11- континентальды шекара
Мемлекетті континенталды контекстте бөлетіндер (Sociedad Geográfica de Colombia, 2017).
12 - континенттен тыс шекара
Олар Ұлыбританияға тиесілі Британдық Виргин аралдары, Монсеррат және Ангилья сияқты аумақтық аймақтан тыс (200 теңіз милін құрайтын теңіз кеңістігін қоса алғанда) аралдар, аралдар немесе кілттер; АҚШ-қа тиесілі Виргин аралдары мен Гавайи; o Францияға тиесілі Синт-Мартен және Гваделупа.
Олар әдетте 18-19 ғасырларда Англия, Франция және Нидерланды сияқты империялық экспансия тарихы бар елдерге жатады.
6. Дүние жүзі саяси картасының пайда болу кезендері.
Дүние жүзiнiң қазiргi саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтiк даму кезеңдерiнiң ықпалы зор. Бұл — өте ұзаққа созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бiрнеше тарихи кезеңдердi басынан өткiздi. Осыған сәйкес дүниежүзiнiң саяси картасының қалыптасуының да әртүрлi кезеңдерi бар. Қоғам дамуының негiзгi заңдылықтарына сүйене отырып, дүниежүзi саяси картасының қалыптасуын төмендегiдей кезеңдерге бөлемiз: ежелгi, ортағасырлық, жаңа және қазiргi заманғы. Осы себептi саяси картаны “дәуiр айнасы” деп бекер айтпаймыз.
Ежелгi кезең (б. з. V ғ. дейiн) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушiлiк дәуiрдi толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттiк құрылымдар — Египет, Ежелгi Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгi Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуiмен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдiк өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөлiктерiндегi негiзгi келбеттi өзгерiстер әскери күш қолданысы арқылы жеңiске жеткендердiң есебiнен жүзеге асырылды
Келесi ортағасырлық кезеңде (V—ХV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келедi. Феодалдық мемлекеттердiң саяси билiк құрылымдары құл иеленушiлiк құрылыстан гөрi күрделi әрi жан-жақты едi. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесi айқын байқалып отырды.
Осы себептi ұлан-байтақ жердi мемлекеттер үнемi бөлiсумен келдi. Ол заманда Жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз едi. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русi, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (ХV ғ. соңынан — ХХ ғ. басына дейiн) — капитализм дәуiрiнiң пайда болуына, өрлеуiне және орнығуына сәйкес келедi. Капиталистiк қоғамдық қатынастардың бас кезiнде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзi Жаңа Дүние материктерiне жол салып, дүниежүзi картасын үлкен өзгерiске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс — отаршылдық, құлдар саудасы және ерiксiз түрде өз дiндерiн жергiлiктi ұлт өкiлдерiне күштеп таңуға ұласты.
Әсiресе, дүниежүзiнiң саяси картасын бөлiсу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында ХIХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiн барынша өршiдi. Мұны бiз Африка материгi мысалынан айқын көремiз. -ы еуропалық мемлекеттердiң отары болса,1876 жылы осы материктiң бар-жоғы 10 -дан асты. ХХ ғасырдың басында дүниежүзiнiң саясиал 1900 жылы бұл көрсеткiш 90 картасы түгелдей өзгерiп, нәтижесiнде мұндағы жер аумақтары тұтастай дерлiк отаршыл метрополиялар бодандығындағы отар және олардың ықпал ету аймақтарына бөлiнген жартылай отар елдерге айналды. Ендiгi жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келдi. Ол iрi державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және отар жерлердi қайта бөлiсу үшiн болған аймақтық қақтығыстар мен Бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа әкелiп соқты.
Қазiргi заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнiң басталуы дүниежүзiнiң 38 мемлекетi қатысқан Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталу уақтысымен тұспа-тұс келiп, ол бүгiнге дейiн созылуда.
ХХ ғасырдың басында Жер шарында тәуелсiз дербес мемлекеттер саны 55 болса, ал 72 мемлекет қатысқан Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi жылдары олардың саны 81-ге жеттi. Бұл елдердiң Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсiздiктерiне қол жеткiзе алған Азия құрлығының жас мемлекеттерi болды. Олардың қатарында осындағы аса iрi елдер — Үндiстан, Индонезия, Пәкстан, Филиппин, т.б. бар. Бiрiншi және Екiншi дүниежүзiлiк соғыстар аралығы мен одан кейiнгi уақыт қазiргi саяси картаның бiрiншi немесе алғашқы кезеңi деп аталады.
Бұл кезең Ресей, Австрия-Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы (КСРО), т.б. мемлекеттердiң құрылуымен және социалистiк жүйе елдерiнiң саяси картада пайда болуымен сипатталады. Сонымен бiрге осы кезең аймақтық қақтығыстар мен дүниежүзiлiк соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасының (1920 ж.), әсiресе қазiргi кездегi аса беделдi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (1945 ж.) құрылуымен ерекшеленедi.
1950 жылдардың соңында егемендi мемлекеттердiң саны 92-ге жеттi. Ендi Азия елдерiмен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды.
Ең алдымен, оның солтүстiгiндегi араб елдерiнiң көп бөлiгi, оның артынша тропиктiк Африкада — Гана (1957 ж.) ең бiрiншi болып, ал келесi жылы Гвинея өз тәуелсiздiктерiн алды. 1960 жыл «Африка жылы» болып есептелiнедi. Өйткенi тек осы жылы аталған материктiң 17 елi өз егемендiктерiне ие болды. Отаршылдықты жою процесi басқа материктерде де қарқынды түрде дамыды.
Осы заманғы саяси картаның алғашқы кезеңi мен 1980 жылдардың соңғы межесiне дейiнгi уақытты шартты түрде оның екiншi кезеңi дейдi. Бұл кезеңде отарлық империялар ыдырап, олардың орнында ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесiнде дамушы елдер деп аталынатын жүзден астам жас тәуелсiз мемлекеттер саяси картада пайда болды.
1990 жылы планетамызда егемендi ел 171-ге жеттi. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық-этникалық құрамы негiзiнде екi Йемен — Солтүстiк және Оңтүстiк Йемен Араб мемлекеттерi қосылып, Арабия түбегiнде жаңа мемлекет — Йемен Республикасы пайда болды. Ал қазан айында екi Герман — Батыс және Шығыс Германия мемлекеттерi бiрiктi.
Осы себептi 1991 жылдың қаңтары қарсаңында дүниежүзiнiң саяси картасында егемендi мемлекеттердiң саны 169-ға дейiн қысқарды.1991 жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдерi — Литва, Латвия және Эстония тәуелсiздiктерiн алды. 1991 жылдың соңында КСРО ыдырағаннан кейiн, оның орнында егемендi, жас тәуелсiз мемлекеттер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Әзiрбайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер ендi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды. Абхазия мен Оңтүстiк Осетия төңiрегiндегi ұзаққа созылған дау-дамай 2008 жылдың тамызында қарулы қатығысқа ұласуы салдарынан Грузия өз тарапынан ТМД құрамынан шығатынын мәлiмдедi. Нәтижесiнде, бiр жылдан соң ол мұндағы мүшелiгiн толық тоқтату туралы шешiм қабылдады.
Осы жерде ескере кететiн бiр жәйт, ол Ресей араласуымен Кавказ аймағының саяси картасында пайда болған Оңтүстiк Осетия және Абхазияны, егемен ел ретiнде Ресейден басқа дүние жүзiнiң екi-ақ (Никарагуа мен Венесуэла) мемлекетi танып отыр.
Югославия Социалистiк Федеративтiк Республикасында басталған саяси науқан қарулы қақтығыстар мен соғысқа айналып, ақырында оның ыдырауына әкелiп соқтырды. Югославияның құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың орнына келесi тәуелсiз мемлекеттер пайда болды: Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония. Тек Сербия мен Черногория республикалары ғана алғашында — Югославия Одағына бiрiктi, кейiннен федеративтiк құрылымдағы аталмыш республикалар атауымен конфедеративтiк негiзде қайта жаңғырды. Бiрақ өзара келiспеушiлiктер себебiн 2006 жылы осы екi республика жеке мемлекеттерге бөлiндi. Ал Сербияның Косово және Метохия аймағы 2007 жылдың соңында өз егемендiгiн жариялады.
1993 жылдың қаңтарында Чехо-Словакия Федерациялық Республикасы өзiнiң бiрiгiп өмiр сүруiн тоқтатып, оның орнында тәуелсiз екi мемлекет: Чехия және Словакия республикалары құрылды.
Дүниежүзiнiң қазiргi саяси картасының осы үшiншi кезеңiне өзiмiз куә болып отырмыз. Бiртұтас Кеңес Одағы, Югославия және Чехо-Словакия Федерацияларының бұрынғы республикаларының егемендiк алуы, социалистiк жүйенiң ыдырауы мен басқа да тәуелсiз мемлекеттердiң (Эритрея, Палау, Шығыс Тимор) пайда болуы және бүгiнгi таңдағы дүниежүзi картасындағы көптеген саяси өзгерiстердi осы соңғы кезеңге жатқызамыз. Қазiргi кезде дүниежүзiнiң саяси картасында 240-қа жуық егемендi тәуелсiз мемлекеттер және отарлық иелiктер мен тәуелдi жер аумақтары (оның iшiнде тәуелсiздiгi танылмаған мемлекеттiк құрылымдар) бар. Бүгiнгi таңда Бiрiккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) 194 мемлекет мүше.
Жоғарыдағы жаңадан құрылған мемлекеттер БҰҰ-ның құрамына, оның Бас Ассамблеясы сессиясының шешiмi бойынша қабылданды. Мысалы: бұрынғы КСРО мен Югославия республикаларын БҰҰ-ға қабылдау рәсiмi 1992 жылдың көктемiнде жүзеге асты.
7. Дүние жүзі саяси картасының негізгі объектілірі.
Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты үш топқа :
1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ;
2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі;
3) тәуелсіз танылмаған елдер мен мәртебесі анықталмаған аймақтар.
Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды;
Достарыңызбен бөлісу: |