» тақырыбын жырлауда, шығыс классиктерінен сонағұрлым биікте тұр. Себебі, Абайдың «Ескендір» поэмасы – парасатты адамгершілік пен әділетті жырлаған тарихи-реалистік шығарма. Бұл – ақиқат дүние! Сондықтан да «Ескендір» поэмасын, Абайдың дүниежүзілік «Александрия» тақырыбына қосқан өзіндік зор үлесі деп қарауымыз керек.  

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Абай (Ибраһим Құнанбаев). Өлең - сөздің патшасы. - Алматы: Дәуір, 2006.- 566 б.
2. Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы: Өлеңдер мен аудармалар.- Алматы: Жазушы, 2002. - 296 б.
3. Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер. - Алматы: Жібек жолы, 2005.- 488 б.
4. Абай. Қара сөз = Книга слов. - Семей: МКА, 2007.- 368 б.
5. Абай. Қалың елім қазағым.- Алматы: Атамұра, 2002.- 224 б.
6. Абай. Нақыл сөздер. - Алматы: Көшпенділер, 2007.- 160 б.
7.Е.Э.Бертельс. Роман об Александре и его главные версии на Востоке. М.Л. 1948, 378 стр.
8.М.О.Әуезов. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Монография. Алматы, «Жазушы» - 1985ж. 496 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет