Полимерлердің өздері ағзаға улы әсер етпейді. Өйткені ағзаның улану себебі -ағза жасушаларының бөгде қосылыстарды сіңіруіне байланысты. ЖМҚ жасуша мембраналары арқылы өте алмайды. Полимердің улы әсерін олардың құрамында болатын кіші молекулалық қоспалардан іздеу керек. Полимердің құрамында реакцияға түспеген мономерлер, инициаторлар, катализаторлар, еріткіштер, реакцияның қосалқы өнімдер, пластификаторлар, тұрақтандырғыштар, т.б. қалады. Өте улы мономерлер: формальдегид, фурфурол, фенол, меламин, капролактам, дифенилпропан, эпихлоргидрин, стирол. Аса улы катализаторлар мен инициаторлар – Циглер катализаторлары, бензоил асқын тотығы, азобисизомай қышқылының динитрилі. Полимерлік тізбекпен химиялық байланысқа түспейтін пластификаторлар мен толтырғыштар (ортофосфор, фталь қышқылдарының эфирлері, ароматты аминдер мен фенолдардың туындылары, мочевина мен тиомочевина) – улы әсер етеді. Медициналық полимерлерді мұқият тазалап, «медициналық тазалық дәрежесіне» жеткізу, алдын ала сынақтан өткізіп барып қолдану шарт. Полимердің ағзаға зиянды әсері - Молекулалық массасы, молекулалық массалық таралуы, композициялық (құрамдық), құрылымдық әртектілігі, полимер бөлшектерінің формасы.
Өз физиологиялық белсенділігі бар полимерлер - Бейспецификалық белсенділікке ие, бейтарап полимерлер;
- Поликатиондар;
- Полианиондар;
- Нуклеин қышқылдарының синтетикалық аналогтары;
- Басқа да әр түрлі функционалдық топтары бар полимерлер.
Егілген физиологиялық белсенді полимерлер Полимер-дәрі арасындағы химиялық байланыс түрлері 1) механикалық (капсулалау, байланыстыру); 2) ФБЗ-ыны полимер-тасымалдаушымен дәрі мен полимердің функционалдық топтары арасындағы молекулааралық әрекеттесу күштері, электростатикалық немесе коваленттік байланыс, есебімен байланыстыру; 3) ФБЗ-дың функционалды туындыларын полимерлеу немесе поликонденсациялау арқылы полимерлік жүйелердің түзілуі; 4) ФБЗ мен би- немесе полифункционалды тігуші агенттерді әрекеттестіру арқылы полимерлік жүйелердің түзілуі; 5) ФБЗ-ды полимер-тасымалдаушыларға тігуші агенттердің көмегімен байланстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |