2«Б» сыныбына мінездеме Ақмола облысы, Көкшетау қаласы «№17 мектеп – гимназия» 2 «Б» сыныбында 26 оқушы бар. Оның 12 қыз, 14 ұл. Сыныпта балалардың тәртіптері мектеп ережесіне сай, ұжым ішінде ұйымшыл, өте белсенді және ізденімпаз. Оқушылардың үлгерімі де жақсы. Арасында үлгерімі қанағаттандыратын да оқушылар бар, оларда жақсы оқуға тырысуда. Қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Әр баланың бойында сыпайылық, үлкенге құрмет көрсету, жолдастық көмек көрсету, кішіге қамқорлық жасау, еңбек ету дағдылары қалыптасқан.
Сыныпта басқару органдары бар. Сынып басшысы, оқу секторы, тазалық секторлары тағы басқаларының өзңне жүктелген міндеттері бар. Оларды сынып жетекшісі болмаса оқушылардың өздері де сайлайды. Қойылған талаптарды қабылдайды. Өздеріне жүктелген міндеттерді оқушылар сезінеді және жауапты екенін біледі.
Оқушылар мектептегі жарыстарға, іс-шараларға белсене қатысады. Бір-біріне сенім арта біледі. Қоғамдық істерге қызығущылық танытады. Бірсене қатысып, өз көмектерін береді.
Оқушылардың сабаққа қатысуы өте жақсы. Есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған. Оқушылар үйге берілшген тапсырмаларды барынша орындап келуге тырысады.
2 «Б» сыныбы басқа сыныптарға үлгілі сынып. Адамдармен жақсы араласа біледі, сыйластық танытады. Өзгелерлің пікірін қабылдай біледі, өз қателіктерін жөндеуге ат салысады. Өз мақсаттарын біледі және соған жетуге талпынады.
Сынып жетекшісі:Исбулатова Ләйла Қайратқызы Мінездеме « №17 мектеп-гимназиясы» 2«Б» сынып оқушысы Сатбек Айтуарға беріледі.
Сатбек Айтуар 2 «Б» сыныбының үлгі тұтар оқушысы. Сыныптың белсендісі. Оқу үлгерімі жақсы оқушы . Белсенді, ұйымдастыру қабілеті өте жоғары. Тәртібі мектеп талаптарына сай. Мінезі өте жайдарлы, ашық, өз – өзін ұстай біледі.
Оқу материалдарын жақсы қабылдайды. Ойлау қабілеті жоғары, зейіні тұрақты. Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілеттері жақсы дамыған. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тез тіл табыса алады. Адамдармен, достарымен, құрдастарымен жақсы қарым-қатынаста, кішіпейіл, сыйластықта жүреді. Сыныптан тыс іс-шараларға белсене және бар ынтасымен қатысады.
Пәндерге қызығушылығы жоғары. Оқу бағдарламасында өткен тақырыптарды толық меңгерген. Қандай пән болсада берілген тапсырмаларды өздігінен орындай алады. Сабақтарға қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады.
Сатбек Айтуар өзіне жүктелген міндетті сезінеді және оны жауапкершілікпен атқарады. Сыныпты алға тартады. Білмегенін білуге асығады. Мұғалімдердің айтқандарын орындайды, достары мен мұғалімдеріне қолынан келгенше көмектеседі. Айшадан болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына мақсат қоя біледі.