Портфолио үздіксіз педагогикалық практика Аты жөні



бет4/7
Дата03.12.2023
өлшемі495,92 Kb.
#133693
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Портфолио Гулсезимм

Қайсар - Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.
Амина - Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
Құрметті ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін мектеп директорына сөз беріледі.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» 
Алишер - Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.
Әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады. Олар өз өнерлерін көрсетеді. 1-ән, 1-қазақ биі. 
Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Нұржан - Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.


Анель - Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілім сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Елнар- Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған
Жаным менің,Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол да оныңшырылдаған.
(Татар халықәнінің сазы естіліп,сахнаға Татар халықұлтөкілдерішығады.
1-ән,1-биін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет