Практика бойынша есеп н 3


Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп саласы негізін қалаушы ғалымдар



бет5/7
Дата14.06.2023
өлшемі190,86 Kb.
#101272
1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп саласы негізін қалаушы ғалымдар

Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің «Сауда және нағыз көпес туралы» деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің гылым ретінде пайда болып, қалыптасуы карастырылды. Тараулардың бірі «Сауда кітабын жүргізу тәртібі туралы» деп аталады. Ал 1494 ж. итальяндық белгілі математик, монах Луки Пачоли (1445-1517) жазған «Есептер мен жазбалар туралы трактат» атты бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда. Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшылық ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазу тәсілі (мұның жэрдемімен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа құндылыктарды сақтауға қойылган бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жок.


Луки Пачолиден кейінгі көрнекті автор Жак Савари (1622 — 1690). Ол «Нагыз көпес туралы» жүмысын жариялады, шоттарды синтетикалық және аналитикалык деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді. мүліктік (өзіндік құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау) баланстарды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады.


Матье де ла Порт Саваридің мықты бәсекелесі болды. Оның еңбегі мынада, ол шоттарды үш топқа жіктеді:


— мешпік иесі — экономикалық қызмет аткарады (капитал қозғалысы);


— мүліктік (материалдык) — арнайы шаруашылық қызметін орындайды (кәсіпорын ішіндегі ресурстарды басқару);


— жеке (корреспоқцеютік) — зандық қызмет атқарады (үшінші субъект үшін бөгде, тыс тұлғамен есеп айырысулар).

Бухгалтерлік терминологая әлі белгіленбесе де; ол өзінің кітабын бухгалтерлік терминдермен толықтырады.


1796 жылы Бристолда Эдварда Томастың «Есеп жүргізудің агылшындық жүйесі» кітабын шығарды. Оның орнына тек есептік регисгрді ғана емес, алғаш рет бухгалтерлік есепті түгел қамтитын теориясын карастыратын Дегранж жүйелеп баяндаған «америкалык үлгі» келді. Дегранж есептін екі мақсатын көздеді: уақыттың кез келген сәтінде есептердің жагдайын айқындау және субъектінің меншікті капиталы мөлшерін анықтау. Бұл үрдіс ол бас есеп шоттарын пайдаланды: касса. тауар, алынуға тиісті қүжаттар, телемге арналған кұжаттар, шығындар мен пайда. Ол барлық осы есепті бір регистр Басты Журналда біріктірді.


оскан мектебініңбасшысы Джузеппе Чербони (1827-1917) еді. Ол Э. Дегранждін ісін жалғастырды. Д. Чербони үшін бухгалтерлік есеп — әкімшілік міндет пен іс-кимылдар ғылымы еді.

Д. Чербони ілімі логисмографш(догос — ой, графия — баяндау) деп аталады. Оның ізбасарлары көп (Джитти, Боналуми, Беллини, Рива, Масса).


Винченцо Джитти (1856-1945) Чербонидің жақтаушысы болды, ол логисмографикалык жазбалардың талдаушылык мүмкіндіктері синтетикалык-аналитикалыктардан гөрі кеңірек екендігін көрсетті. Джити сметаның мәнін айкын ұғынды. Оның пікірінше, бул — меншік иесінің әкімгерге ұсынатын өкілеттіктерінің шегі.


Итальян мектебі орталығында әрқашан шаруашылық болды. Ф.А. Боналуми (1832-1904) бухгалтерияда мудделер жиьгатығы барын көре білді: бір жагынан кожайыпнын, екіыші жагынан — үшінші түлғалардьщ. Оның пікірінше, есептің мақсаты — орындалған шаруашылық операцияларының экономикалық және заңдық салдарын айқындау. К. Беллини (1852—1935) ағымдағы іс жағдайын көрсететін мулік пен болашақты болжайтын смета арасындағы параллельді жүргізді. Ол есепті басқару жөніндегі ғылым ретінде қарастырады. Мұндай көзқарасты Д. Масса (1850-1918) да ұстанды, бірақ ол бұл тек қана басқару жайлы ғылым емес, адамдарды басқару туралы ғылым деп қосты. Д. Масса: «Есептің мақсаты мен міндеті шаруашылық қызмет қорытындыларын шығару мен іс-әрекетті бақылау, сонымен бірге бакылаушы орган бухгалтерия әкімшіліктен тәуелсіз болуы тиіс», — деді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет