Физиология мен психологияға «стресс» терминін ең алғаш енгізген Уолтер Кэннон «күресу және қашу» еңбегінде енгізген.
Стресстен құтылу жолдары
Сопртпен айналысу.
Біраз уақыттан соң бірқалыптылыққа үйренесіз, денсаулығыңыз эмоционалды күйге маңызды әсер етеді.
Ароматерапия. Таза, балғын, хош иістер түйсіктің қабілетін жақсартады. Өзіңізді жақсы сезінетін боласыз.
Стресстен арылу жолдары
Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі – эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу машығы. Үшінші жол – қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.
Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.
Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сяиқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.
Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз.
Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған.
Өзін-өзі ұстау
1. Мускулатура
Мимикалық бұлшықеттерді босаңсыту өзін-өзі ұстаудың ең тиімді және қарапайым жолы болып табылады. Бет бұлшықеттерін босаңсыту арқылы, және олардың қалпын басқаруды үйренсек эмоцияларды да басқара алатын боламыз.