Экстензорлық немесе жазылу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – теріні аяқтың әр тұсынан тітіркендіргенде бас бақай жазылуы, басқа бақайлардың бір-бірінен алшақтауы.
Бабинский рефлексі-Табан астын үшкір затпен сызғанда пайда болады.
Оппенгейм рефлексі- Бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықталады.
Гордон рефлексі- Науқастың балтырын ұстап қысу арқылы көрініс береді
Шеффер рефлексі- Өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы көрініс береді
Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.
Буын-бұлшық ет сезімталдығын зерттеу әдістемесі
Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады. Қай саусақты , қай буынды істеп отырмын деп сұрау қажет
Тізе рефлексі – тізені тізе тобығынан (patella) төмен неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады.
Қолдарда бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі
Бұлшық еттердің тыныштық күйіндегі серпімділігін дәрігер саусағының ұшымен оларды бірте-бірте қаттырақ басып, саусақ ұшын бұлшық еттің сіңіріне қарай бағыттау арқылы тексереді. Ырықсыз қимылға қарысылық қабілетін тексеру үшін дәрігер сырқаттың қолын немесе аяғын әуелі екі-үш рет оқыс иіп жазады, одан кейін буын тұсын 4-10 рет еппен баяу иіп жазады, әрі-бері қозғайды, ақырын бұрап байқайды. Сонымен дәрігер бұлшық ет серпімділігін жеңуге қаншалықты күш жұмсағаны, ырықсыз қимылдардың барлығының біркелкілігі, байсалдығы, көлемі, агонистер мен антагонистер ара қатынасы және ырықсыз қозғалыстар тоқтатылған сәттегі серпімділік әсері туралы алған деректерге сүйене отырып бұлшық ет тонусы (қуаты) жөнінде тиісті қорытындылар жасай алады. Гипотония, атония, гипертония.
Барлығы
Есеп №4 Науқасты неврологиялық қарап тексеру кезінде тетраплегия анықталды: бұлшық ет тонусы барлық аяқ-қолында жоғарылаған, бұлшық ет күші 1 балл; сіңір рефлекстері аяқ-қолда жоғарылаған. Қол басы және аяқ басының патологиялық рефлекстері анықталды. Сезімталдықтың барлық түрі бұғана деңгейінен бастап төмендеген.
Зақымдану деңгейін анықтаңыз.
Салданудың түрін және сезімталдық бұзылыстарының типін анықтаңыз.
Зерттеу әдісін өткізіңіз.