Постановление



бет29/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
Ìàêåò ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ³øê³ ³ñòåð ìèíèñòðë³ã³ à?Ò?áå îáëûñ

Ақтөбе қалалық ІІБ-нің
Елек полициясы бөлімінің ТБ тергеушісі А. Дакешев

Қаулымен таныстым: М.А. Қарашбаев


«___»_________ 20__ ж.



шығ.№2-8/5-15
__.01.2015 ж.
Ақтөбе қаласының прокуроры
Г.И. Амировке


Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы туралы
ХАБАРЛАУ

"__" қаңтар 2015ж. Ақтөбе қаласы

2015 жылғы «___» қаңтар да мен Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ бастығы
И. Ивановтың тапсырмасы бойынша М.А. Қарашбаевтың №___________ арызы бойынша қылмыстық процесте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанымды хабарлаймын. «Жанна» есімді қыз бала вокзал маңындағы алаңда арызданушыны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы оған жалға алуға пәтер ұсынып, ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Бұрын ішкі істер органдарына жүгінбеген М.А. Қарашбаевтың
2015 жылғы 05 қаңтарда оған қатысты жасалған алаяқтық фактісіне қатысты берген арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы Сізге хабарлаймыз.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер, ҚР ҚПК _-бабының талаптарына сәйкес Сәрсенбаевтың арызы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 2015 жылы 10 қаңтарда сағ. 15.00-де №15151003100014 тіркелген.
ҚР ҚПК-нің 179-бабы 1-бөлігінің тәртібінде хабарланды.


Қосымша: қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдау туралы қаулы - 1 парақ.
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің
Елек полициясы бөлімінің ТБ тергеушісі А.К. Дакешев


Жәбірленуші деп тану туралы
ҚАУЛЫ

«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы


Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімінің ТО тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев азамат А.М. Карашбаевтың сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылы 11 қаңтарда №15151003100016 тіркелген арызын қарап,




АНЫҚТАДЫ:

11.01.2015 ж. шамамен 19.00 сағатта теміржол вокзалының маңындағы, Ломоносов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан алаңда «Жанна» есімді қызбала бұрын танымайтын А. Карашбаевқа бір тәулікке жалға алуға пәтер ұсынған, бұл ретте оның осы қызметті көрсетуге нақты мүмкіншілігі болмай тұра, ол қасақана, пайдакүнемдік ниетпен, бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында, А. Қарашбаевты жаңылыстырып, өзінің ұсынысын жүзеге асыруды ойламай, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы соңғыдан құны 5.000 теңге тұратын «Nokia 105» маркалы ұялы телефонын ұрлап, қылмыс жасаған орнынан жасынырып кеткен.


Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде жәбірленуші А. Қарашбаевқа 5.000 теңге сомасында материалдық зиян келтірілген.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 71-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып,


ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Азамат Қарашбаев Аман Максатұлы 06.05.1978 ж.т. осы іс бойынша жәбірленуші болып танылсын.


2. Осы қаулының көшірмесі Ақтөбе қаласының прокурорына жіберілсін.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет