Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама



бет5/12
Дата27.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#45770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Еділ отчеть 2022

Перикардит перикардтың (үлпершектің) қабынуы, вирустық инфекция немесе жүректік ұстаманың нәтижесінде дамиды. Перикардит ревматоидтық шабуылдың, бүйрек ауруларының немесе үлпершекті тесіп өткен жарақаттың нәтижесінде дамуы мүмкін. Оның симптомдарына тыныс алудың қиындауы, дене қызуының көтерілуі, шаршағыштық жатады. Оларды көп жағдайда қабынуға қарсы заттарды қолдану арқылы басуға болады, кей жағдайларда хирургиялық ем қажет.Перикард бірнеше қызмет атқарады. Оларға мыналар жатады. Жүрек пен оның ірі тамырларын көкірек орталығына бекітіп, белгілі жағдайда ұстап тұрады; Жүректі жарақаттанудан және оған өкпе тіндерінен, көкірек орталығынан микробтардың өтуінен сақтандырады; Диастола кезінде жүректің тым артық керіліп кетуінен сақтандырады;
Маңызды рефлексогендік орын болып есептеледі. Онда жүрек соғуының күші мен жиілігін реттеуге қатысатын көптеген механо- және хеморецепторлар бар. Перикардтың бүліністерінде қанайналым жеткіліксіздігіне әкелетін көптеген дерттік рефлекстер пайда болуы мүмкін. Перикард қуысында кеуде қуысындағыдай теріс қысым болады. Жоғарғы және төменгі қуыс көктамырларда, оң жүрекше қуысында диастола кезінде қан қысымы перикард қуысындағы қысымнан су бағанасы бойынша 4-6 см ғана артық. Сондықтан перикард қуысында қысымның тіпті азда болса көтерілуі оң жүрекке қанның ағып келуін қиындатады. Мұндай жағдайлар перикард қуысында сұйықтықтың жиналуынан болады. Ол: Жүрек қалтасының қабынуында (экссудациялық перикардит); Су мен тұздардың алмасуы бұзылғанда, қанда нәруыздар азайғанда (гидроперикардиум); Перикард қуысына қан құйылғанда (гемоперикардиум) т.б. жағдайларда кездеседі.
Перикард қуысына сұйық тез және баяу жиналуы мүмкін. Тез жиналуы жарақаттанудан немесе миокард инфаркты нәтижесінде жүрек жыртылу кездерінде болатын қан құйылудың әсерінен немесе гидроперикардиум тез дамығанда байқалады. Перикард нашар созылатындығынан оның қуысында қысым көтеріледі де, жүретің диастола кезіндегі кеңуіне бөгет жасайды, тез дамитын жүрек тығындалысы пайда болады. Бұл кезде жүрек қуыстарының қанға толуы азаяды, систолалық қан көлемі мен артериялық қысым төмендейді, веналық қысым котеріледі. [1]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет