Темірлан елді мекені Ордабасы ауданында орналасқан. Ордабасы ауданың жалпы жер көлемі 86252 га, оның ішінде елді мекеннің аумағы 15924 га, ауылшаруашылық жер 66018 га, ЖТҚ – 10,1 га, ауданда 92 шаруашылық жұмыс істейді.
Темірлан елді мекені Шымкент қаласынан 33 км жерде орналасқан. Темірлан елді мекенінің жалпы жер ауданы 1700 га: мұның ішінде шабындық жер ауданы, қыстаулық және жайлау жерлері кіреді.
Жайлауы жайылымды алқапта орналасқан, азық қорын жинау шабындығы жақсы. Темірлан елді мекені ауыл шаруашылық малдарын өсірумен айналысады. Мал азығына екпе шөп, ақтық, көк майса беріледі. Ал малдарды бордақылау үшін тартылған арпа, комбикорм, жмық беріледі.
Табиғаты мен климаты
Шаруашылық орналасқан жердің табиғаты мен климаттық жағдайы қоңыр жай. Жазық жерде орналасқандықтан, жиі салқын самал есіп тұрады.
Қыста, қар жабынының қалыңдығы орташа. Мал өрістен қалмайды. Ауа – райының орташа жылдық жазғы температурасы 20-25˚С болады. Жазы құрғақ, ыстық, қыс айлары суық, кей жылдары боранды, ұзақ болады. Қардың қалыңдығы әркелкі, биылғы жылдын қысы шаруаға жайлы, қары жұқа болды. Қардың алғашқы түсуі қазан айының аяғында немесе қараша – желтоқсан айларының басында, бірақ биылғы қыс кеш түсті. Қардың жату ұзақтығы1-2 ай. Қыс айының орташа температурасы -15˚С, кейде 20-25˚С –қа дейін болады.
Жаз айларында ауаның орташа температурасы 25-39˚С-қа жетеді, кейде жаз айларында ыстық жел болады, бұл жылдары қойлардың күйі төмендеп кетеді.
Суық қазан-қараша айынан түседі де, наурыз айына дейін болады. Күшті желді күндер саны (22м/сек) жыл бойында 15-25 күн болады. Жел бағыты- солтүстік- батыстан соғады. Шаруашылықтың қолайсыз климаттық жағдайларына қайталанып келетін құрғақшылық, күшті жел, көктемгі және күзгі қара суық.
Малды бағу тәсілі – жыл бойы жайылымда бағу. Ауа - райының қолайсыз кезеңдерінде қосымша жем-шөппен азықтандырады.
Шаруашылықтар елді мекенге жақын желерде орналасқан, жазық жерлері өте аз. Топырақ түрі –қоңыр түсті. Негізі мал жайылымдарда көктем, жаз күз айларында болады. Жайылым шөбі біртекті шөп болып келеді. Сондай-ақ, өлең шөп, кәдімгі жусан, селеу т.б. өседі. Улы өсімдіктердің популяциясы сирек кездеседі. Мал азығын дайындау табиғи жайылымда немесе арнайы шабындықтарда жүзеге асады. Қосымша азық ретінде пішен, арпа, жас төлдер үшін құнарлы ылғалды азық дайындалады.
Жаз айларында малдан бағалы ет өндіру үшін жайылымды кеңінен пайдаланады. Малдар жайылым шөбін өз бетімен қажетіне пайдаланады. Мал шаруашылығынан түсетін пайда шаруашылық орналасқан жердің климатына, сумен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Аймақтың климаты қыста суық, жазда – ыстық, құбылмалы болғандықтан, мал шаруашылығы да осыған сай ұйымдастырылуы қажет. Бұл шаруашылықтың бюджетіне де әсерін тигізеді.