Поэмасы. «Абай қазақ әлемінің терезесі»


Біржан. Иә, рас мынау өзі бұлақ қой! Бұл да бізге Алла берген сынақ қой! Бекзат



бет5/10
Дата28.12.2022
өлшемі32,83 Kb.
#60009
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Абай даналығы[1]

Біржан.
Иә, рас мынау өзі бұлақ қой!
Бұл да бізге Алла берген сынақ қой!
Бекзат .
Ал ертерек біздер сонда жетелік
Сол бұлақтан су ішейік, көтеріп!
(Ескендір әскерлерімен асыға жүріп бұлақ басына келеді, барлығы суды қанып ішіп, жан шақырады)

Мына судың дәмі қандай керемет!


Бізге осы зәмзәм суы керек ед!


Ескендір.
Ғайыптан пайда болған бұл неткен су,
Бәрің ішіп, бұл суға бетіңді жу!
Бір бай елден осы су шыққан шығар
Өрлеп барып, үстіне тігейік ту!

Аралаңдар, мына таудың шатқалын,


Ал, қанекей, тегіс бәрің атқа мін!
Зәмзәм суы мына менің меншігімде болады
Тез табыңдар мына судың бастауын!
(Сарбаздар судың бастауын іздеуге кетеді)


Автор
Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей,
Шаһарына жеткенше дамыл көрмей.
Көкпеңбек темір киген өңкей батыр
Тарттырып жөнеледі сырнай-керней.

Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,


Судың басы бір құзар шатқа кірді.
Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,
Қақпасы бекітулі, көзі көрді.

Қақпаны ашайын деп бәрі ұмтылды,


Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.
Аша алмады қақпаны, үміт үзді,
Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды.

Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,


Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой?
Дел-сал болып бәрі де қайта шықты,
Алысып әл келмесін байқаған ғой.


3-көрініс. ( Сахнада үлкен қақпаның макеті, маңдайшасында «Тәңірге бастайтын жол» деп жазылған. Ескендірдің әскері қақпаны аша алмай қайтып келеді.)
Бекзат.
Бастау табу, мына бізге басты арман
Ал сол бастау, құзар шыңнан басталған!
Қорғанменен жабылыпты бастауы
Аша алмадық, алтындалған қақпаны!
Ескендір
Осыншама жер қайысқан қолменен
Қақпа ашу қиын іс пе сендерге?!
Қақпаны ашам, мына маған сеніңдер
Ал қанеки, бәрін маған еріңдер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет