ПОРТФОЛИО – ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖЕТІСТІКТЕРІ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАСЫ.
Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.
Оқушылардың білім алу қызметін сараптауды білім жетістіктерінің бағалаудың жинақы жүйесі арқылы көрсетуге болады.(портфолио). Портфолио(кең ұғымы) – бұл оқушының оқытудың белгілі бір кезеңінде жеткен жеке жетістектерін бағалау ,жинақтау және белгілеу . Портфолио шет мемлекеттерінің білім саласында бағалаудың жаңа жүйесі және өзін-өзі бағалаудың түрі ретінде кеңінен қолданылып келеді. Портфолио дәстүрлі бағалаудың жүйесін толықтырып,оқушылардың ақпаратты қабылдаудың репродуктивті деңгейін , фактілі және алгоритімді білім мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Портфолио оқушының түрлі қызметтегі жетістіктерін ескеруге мүмкіндік береді.Сонын ішінде:оқу, шығармашылық, әлеуметтік ,коммуникативті т б қызметтері.Бұл білім берудің практикаға бағытталған, іс-әрекеттік тәсілдің негізгі бөлігі болып саналады.Шет елдер тәжірибесінде портфолио оқушының жетістіктерінің жұмыс жинағы ретінде анықталып, оның түрлі салалардағы жетістіктерін көрсетеді.
Портфолионың негізгі мақсаты: - жасөспірімнің білім алу үрдісі туралы есеп алу; - жалпы білім алудың негізгі нәтижелерінің жағдайын көру; - оқушының білім кеңістігінде жеке даму бағытына жағдай туғызу; - оның олған білім мен білік мүмкіндіктерін практикалық тұрғыда қолдана алуын көрсету; -портфолиоға енетін қандай болмасын жетістіктерді толықтай немесе белгілі бір кезеңін бағалау, ол санды және сапалы түрде болуы мүмкін.
Портфолио тек бағалаудың жаңа тиімді түрі емес . ол сонымен бірге келесі негізгі педагогикалық міндеттерді орындауға көмектеседі:
Портфолио тек бағалаудың жаңа тиімді түрі емес . ол сонымен бірге келесі негізгі педагогикалық міндеттерді орындауға көмектеседі:
оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға;
олардың белсенділік пен өзіндік қабілеттерін мадақтау, оқу және өзіндік оқу мүмкіншіліктерін кеңейтуге;
бағалау( өзін-өзі бағалау) және рефллексивті дағдыларын дамытуға;
оқу , мақсат қоя білу, өзінін оқу қызметін ұйымдастыра және жоспарлай білу біліктерін қалыптастыруға;
оқушылардың білім алуын жекелендіруге (индивидуализация) ықпалдасуға;
оқушыларды әлеуметтендіріге қосымша жағдай түғызуға.