Практика сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: апта практика сағат. Практика сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет20/25
Дата17.10.2023
өлшемі41,36 Kb.
#117585
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
12-апта. 23-практика. 1 сағат.
Практика сабағының тақырыбы: Білім және ғылым саласындағы өзгерістер.
Практика сабағының жоспары:
1. Соғыстан кейін жылдардағы жалпыға бірдей білім беруге көшу.
2. Жаңа жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының ашылуы.
3. Республикада Ғылым Академиясын ұйымдастыру.
4. Қоғамдық ғылымдар саласындағы жалпы саяси бақылау.
Сабақтың мақсаты: Бейбіт құрылысқа көшудің күрделілігі мәселесін архивтік және нормативтік құжаттар негізінде талдау. Білім, ғылым және мәдениетті дамытудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қарастыру. Сонымен қатар Е.Бекмаханов, Қ.Сәтпаев, Б.Сүлейменов және басқа да тұлғалардың «Іс» талдау жасау. «Зар-заман» мектебі ақындарының мұрасының сыналуы мен оны зерттеуге тиым салу мәселесін талдау.
Методикалық нұсқаулар: Жастарды өндірістен қол үзбей оқытудың мәнін ашу. Қазақстан ғылымы үшін Қазақ КСР Ғылым Академиясының мәртебесін көрсетіңіз. Қазақстан ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметіне талдау жасау. Қоғамдық ғылымдардың дамуының күрделі шарттарын ашу. Ғылым мен білімнің дамуына идеологиялық догмалар мен стериотиптерінің ықпалына назар аудару және талдау.


12-апта. 2-практика. 1 сағат.
Практика сабағының тақырыбы: Кеңестік Қазақстанның экологиялық мәселелері.
Практика сабағының жоспары:
1. Экологиялық дағдарыс себептері.
2. Ядролық сынақтардың салдары.
3. Тың жерлерді ойластырылмай игерудің салдары.
4. Өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластауы.
Сабақтың мақсаты: Жаңа тарихи зерттеулер мен архив құжаттары негізінде кеңестік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының экологиялық мәселенің туындауына алып келген қайшыдықтар мен қиындықтардың мәні мен мазмұнын ашып көрсету. (Семей ядролық полигоны, Арал теңізі, Шығыс Қазақстан, республиканың оңтүстігіндегі химиялық өндіріс, тың жерлерді ойластырмай игерудің салдары- топырақ эрозиясы). Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың қызметтерін талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет