Потенциал айырымы


ЖАНАСУ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ АЙЫРЫМЫ



бет2/3
Дата01.03.2023
өлшемі13,92 Kb.
#70651
1   2   3
Байланысты:
Потенциал айырымы-melimde.com

ЖАНАСУ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ АЙЫРЫМЫ

Гальваникалық элемент электр тогын беру үшін электродтарды міндетті түрде металл өткізгіштермен тұйықтау қажет. Егер әртүрлі А және В металдары


жақын жанасса, онда электрондардың белгілі бір мөлшері бір металдан екіншісіне беріледі, бір металл оң, ал екіншісі теріс зарядталады.Олардың электрон шығу жұмыстарының бірдей болмауының нәтижесінде бөлу беттерінде жанасудың потенциал айырымы пайда болады.
Мұндай жанасу потенциал айырымының (электр қозғаушы күшінің) пайда болу теориясын алғаш Вольта жасаған болатын. Алайда бұл теория гальваникалық элементте электр энергиясының пайда болуын түсіндіре алмады.
Алесса́ндро Джузеппе Анто́нио
Анаста́сио Во́льта
1857 ж. А. Де-Ля-Рив гальваникалық элементте электр қозғаушы күштің (потенциал айырымы) пайда болуының химиялық теориясын жасады.
Бұл теория бойынша бөлу бетінде металл мен электролит ерітіндісі арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциясының нәтижесінде гальваникалық элементте энергия пайда болады.
Химиялық теорияны одан әрі В. Нернст, В. Оствальд
XIX ғасырдың аяғында одан әрі дамытты.
Олар гальваникалық элементтің электр қозғаушы күшін және электрод потенциалының термодинамикалық теңдеулерін көрсетті.

МЕТАЛ-ЭЛЕКТРОЛИТ БӨЛУ БЕТІНДЕГІ ПОТЕНЦИАЛДАР АЙЫРЫМЫ

Бір металды сол металдың ионы болатын электролитке батырғанда, металл ионының ерітіндідегі және металдағы химиялық потенциалы әр түрлі болады.


Ерітіндідегі металл ионының химиялық потенциалы тұздың концентрациясына байланысты
Егер берілген концентрациядағы CuSO4-тің химиялық потенциалын Сu2+,ер металдағы мыс ионының химиялық потенциалын Сu2+, Mе болса, және Сu2+,ер > Сu2+, Mе болса, онда мысты ерітіндіге батырғанда ерітіндідегі мыс иондарының біршама бөлігі мыс бетіне ауысып, онда артық оң заряд тудырады. Бұл заряд мыс катионының одан әрі металл бетіне жиылуына кедергі жасайды (аттас заряд бірін-бірі тебеді).
Ал екінші жағынан беттегі Cu2+ иондарымен оған қарама-қарсы ерітіндідегі иондар SO2-4 өзара электростатикалық тұрғыдан бір-біріне тартылып, бетке жақын ерітінді жағынан тағы бір қабат түзеді. Бұл процесс қос электрлік қабаттың астарындағы потенциалдар айырымы металл ионының ерітіндідегі химиялық потенциалы мен металдағы химиялық потенциалының айырымына тең болғанша жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет