Тақырыбы: Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Мақсаты: Білім алушыларға құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, құқықтық тәрбие беру арқылы білім алушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру.
«Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану – шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.»
385 - хадис Мұхамбет Пайғамбар
Қолыңда болса бір билік,
Қарғаға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз.
/Төле би./
/ Мұғалімнің кіріспе сөзі/
Кішкене тарихи шегініс жасайық. 15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзу - шыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.
Сондай - ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Міне, балалар өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.
ҚР - ң Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы - адамның құқықтары, бостандықтары, қадір - қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы. ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады.
«Негізгі ойды тап» мәтінмен жұмыс
Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел - жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен - көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.
Ата-ана - өте қымбатты да асыл жандар. Ол дегенде әр баланың жан-дүниесінде бәрі жайнап кетеді. Бізді өмірге әкеліп, киіндіріп, бар жақсысын алдымызға тосқан ата - ананы мәңгі аялауға міндеттіміз
Иә, кейде ата - анасына тіл алмай, сөз қайтаратын балалар да болады. Бұл - олардың ең үлкен әрі кешірілмес қателігі. Мейірімсіз жастар әкесін, не шешесін қарттар үйіне тастап кетіп жатқанын көргенде, жүрегің қан жылайды.
Басты бақыт - бәрімізді тіршілікке әкеліп, өмір көруімізге себепкер болған ата - анамен бірге ғұмыр кешу. Сол себепті де ана мен әкеге деген сезім мен махаббат мәңгі суымауы тиіс.
Келешек білімді мамандарсыз – бұлдыр.
Қазірдің өзінде көптеген мамандарға зәрулік басым. Солардың орнын толтыру және қоғам өмірінің барлық саласына белсене араласу үшін біз өз таңдауларымызды жасауымыз қажет. Алайда, сол кәсіпті игеру үшін де білім керек.
Білім босағасында орта білім алу қажет - ау деген дұрыс емес. Екіншіден, жоқтық жағадан алған мезгілде «киімім жоқ» деген сылтаумен сабаққа бармай жүрген балалар да баршылық. Қалай ойласақ та, сабаққа бармаудың зардаптары көп. Білімсіз, мәдениеті төмен, қабілетсіз балалар өмірден үлестерін ала алмайды. Одан ата-аналардың өзі зардап шегеді.
Білімді болсақ, келешекті нұрландырып, Отанымыздың іргетасы бола аламыз.
Республикамыздың мемлекеттік нышандары Әнұран, Жалау және Елтаңбасы әлемге әйгіленіп, жер бетіндегі іргелі ел екенімізді растайды. Рәміздер біздің жерімізге, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді, махаббатымызды оятады. Отан – оттан да ыстық болуы керек. Отанымызды шексіз сүйгенде ғана, оның болашағы үшін күресіп, шаңырағын биіктетуге атсалысамыз.
Қиын қыстау кезеңде ұланғайыр жерімізді қорғап, бүгінгі ұрпаққа сыйлаған бабаларымызға бас иеміз. Біздің еліміздің табиғаты тамаша: қазба байлықтары да мол.
Ал табиғат бүгін, ертең және болашақта да ұрпаққа керек.
І бөлім
7 – бап.
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
ІІ бөлім.
27 - бап.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30 - бап.
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2. Азаматтың мемлекеттік оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
34 - бап.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.
36 - бап.
1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
38 - бап.
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
14 - бап.
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15 - бап.
1. Әркімнің өмір сүруге құқы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
29 - бап.
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
79 - бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
• Айыппұл;
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту;
• Түзеу жұмыстары;
• Қамау
• Бас бостандығынан айыру болып табылады.
«Жалғасын тап»
1. Ұрлық түбі -...
2. Біреуге ор қазба -...
3. Заңның құрығы...
4. Өтіріктің құйрығы...
5. Тура биде...
6. Туғанды биде...
7. Қолыңмен істегенді -...
Қағидалар ойыны
1. Қазақстан Республикасын кім басқарады? /Президент/
2. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? /парламент/
3. Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы? /ата - ана/
4. Балалардың не алуға конституциялық құқығы бар? /білім/
5. ҚР - да бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? /1989 ж 20 қараша/
6. Конституция сөзінің аудармасы /құрылым/
7. Конституция қашан қабылданды? /1995ж 30 тамыз/
Қорытынды.
Азамат құқығы
↓
жеке басының бостандығына, еңбек етуге, демалуға, білім алу, ар - ожданды сақтау өмір сүру, жеке меншік иесі болуға, денсаулығын сақтауға, тұрғын үй иесі болу, ойды еркін айту