ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбы: М.Шаханов «Танакөз» поэмасы мен «Ғашықтық ғаламаты» балладасы
ІҮ. - Мұхтар ақынның өміріне тоқталайықшы. /слайд арқылы көрсетіледі./
М.Шаханов туралы әдебиет майталмандары және басқа үлттың жазушы, ақындары да көптеген жақсы пікір айтқан екен.
Ізденіп келдік пе, оқушылар, кәне. /әр оқушы ақын туралы айтылған пікірлерді айтады./
Мысалы: Р.Гамзатов,авар ақыны: Мұхтар Шаханов-өзінің адасқақ дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы.
Ш.Айтматов,қырғыз жазушысы:Ол –жаңаша ойлау дүниесінің өрені.Менің пайымдауымша,мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ.
С.Елубай,жазушы: Мұхаңды батыр ақын деп білемін.
Д.Исабеков,жазушы: Поэзияның қас шебері,өмірдің қас батыры
V. «Сандар сөйлейді» ойыны 1942 ж., 1969 ж., 1984 ж., 1986 ж., 1993-2003 ж.ж., және 40 саны
- .Ақын поэзиясының бастау алар қайнары –достық пен махаббат Президент пе,депутат па ,тракторшы ма,бәрібір,
Бойын рухтан аулақ салса - бәрінің де мәні бір.
Өз халқының тілі, ділі-зор адами парқына ,
Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?
Бұл қазаққа көз өткен бе,
Тілдің мұңын сөз еткенде,
Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар...
Ұлтсыздардың бәрі- рухани мүгедектер, жартылар
Тілін,ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар,
Бар назары материалдық игілікке тоқталар.
Жағымпаздар қолдауымен олар бүгін мақталар,
Ал тарихта «рухын сатқан қарын құлы» боп қалар.
Мәселелік сұрақтар: Рухани байлық дегенді қалай түсінесіңдер?
Жалпы ақын қандай болуы керек?
Ақынның шығармаларының басты тақырыптары не? VI. Топтық жұмыс 1-топ «Танакөз» поэмасы. Кейіпкерлері. Композициялық құрылымы
2-топ «Ғашықтық ғаламаты» балладасы.Тапсырмалар: Ғашықтық ғаламаты.Өлеңді талдау.Идеясы: Естай мен Қорлан. Өзіндік қөзқарас