Перикардитпен ауырған малды клиникалық және зертханалық тексерулерден өткіздік.
Бұл ауруды тексергенде төмендегі өзгерістерге аударылады: малдың жалпы күйінің нашарлығы, дене қызуының көтерілуі, дем алысының жиілеуі, кілегей қабықтарының көгеруі, ісіктерінің пайда болуы, жүрек түрткісінің жайылыңқылығы, жүрек тұсын сипалағанда ауырсынғандықтың білінуі, жүрек саздарының не қатты, не ақырын естілуі, сұйық толқынның және басқада шуылдардың естілуі, жүрек шекарасының ұлғаюы, тамыр соғысының жиілеп, әлсіз естілуі, қанның жоғарылауы, бауырда, ішектерде, өкпеде қанның шоғырлануы, рентгенограммада жүректің көлемінің ұлғаюы, шекарасының нашар айқындылығы, фонокардиограммада жүрек саздарының не әлсіз, не қатты жазылуы, шуылдардың болуы. Лабораториялық зерттеуде қанда – лейкоцитоз, зәрде – белок.
Қанның лейкоформуласы тақтаға сызылып көрсетіледі. Оны өз дәптерлеріне көшіріп алады. Осылай барлық деректер жиналып болғаннан кейін студенттерге ауруды анықтау жөнінде сөз беріледі. Аурудың бастапқы кезінде және даму процесінде, оның түрлеріне байланысты клиникалық белгілерінің өзгеріп отыратынына көңіл бөлінеді. Мәселен, жүрек тұсындағы ауырсынғандық әсіресе жарақатты перикардитте; үйкеліс шуылдары жүрек қабының фиброзды қабынуында; жүрек түрткісінің әлсіз, жайылыңқы болуы, шекарасның ұлғаюы, ауырсынғандықтың болуы және дене қызуының көтерілуі экссудатты перикардитте болатыны анық. Жалпы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде үлкен қан айналу шеңберінде артериялық қан қысымының төмендеп, ал веналық қан қысымының жоғарылауы, қан айналысының баяулауы, тамыр соғысының әлсіреуі байқалады. Ал организм улана бастағанда малдың күйі нашарлап, дене қызуы көтеріліп, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, лейкоцитоз пайда бола бастайды.
Бұл ауруды ұқсас аурулардан саралау мәселесіне студенттердің көңілі аударылады. Олардың ішінде кеуде қуысына транссудаттың жиналуы ( гидроторакс ), жүрек шемені, экссудатты плеврит аурулары.
Бірінші екі аурудан перикардиттің айырмашылығы жүректің тұсын сипалағанда ауырсынғандықтан байқалуы, үйкеліс шуылының естілуі және дене қызуының жоғары болуы. Ал экссудативті плевритте күңгірт дыбыстың жоғарғы шекарасы малдың денесінің кеңістікке қатысын өзгерткенде де өзгермейтін түзу сызық болуы және ауырсынғандықтан жүрек тұсынан басқа жерлерде байқалуы.
1.Перикардитте қабыну процесінің даму механизмң.
2.Жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің даму механизмі.
3.Гемодинамиканың өзгеру механизмі.
4.Басқа ағзалардағы өзгерістердің даму механизмі және т.б.
Миокардозбен ауырған клиникалық және лабораториялық
тексерулерден өткізіліп, оның нәтижелерін талдау.
Миокардиоз дегеніміз қабынусыз өтетін биохимиялық, биоэнергетикалық және зат алмасу процестерінің бұзылуынан жүрек етінің негізгі атқаратын қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Себептері механикалық, химиялық, температуралық, биологиялық және стрестік болып бірнеше топқа бөлінеді. Ауру кетоздарда, гиповитаминоздарда, буаз малдардың токсикозында, тиреотоксикозда, қантты диабетте, организмнің майлануында жиі дамиды. Негізгі себептерінің қатарына құнарсыз азық, әрі түрлі уланулар жатады. Миокардиоз көп жағдайда гепатоз немесе гепатитпен бірге жүреді.
Дамуы. Аурудың себептерінің әсерінен жүрек етінде биохимиялық және биоэнергетикалық процестер өзгереді де, ондағы зат алмасудың барысын тежейді. Осыдан барып жүрек етінің жиырылу қабілеті төмендейді. Кейіннен жүректің негізгі қызметтері бұзылады. Ол басқа да жұмыстарының өзгеруіне апарып соғады. Кардиомиоциттердегі зат алмасуының бұзылуы бүртікті және майлы дистрофияларды тудырады. Ол дистрофиялар көбінде қатарынан жүреді де, жүрек етінің жиырылу қабілеттілігін әлсіретеді, аритмия пайда болады. Геодинамика және газдардың алмасуы бұзылады.
Белгілері. Аурудың бастапқы кезінде онша білінбейтін клиникалық белгілері кейіннен ауру малдың әлсіреуімен, тәбетінің нашарлауымен, жұмысқа қабілеттілігінің және өнімінің төмендеуімен сипатталады. Тахикардия, жүрек түрткісінің әлсіреуі, бірінші саздың қатты естілуі, екіге бөлінуі, ұзаруы; неінші саздың нашар естілуі, қан қысымының көтерілуі байқалады. Жүрек циклындағы қысқа үзіліс ұзарады.
Диагноз.Аурудың бастапқы кезінде оны анықтау қиындау болады.
Әйткенімен жүрек саздарының өзгерістеріне, аритмияға, дене қызыуының көтірелмеуіне көңіл бөлген жөн. Ауыр жағдайда: кілегей қабықтардың көгеруі, демікпе, ісіктер, тахикардия анық білінеді.
.