3-тапсырма. Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңінен алынған үзіндіні пайдаланып, автор бейнесін анықтаңыз.
Үзінді
Автор қандай адам?
Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі Жаным менің, Қаным менің тәуелсіз! Арым менің, Жарым менің тәуелсіз! Заңым менің, Бағым менің тәуелсіз! Әнім менің, Дәнім менің тәуелсіз!
Бағалаукритерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;
шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;
шығармадағы автор бейнесін анықтайды.
1
2
3
Поэма мазмұны бойынша оқиға құрылымын реттілігіне сай сәйкестендіреді:
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның дамуы
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі
1
1
1
1
1
Поэма бойынша берілген үзінділерден кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды;
1-кейіпкер
2-кейіпкер
3-кейіпкер
1
1
1
«Тәуелсізбін» өлеңі бойынша берілген үзіндідегі автор бейнесін анықтайды.
1
1
Барлығы
10
Дұрыс жауаптар
1-тапсырма. «Адасқан оқиғалар» әдісі. М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы бойынша берілген оқиға құрылымын реттілігіне сай сәйкестендіріңіз.
Оқиғаның басталуы
Батырды қапыда өлтіріп, басын алуы.
Оқиғаның дамуы
Әкесінің ашуға мінуі.
Оқиғаның шиеленісуі
Әкенің үкім шығарып, баласын жазалауы.
Оқиғаның шарықтау шегі
Махамбет өзіне келетін ажалды алдын ала білуі.
Оқиғаның шешімі
Батырдың басын алып, әкесіне сүйіншілеп келген ұлының мақтануы.
2-тапсырма. «Нарынқұм зауалы» поэмасынан берілген үзінділерден кейіпкерлер бейнесін талдаңыз.
Шығармадан үзінді
Қай кейіпкердің сөзі?
Кейіпкердің қандай қасиетін байқауға болады?
-Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да. Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім, Бостандыққа шақырып ем, Сенің заңғар ақылың ем, Едім әрі өлшемін.. Жан ашырың, жақының ем, Және қайсар ақының ем мен сенің.
Махамбет
Батыл, жанашыр, қайсар
Шомбал жігіт кіріп келді ентелеп, - Әке, — деді ол кірген бойда, - Әке,—деді еркелеп, — Жүруші едің маған ылғи өкпелі, Кеюші едің Мал болмайсың деп мені. Сол сөзіңді, сірә, қайтып аласың-ау шамасы. Аты шулы Баймағанбет сұлтанның Маған берген сыйлығына қарашы! Төрде отырған әкесінің алдына, Маң-маң басып барды да, Алтын жіппен әдіптелген жағасы Сұр ішікті тастай салды баласы.
Жігіт
Мақтаншақ, залым
- Балам, үміт- қызығымның өлшемі Өзің едің, Қайғым болдың еңселі. Басына шық, кәне, мына төбенің, Осы арада қалдырамын мен сені. Қараладың қасиетті мекенді, Жараладың тұрмастай ғып әкеңді, Мына жолмен өткен жұрттың аузынан Махамбеттің жырын тыңдап жат енді. Мүмкін, сонда ұғынарсың қатеңді. Кім аяққа басса заңын даланың – Ұмытқаны қатал тарих сабағын. Кешір мені, Таусылды бар амалым. Дала заңы - баба заңы, қарағым, - Деп әкесі қолына алды садағын...
Әке
Әділетті, қатал
3-тапсырма. Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңінен алынған үзіндіні пайдаланып, автор бейнесін анықтаңыз. Кестені толтырыңыз.
Үзінді
Автор қандай адам?
Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі Жаным менің, Қаным менің тәуелсіз! Арым менің, Жарым менің тәуелсіз! Заңым менің, Бағым менің тәуелсіз! Әнім менің, Дәнім менің тәуелсіз!
Ақын «Тәуелсізбін!» деген сөзді қуанышпен, жар сала жырлайды.
Ол Тәуелсіздіктің бағасын керемет метафоралармен жеткізеді: «жаным менің, қаным менің», «әнім менің, дәнім менің». Ол еш жалтақтамай, егемендіктің иесі өзі екенін жар сала жырлайды.
Осы үзіндіге қарап, ақынның өз Отанынана адал жанашыр екенін білеміз. Ол ата-бабадан қалған осы үлкен жауапкершілікті сезінеді.