Тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін стилдерін ажыратып, кестеде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
А мәтіні
Қазақтың батыр қыздары
70 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта өшпестей ізі қалған алапат қырғын басталып еді. Кеңес Одағындағы басқа халықтар секілді қазақтар да қолдарына қару алып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы аяусыз күресті.Осы соғыста ерлермен қатар қазақ қыздары да ерлік көрсетіп, ұлттың абыройын асқақтатты. Қазақтың қыздары да намысшыл, аршыл, қайратты екендігін төрткүл әлемге паш етті. Солардың қатарында Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова да бар. Бірі пулеметші, екіншісі сұр мерген – Мәншүк пен Әлия ел есінде мәңгілік қалды. Оларды білмейтін, ерліктеріне қанық емес отандастарымыз некен-саяқ.
Қазақтың тағы бір батыр қызы бар. Ол – Хиуаз Доспанова еді. Хиуаз орыстың белгілі ұшқыш қызы М.Раскова басқарған ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарды. Жау шебіне 300-ден аса ұшып шықты. Соғыс кезінде көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. Соғыстан аман-есен оралғаннан кейін де жауапты қызметтердің басында жүрді. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Жоғарғы Кеңес Төралқасының хатшысы қызметін атқарды. «Халық қаһарманы» медалімен марапатталды. Осының өзі – ұлт үшін үлкен мерей, дос сүйсініп, дұшпан қызығар мәртебе.
(150 сөз)
http://anatili.kazgazeta.kz/news/6762
Ә мәтіні
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады.
1929 жылы басталған бүкілдүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты.1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерінің айырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.
(165 сөз)
view-source:https://kk.wikipedia.org/w/index.
Мәтін не туралы екенін жазыңыз
|
А мәтіні
|
Ә мәтіні
|
Мақсаты
|
|
|
Аудиториясы
|
|
|
Стилі
|
|
|
Тілі
|
|
|
Тапсырма. Стиль ерекшелігін сақтай отырып, қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанова туралы баспасөзге мақала жазыңыз. Мақалада көркемдегіш құралдарды қолданыңыз. ( 10 сөйлем)
_____________________________________________________________________________