Постановление



бет28/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
Ìàêåò ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ³øê³ ³ñòåð ìèíèñòðë³ã³ à?Ò?áå îáëûñ

Ақтөбе қалалық ІІБ
Елек ПБ-нің ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев

ШҰҒЫЛХАТ
Азамат Қарашбаев Аман Максатұлы

Елек полиция бөлімі Сізді __.01.2015 ж. сағат 15-00-ге № 305 кабинетке (полция бөлімі Ақтөбе қаласында Әйтеке би көш., № 35 мекенжайы бойынша орналасқан) тергеуші А.К. Дакешовке 10.01.2015ж. орын алған істің мән-жайлары бойынша жәбірленуші ретінде жауап беру үшін келуді сұрайды.


Мүддеңізді қорғау үшін Сіздің адвокатты шақыру құқығыңыз бар.
ҚПК-нің 208-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауап алуға шақырылатын адам белгіленген мерзімде келуге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды келмеу себептері туралы алдын ала хабардар етуге міндетті. Сіз дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда күштеп әкелінуіңіз мүмкін не Сізге ҚР КПК-да көзделген 160-бабының тәртібінде ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Белгіленген уақытта өзіңіздің келуіңіз денсаулық жағдайыңызға немесе басқа да дәлелді себептерге байланысты мүмкін болмаған кезде 8/7132/21-54-65, сот. 8/775/-258-99-06 телефондары арқылы хабарлауды сұраймын.


Ақтөбе қалалық ІІБ
Елек ПБ тергеушісі А.К. Дакешев


-----------------------------------------------------------------------------------------------------


Шұғылхатты қабылдадым

А. Қарашбаевтың анасы – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Баршақұм ауылы, Абай көш., 33-үй мекенжайы бойынша тұратын 13.01.1945 ж.т. Қарашбаева Нұрсауле Серікқызы ұлының үйде жоқ екендігін, оның ақша табуға кеткенін айтты.


Ұлына белгіленген уақытта тергеуші А.К. Дакешовке келу қажеттілігі, келуі мүмкін болмаса, ол жөнінде тергеушіге алдын ала ескерту қажеттілігі туралы айтуға міндеттенді.

Қылмыстық сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы
ҚАУЛЫ

«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы


Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімі ТБ тергеушісі А.К. Дакешев азамат Д.О. Сәрсенбаевтың СТБТ-де 2015 жылы 11 қаңтарда №15151003100016 тіркелген арызын қарап,


АНЫҚТАДЫ:

11.01.2015 жылы сағат шамамен 12:30-де Ақтөбе қалалық Елек полиция бөліміне азамат А.М. Қарашбаев «Жанна» есімді қыз баланы қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жазбаша арызбен жүгінді, оның 10.01.2015 ж. шамамен 19.00 сағатта Ақтөбе қаласы теміржол вокзалының маңында оны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы оған бір тәулікке жалға пәтер беремін, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, оны жаңылыстырып, кепіл ретінде «Nokia 105» маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан жасырынғанын көрсетті.


«Жанна» есімді қыз баланың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде
М.А. Қарашбаевқа 5 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірілген.
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек ПБ-ге арызды берген кезде
М. Қарашбаевқа қылмыстық қудалау органына жүгіну тілін таңдау құқығы түсіндірілген, Қарашбаев қылмыстық сот ісін жүргізу тілі ретінде орыс тілін таңдаған.
Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 30, 64, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,


ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Осы қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілі орыс тілі болып өзгертілсін.



  1. Қабылданған шешім туралы мүдделі тараптар хабардар етілсін,
    ол жөнінде осы қаулыға қолдары қойдырылып хабарлансын.

  2. Қаулының көшірмесі прокурорға мәлімет үшін жодансын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет