Поэмасы С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар»



Дата11.12.2023
өлшемі16,76 Kb.
#137669
түріПоэма

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Табиғат және адам» бөлімі
Шығармалар: Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы


1-БӨЛІМ

1. «Қызыл кітап» поэмасының 1-бөліміндегі оқиғалар ретін көрсетіңіз.


А) Анау киім ілгішке көзім түссе,
Бұғылардың мүйізі елестейді.
В) Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ —
Қалпақ емес —
Қақпан боп көрінеді.
С) Қызыл түлкі даланың көрігі еді.
Жаға болып ол енді «керіледі»
D) Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.





[1]

2. Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,


Ұяламын қарауға көк аспанға! – өлең жолымен сәйкес келетін астарлы ойды көрсетіңіз?
А) Құстар – адамның жақын досы.
В) Аққуды атпа, махаббатты сатпа!
С) Құс – аспан әлемінің ерке падишасы
D) Құс ұясында ғана өзін туған үйіндей сезінеді.
[1]

3. Өлгеннен соң күн де жоқ


Шуақ та жоқ.
Өлтіргенде ар да жоқ,
Ұят та жоқ.
Оңбағанның артында ұрпағы бар,
Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.
Өлең жолдарында асты сызылған сөз троптың қай түріне жатады?
А) символ
В) кейіптеу
С) метафора
D) синекдоха
[1]

4. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасындағы Мэлс Әлібаевичтың сипаты қандай?


А) Елінің қамын жеген абзал азамат
В) Алыстағы баласына асығып келе жатқан ғалым
С) Қызметінің арқасында айтқаны айтқан, дегені деген
D) Жылпостығының арқасында "еті тірі жігіт" атанған
[1]

  1. Ақсақал мен саудагер әйелге ара түскен қай кейіпкер?

А) жолсерік
В) жолаушы
С) Қошқарбай
D) аға лейтенант
[1]

2-БӨЛІМ



  1. Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ.

Қызыл кітап —
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
Келеді кез,
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутаңдайды адамға түзде мың кез,
Қызыл кітап —
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Өлең жолдарында көтерілген мәселені өзіндік көзқарасыңыз тұрғысынан өзгеше жанрда ұсыныңыз (хат, үндеу, монолог). Жазба жұмысыңызды 7-9 сөйлеммен жеткізіңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]

7. «Тойдан қатқан қазақтар» пьесасындағы астарлы ойды өмір шындығымен байланыстырыңыз. Ойыңызды дәлелді жеткізіңіз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]

8. «Тойдан қатқан қазақтар» пьесасының жанрлық ерекшелігін талдаңыз. Автордың оқиғаны өрбітудегі стиліне, кейіпкер бейнесін берудегі тіл көркемділігіне талдау жасаңыз.


_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
[5]


3-БӨЛІМ

9. «Тойдан қайтқан қазақтар» спектакльде жандайшаптар мен маймөңке жағымпаздарды айналасына жиып, ел мүддесін ойлаған боп, биік-биік мінбелерден сөз сөйлеп жүрген лауазым иелері бізде аз ба?! Әншейінде олар судағы балық сияқты, сөзі де өзі де жып-жылтыр ұстай алмайсың. Содан кейін де дәурені жүреді. Тіпті іштей олардың безбүйрек адамдар екенін сезсең де қолдан келер қайран жоқ.


Жоғарыдағы ойды өрбітіп, көтерілген мәселені қазіргі заман көрінісімен салыстыра отырып, 120-150 сөз көлемінде сын-пікір жазыңыз. Ойыңызды шығармадан мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[10]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет