4.1. Жалға алушы жатақханада (бөлмеде) спирттік ішімдіктерді тұтынғаны немесе сақтағаны үшін жауапты болады;
4.2. Жалдамалы жатақханада (бөлмеде) шылым тартқаны үшін жауапты;
4.3. Осы келісім-шарт бойынша тиісті міндеттемелерді орындамағаны үшін, шығындарды кінәлі тарап өтейді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жауапты болады.
5. Шартты тоқтату үшін негіздер
5.1. Жалдама шарты мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін:
5.1.1. Егер де жалға алушы жалға алынған бөлменің тұру ережесін бұзған болса;
5.1.2. Жалға алу ақысын (10 күннен астам) төлемесе.
6. Шарттың әрекет етуі 6.1.Жалдау келісім шартының әрекет етуі тараптардың белгілеген мерзімі өткенен кейін тоқтатылады. Келісім шарттың 5-тармағына сәйкес, жалға алушы келісім шартының талаптарын орындамаған жағдайда, жалға берушінің талабы бойынша Келісім шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
7. Басқа да шарттар
7.1. Тараптар арасындағы осы шартта реттелмеген қатынастары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
7.2. Осы Келісім шарт бірдей заңды күші бар екі данада (тараптардың
Г қосымшасының жалғасы
әрқайсысы үшін бір данадан), қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
7.3. Осы келісім-шарт орындау кезінде туындайтын барлық даулар қаралады және келіссөздер жолымен шешіледі.
7.4.Тараптар келісімге келе алмаса, онда дау Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен сотта шешіледі.
7.5. Осы Келісім шарт Тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енеді.