«Покатиловка жалпы орта білім беретін мектебі»кмм-нің 9 «А» сыныбының жылдық тәрбие жұмыс есебі. 2022 – 2023 оқу жылы


Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі20,22 Kb.
#135157
1   2   3
Байланысты:
тәрбие есеп (копия) 2

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бағалап,Ата Заңды құрметтеуге баулу. Отанға, тілге деген құрмет пен сұйіспеншілікті нығайту. Өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болу.
Нәтижесінде : Оқушылар өз елін сүюге, өз елінің тарихын сыйлауға үйренеді.
2. Рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша: «Қарттар күні» Отбасылық құндылықтар бойынша кеңес жүргізілді. «Мәдени этикет» телефонмен сөйлесу, сәлемдесу,достық ,жылы қарым қатынас тілі тақырыбында әңгіме жүргізілді. «Отбасылық альбом» әр оқушы өз отбасымен бірге түскен фотолармен альбом жасау қажет, яғни сайыс жүргізілді, Әдептілік ережелері «Кішіпейілділікке тәрбиелеу» адам мінезіндегі адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды ізгі қасиеттер жайында сұхбат жүргізілді, «Қазақстанның рухани киелі, қасиетті жерлері» Қазақстанның қандай қасиетті , киелі жерлері бар екендігі жайында кеңес жүргізілді. «Алғысымды қабыл ал» 1 наурыз мерекесінде оқушылар бір-біріне алғыс айтты. «Әлемді тербеткен- ана» Оқушылар өз аналарына саналы түрде құрмет,махаббат сезімін қалыптастыру жайында. әңгіме жүргізілді.
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.
Өз бойына адамгершілік қасиеттерді қабылдай білуге тәрбиелеу, әдептілік ережесін ұғындыру, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Нәтижесінде : Оқушылар адамгершілікке, рухани тазалықтарын сақтауға, ата-анасын сыйлауға үйренеді, ұлттық тәрбие негізі оқушылар бойына сіңіріледі,тиым сөздер тәлімін үйренеді.
3. Экологиялық тәрбие беру бойынша: СӨС.Қауіпті ойындар(өрт, интернет) тақырыбында сұхбат жүргізілді, «Қыс қызығы» қыс мезгілі сендерге несімен ұнады?кеңес жүргізілді, Туған өлкенің экологиясы «Жасыл экономика» табиғи сезімталдыққа, табиғатты сүюге, әсемдікті сезіне білуге, , қоршаған ортаны қорғау жайында кеңес жүргізілді, «Бейбіт өмір сүрейік»тақырыбында сайыс жүргізілді.
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.
Табиғаттың адам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Нәтижесінде : Табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсінеді, табиғаттың тылсым сырына үңіле бастайды, қоршаған ортаның, табиғаттың сырын білуге қызығушылығы оянады.
4. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бойынша: «Денсаулық күні» мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру,жарыс өткізілді. «Жол қозғалыс ережелері» жарыс ұйымдастырылды. «салауатты өмір салты түсінігі» тазалық,дұрыс жүру, отыру ережелері туралы әңгімелестік. СӨС «Күн тәртібі» кеңес жүргізілді, СӨС «Тұрмыстық және көше қауіпсіздігі» әңгіме жүргізілді. СӨС «Жұқпалы ауырулардың алдын алу» әңгіме жүргізілді.СӨС «Қауіпсіз жаз» сайыс жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет