Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет53/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

 
 
Бугер-Ламберт-Бер заңының шектеулері мен
қолданылу жағдайлары 
(3.1) теңдеуге сәйкес, оптикалық тығыздықтың концен- 
трациядан тәуелділігі графикалық түрде координаталар басынан 
шығатын түзу сызықпен бейнеленеді. Алайда, тәжірибе нәтижесі 
бойынша түзу сызықты тәуелділік әрқашан байқала бермейді. 
Бугер-Ламберт-Бер заңын практикалық жағынан қолданғанда, 
келесі шектеулерді ескеру керек:
1. Заң 
монохроматикалық жарық
үшін әділ болып табыла-
ды. Оның шектеуін белгілеу үшін (3.1) теңдеуге индекстерді 
енгізіп, оны:
A
λ
= ε
λ
lc
(3.2) 
түрінде жазады. λ индексі 
А
және ε шамалары толқын ұзындығы 
λ болатын монохроматикалық сәулеленуге жататынын көрсетеді.
2. (3.1) теңдеуіндегі ε коэффициенті 
ортаның сыну көрсет-
кішіне
тәуелді. Бугер-Ламберт-Бер заңының нақты теңдеуі: 


95 
𝐴 = 𝜀
𝑛
(𝑛
2
+ 2)
2
𝑙𝑐,
мұндағы 
n
– сыну көрсеткіші. 
Егер ерітінді концентрациясы салыстырмалы түрде аз болса, 
оның сыну көрсеткіші таза еріткіштікіндей өзгеріссіз қалады 
және осы себептен заңнан ауытқу байқалмайды.
Жоғары концентрленген ерітінділерде сыну көрсеткішінің 
өзгерісі жарық жұтудың негізгі заңынан ауытқу себебті болуы 
мүмкін.
3. Өлшеу кезінде температура тым болмағанда бірнеше
градус аумағында тұрақты болып қалуы керек. 
4. Жарық шоғыр параллельді болу керек.
5. (3.1) теңдеуі тек жарық жұту орталықтары бір сортты
бөлшектер болып табылатын жүйелерде сақталады. Егер концен-
трацияның өзгеруімен, мысалы, қышқылды-негізді әрекеттесу, 
полимерлену, диссоциациялану және т.б. әсерінен осы бөлшек-
тердің табиғаты өзгерсе, онда 
А
-ның 
с
-дан тәуелділігі сызықты 
күйінде қалады, себебі жаңадан түзілген және бастапқы бөлшек-
тердің молярлы жұтылу коэффициенті жалпы жағдайда бірдей 
болмайды.
Мысалы, калий дихроматының ерітіндісін сұйылтқанда жай 
ғана дихромат ионының концентрациясы төмендемейді, ал 
химиялық әрекеттесу үрдістері жүреді:
Cr
2
O
7
2-
+H
2
O = 2HCrO
4
-
= 2CrO
4
2-
+ 2H
+

Ерітіндіде дихромат-иондарының орнына гидрохромат- 
және хромат-иондар пайда болады. 
𝜀
𝐶𝑟

𝑂
7
2−
және 
𝜀
𝐶𝑟𝑂
4
2−
әртүр
-
лі бол
ғандықтан, оптикалық тығыздықтың ерітіндідегі хром-
ның жалпы концентрациясынан тəуелділігі сызықты болмай-
ды.
6. Құрылғының оптикалық жүйесінде пайда болатын шашы-
ранды жарықтың қарқындылығы спектрдің әртүрлі аумағындағы 
саңылаулардың ені өзгергендегі шектеулер есебінен минимумға 
дейін бару керек.


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет