Практикалық сабақ 15. Қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 1-тапсырма: Төмендегі берілген мәтіннен орынсыз қайталанып келетін сөздердің қолданысына стилистикалық талдау жасаңыз.
«Сонымен Сұлтанмахмұттың лирикасы поэма сияқты ұзақ болып, поэмасы лирикалық болып, лирикасы мен поэмасының арасы жақын жатады. Яғни, Сұлтанмахмұттың өлеңдері әлеуметтік лирика болып, сондықтан да көлемді, ұзақ болып келсе, поэмалары сюжетсіз болып, бірақ лирикалы болып, әлеуметтік лирикалы болып келеді» (Ғ.Мүсіреповтің «Әдебиет тілі жайында» деген мақаласындағы талдауы).
2-тапсырма:Төменде қарамен берілген тілдік бірліктердің стильдік қызметіне талдау жасаңыздар.
Міне, осы атмосфералық қысым қалай анықталды екен, енді соған келейік. Жоғары көтерілген сайын Торичелли қуысы өсе береді, мұның себебі, атмосфералық қысымның азая Репозиторий КарГУ 94 беруінде. Мәселен, сүңгуір қайықтың су астында, кемелердің теңіз беттерінде жүзіп жүруі, снарядтардың, самолеттердің әуеде ұшуы қатты денелердің сұйық зат ішіндегі қозғалысына мысалдар бола алады. Бұлардың құрылыстары және жобаланулары математикалық әдісті, былайша айтқанда, дифференциалдық теңдеулер теориясын қолдануды талап етеді. Айталық, динамикалық система үш денеден тұратын болсын, және олардың біреуі мардымсыз кішкентай болсы. Атап айтқанда, орнықтылық теориясын физика мәселелерінде Л.И. Мандельштам өзінің еңбектерінде тербелістер теориясын зерттеуге қолданды. Оның шешуі былай: 1) Жердің өзіне тарту өрісі жазық параллель және 2) аэродинамикалық күштер атмосфераның жоғарғы қабатындағы ауаның кедергі күштері жоқ деген ұйғарулар (болжаулар) жасау керек. Мәселен, құлаштап лақтырылған тастың мылтықтан немесе зеңбіректен атылған оқтың траекториялары парабола болады. Еске сала кететін бір мәселе: ракета да, корабль де бірден жоғарыда айтылған жылдамдықтарға (космостық жылдамдықтарға) ие болмайды.
\ 3-тапсырма:Әрбір функционалдық стильдерге тән стереориптерді (қандай да бір құбылыстың адам санасында бірыңғайланып, дайын күйінде меңгерілетін үйреншікті, дағдыға айналған белгісі) атаңыздар. Үлгі:
4-тапсырма: Төмендегі берілген сөйлемдерден жергілікті тіл ерекшелігіне тән сөздерді тауып, олардың дұрыс әдеби баламаларын көрсетіңіз.
Жазып алайын, ісімің кім болады. Сен әнді айтқанда, сөзін кәте айтады екенсің. Әлен қырық екі қарыпты бітіргенде, газет-журналды өздігінен оқитын болады. Басыма тұмағым тар келіп жүр. Жаңғыз жүре алмаймын. Ұлымның жақсы оқуына шәксіз сенемін. Кәртәйіп келе жатырмыз ғой. Мен іштеңке де білмеймін, қандай әңгіме сұрайсыңдар (Х.Кәрімов «Қазақ диалектологиясы») 5-тапсырма: Бұқаралық ақпараттар құралдарынан публицистикалық стильге тән стильдік байлаулы тілдік бірліктерді (мысалы: баршамызға белгілі, маңызы зор; біршама азаяды//көбейеді//жақсарады деп күтілуде... және т.б.) теріп жазыңыздар.
Мысалы: 16 наурызда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізіп, Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын өткізуге дайындық барысымен таныстырды. ОСК төрғасының хабардар еткеніндей, сайлаушылар тізімін жасау – сайлау комиссияларының маңызды міндеттерінің бірі. Бұл шара жыл бойы жүргізіледі. Бүгінде елімізде көші-қон үдерістері белсенді жүріп жатыр. Астана мен Алматыда жаңа үйлер салынуда. Сондықтан сайлаушылар тізімін жасауға баса назар аудырылып отыр. Орталық сайлау комиссиясының басшысы 19 наурызда еліміздің барлық өңірлерінде сайлауды ұйымдастырушылармен семинар-кеңестер өткізу шаралары аяқталатынына тоқталды. Бүгінде аумақтық сайлау комиссияларының мәжілістері дауыс беру күніне әзірлік шараларына байланысты өтіп жатыр. Бұл шараларға жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысуда.