Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама



бет11/12
Дата27.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#45770
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
9 Патологиялық анатомия

Өлексенің дақтарының пайда болуы өлекседегі қанның өзгеруімен және таралуымен байланысты. Өлген денеде артериялардың жиырылуы салдарынан қан түгелдей дерлік веналарға ауысады. Одан әрі қарай қан дене мен ішкі мүшелердің төменгі жағындағы веналарға қарай ығысады да, оларды толтырады, сөйтіп гипостаз, яғни өлексе дақтары пайда болады. Гипостаз мал өлгеннен соң 3-4 сағаттан кейін көріне бастайды. Қанның қандай күйге ұшырағанына қарай ьерідегі өлексе дақтары не үлкен не шағын болады. Көбінесе оларды қалың түк, пигменттелген тері жасырып тұрады, сондықтан мал терісін сыдырғаннан кейін ғана өлексе дақтарын шелдерден көруге болады. Тек ақ шошқада ғана олар теріде көкала-қызыл түсті болып бірден көзге түседі.


Сырттай қарағанда гипостаз гиперемияға ұқсайды, бірақ өлексенің тек астыңғы жағында ғана орналасады.
Өлексенің астыңғы жағында қанмен бірге қан төңірегіндегі басқа да заттар: лимфа, клеткааралық сұйық жиналады. Содан кейін қан тамырларынан ткань сұйығымен араласқан, гемоглобинмен боялған қан плазмасы шығабастайды. Сөйтіп өлексе дақтарының екінші кезеңі – гипостаздық имбибиция басталады. Әдетте имбибиция мал өлгеннен соң 8-9 сағаттан соң басталады да, бара бара іріп-шіру процессіне жалғасыда. Гипостаздық имбибиция малдар терісін сыдырған кезде ғана, яғни шелден көрінеді. Гипостаздық имбибиция мен қанталаған жердің айырмашылығы: алғашқысында айқын шекара болмайды, яғни оның жиектері біртіндеп көмескіленіп көрінбей кетеді, бұл әсіресе қан тамырларының маңында айқын көзге түседі. Сол жерді тіліп көрсе одан қан емес, ткань сұйығы ағады. Қанның өлексенің астыңғы жағына қарай ығысу салдарынан ішкі мүшелердің төменгі беті қара-қоңыр тартады. Бұл әсіресе өкпеде, бүйректе, ішекте айқын байқалады. Имбибиция саларынан қолқаның, ірі артериялар мен веналардың ішкі беті, эндокард қызыл түске боялуы мүмкін. Өлекседе қан ұйыған не сұйық күйде болады.
Веналар түтігінде, жүректің оң жақ түпбөлмесі мен ауыз бөлмесінде қан ұйыған не сұйық күйінде болады. Мал өлер алдында жанталас тез өтсе, қан ұйындысы қызғылт түсті, ал ұзаққа сзылса ақшыл түсті болады. Тұншығып өлген малдың қаны ұйымайды, сұйық күйінде қалады. Өлекседе ұйыған қан мен тірі кезде ұйыған қан (тромб) арасында айырмашылық бар, оларды айыра білу керек. Өлекседегі қан ұйындысы қан тамырынан оңай суырылып алынады, серпімді, дымқыл, беті тегіс болып келеді.
Өлексенің іріп-шіруі - тканьдердегі аутолиздік және шіру процесстеріне байланысты. Өлген малда аутолиз, әсіресе оның ыдыратқыш ферменттерге бай безді мүшелерінде, мысалы қарында, ұйқы безі мен бауырында т.б. мүшелерінде зор қарқынмен өтеді. Өлекседегі аутолиздің әлсіз-күштілігі сутегі иондарының аз-көптігіне байланысты. РН көрсеткіші қышқыл жаққа қарай ойысса ыдыратқыш ферменттер қызметі күшейеді же, клеткалар мен тканьдердегі аутолиз процессі жеделдейді. Кейін аутолиздік пройесстер шіру процесстеріне ұласады.
Ақзаттыңмикроорганизмдер әрекетінен ыдырап, бұзылуын шіру деп атайды. Шіріткіш микроорганизмдер (кейбір аэроб микробтар, анаэроб микробтар) табиғатта кең тараған.
Шіру барысында қышқылдар, суда еритін аминдер, амин қышқылдары, сүт қышқылы, пропион қышқылы және әртүрлі газдар (метан, аммиак, азот, көмірқышқыл газы, күкіртсутегі, сасық иісты этимеркаптан, метилмеркаптан) бөлініп шығады. Шіру- бактериялық процесс, сондықтан оған микроорганизмдер тіршілігіне ықпал жасайтын барлық жағдайлар –температура, ылғалдық, ауа әсер етеді. Оттегі аз, ылғалдығы төмен жерде шіру баяулайды.
Өлексенің массасы неғұрлым үлкен болса оның іріп-шіруіне де соғұрлым көп уақыт керек. Өте арық немесе қаны аз жануар өлексесі тез шіриді: оның денесінде микроорганизмдер көп болады. Ішекте микро-организмдер, әсіресе шіріткіш микроорганизмдер көп болғандықтан, шіру процессі жедел өтеді. Шіру белгілері ең алдымен қарын мен ішекте, құрсақ қуысы қабырғаларында білінеді. Шіру барысында, түзілетін заттардың бірі –күкіртсутегі гемоглобинге қосылып, сульфагемоглобинге айналады, гемоглобиннен бөлініп шыққан темірмен қосылып – темір сульфатын түзеді. Бұл қосындылар барлық тканьдерді, алдымен құрсақ пен шел терісін, өлексе дақтарын, абцесс пен флегмонаға шалдыққан жерлерді жасылдау, сарғыш жасыл түстерге бояйды. Бұл өлексе жасылы деп аталады. Ол бүкіл денеге таралады, онымен бірге өлексе газдары да түзіле бастайды.
Газ әсіресе қарын мен ішекте көп жиналады, ал шіру процессі көбейіп кетсе бауыр, ми, талақ, бүйрек сияқты мүшелерді жайлайды да, үлкенді кішілі көпіршіктерге айналады (өлексе эмфиземасы).
Шіріп жатқан мүшелер жидіп, тиіп кетсе оп-оңай жыртылады. Патологиялық анатомиялық қызметте өлекседегі өзгерістердің елеулі маңызы бар. Олар тірі денедегі көптеген патологиялық өзгерістерге (гиперемия, қанталау, тромб) ұқсайды, демек өлексені зерттеген кезде бұндай өзгерістерді бір-бірінен айыра білу керек. Өлексенің шіруі және сіресіп-қатаюы дәрежесіне, өлексе дақтарының өрбу дәрежесіне қарап, малдң қашан өлгенін анықтауға болады. Өлексенің сіресіп-қатаю дәрежесі малдың өлер алдында қандай қалыпта болғанын көрсететеді. Қанның ұйындысы ақшыл тұсты болса, малдың ұзақ уақыт жанталасқанын дәлелдейді. Өлексе дақтарының тек өлекседе және жанталасқан (агония) кезде бауыздалған малда ғана болатынын есте сақтау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет