Практика бойынша есеп н 3


Бухгалтерлік есептің дамуының кезеңдері



бет3/7
Дата14.06.2023
өлшемі190,86 Kb.
#101272
1   2   3   4   5   6   7
Бухгалтерлік есептің дамуының кезеңдері
Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:
1. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ аяғына дейін;
2. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;
3. XIX ғ. соңы – XX ғ. басы;
4. XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.
Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.
Екінші кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек онда онда «есептеу» ғылымының басты бағыттары анықталған, ал бұдан кейін оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша жұмыстардың көптеген саласы шығады, есептеудің сан алуантеориялары туындайды: Францияда – заңдық, Италияда – материалистік, Германияда – камералдық .
Үшінші кезең, өз мәні бойынша, бухгалтерлік есептің ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады.Осы жылдары бухгалтерлік есептің бірқатар анықтамалары мен мақсаттары қалыптастырылды.
Бухгалтерлік есептің төрінші даму кезеңі сыртқы нарықтык орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының айқындалуымен сипатталады.
ҚР-ғы бухгалтерлік есеп пен аудитті нормативтік-құқықтық реттеу құжаттары

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 20-бабымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа, мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеу ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелер үшiн Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) жүзеге асырады.
Қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi - нормативтiк құқықтық актiлердi және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды қабылдау арқылы, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

Уәкiлеттi орган:


1) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз етедi;


2) бухгалтерлiк есептi жүргiзу тәртiбiн айқындайды;


3) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн қабылдайды;


4) ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;


5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасы халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиiстi өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етедi;


6) бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;


7) ұлттық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялайды;


8) өзге де мемлекеттiк органдармен және кәсiби ұйымдармен бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;


9) консультациялық органның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобасын әзiрлеу туралы ұсыныстарын қарайды;


10) кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi;


11) кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережелерiн бекiтедi;


12) консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кәсiби бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;


13) аккредиттеу ережелерi сақталмаған жағдайда, кәсiби ұйымдарға, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға ескерту жасайды;


14) кәсiби ұйымды, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу жөнiндегi куәлiгiнен айыру туралы шешiм қабылдайды;


15) кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiктi ұсынуының тiзбесiн, нысанын және мерзiмдiлiгiн анықтайды;


16) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың тiзбесiн мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды;


17) консультациялық орган туралы ереженi бекiтедi;


18) депозитарийге қаржылық есептiлiктi ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;


19) сертификаттың нысанын келiседi.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:


1) қаржы ұйымдары үшiн:


уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша халықаралық стандарттармен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға арналған әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;

Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;


2) мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының (үлесiнiң) елу және одан да көп процентi немесе акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi заңды тұлғалар үшiн қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн тiзбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi ұсынудың мерзiмi мен тәртiбiн белгiлейдi;

3) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары үшiн:


заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;


Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;


4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет