Сарбаздар. (қосарлана сөйлейді)
— Иә, бұл қорлық қой!
-Лақтырайық далаға!
Бекзат . Әміршім!
Байқап тұрмын, сүйек емес, бұл тегін,
Белгілі ғой бұдан бірақ үркерің.
Аристотель ғұламаға барайық,
Сезіп тұрмын бізге бір жөн сілтерін.
Ескендір. (сенер-сенбес түрмен)
-Жарайды онда, жіберіңдер бір хабар
Ғұлама ғой, сырын тапса, сол табар.
Саят. Құп болады, әміршім
(сахна жабылады)
Мұғалім.А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанын тарихи шығарма десе болар екен. Дастанның басты кейіпкері Ескендір де, қазір ғана сахнада аты аталған Аристотель де тарихта болған адамдар.
Көрермендерге түсінікті болу үшін Аристотель туралы да айтып өтейік. Ол кім? Оны Ескендірмен не байланыстырады?
Аристотель сөзінің грекше мағынасы «Ұлы мақсат» дегенді білдіреді. Аты «Ұлы мақсат» дегенді білдіретін Аристотель Македонияға қарасты Халкида түбегінде Стагира қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Стагира қаласының орны бұл күндері Салоникиден 55 км қашықтықта жатыр. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған.
Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. 18 жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында шамамен жиырма жыл бойы – б.з.д. 347 жылы, Платон қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады.
Аристотельді Македония патшасы ІІ Филипп өзінің 13 жасар ұлы Ескендірге тәлімгер болуға шақырады. Бұл кезде ол тек Ескендірге ғана емес, басқа екі болашақ патшаға, яғни І Птолемей Сотерге және Кассандрға да сабақ берген. Ол Ескендірді «Гректерге жетекші болуға, варварларға қатал болуға, шаруаларға досы мен туысына көмектескендей көмектесуге, басқаруда әрі қатал, әрі жұмсақ болуға» үйретеді.
Плутархтың жазуынша, Аристотель Ескендірге этика,саясаттану және философия ілімдерін үйреткен. Аристотель өз қабілетінен пайдаланып Ескендірдің дүниетанымына үлкен әсер еткені анық. Дәл Аристотельдің әсерінде Ескендір ғылым-білімге құрмет етті. Ол мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөліп, қызметшілерді жұмылдырып, Аристотелдің көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізуіне септесті.
Дегенмен, Аристотель Ескендір құрған империяны да, Ескендірдің саяси көзқарасын да жақтамағаны кітаптарынан байқалады. Б.з.д. 335 жылы ол Афинаның Ликей деген жерінде өз мектебін ашты. Ликейде Аристотель сабақ беру мен шығармашылықты қатар қолға алады. Оның сабақ өту ерекшелігі өзгеше болды. Ол әдетте жүзім бараңдары мен бау-бақшада серуендеп жүріп, шәкірттерімен түрлі ғылым салалары туралы пікірлескен. Сондықтан оның мектебін «серуен философиясы» деп те атайды және Аристотелге ілесушіні серуенші деп атайды.
Сонымен, біз көрермендерімізді Ескендір туралы біраз мәліметпен таныстырдық деп ойлаймын. Онда, дастанынның жалғасын тамашалауға қайта оралайық.
Данышпан Аристотель Ескендірдің алған сыйының сырын қалай ашты екен, соны білейік.