Практикалық жұмыс №1


Жануар ағзасын клондаудың заманауи әдістері



бет29/33
Дата07.06.2023
өлшемі1,33 Mb.
#99565
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Жануар ағзасын клондаудың заманауи әдістері 1996 жылы Долли қозысын клондаудан емес, 1962 жылдан басталады. Осы жылы Оксфорд университетінің зоолог профессоры Джон Гордон (Гёрдон) алғаш рет омыртқалы жануар – бақаны клондауды жүзеге асырды. Ол үшін бақаның жұмыртқа жасушасы – уылдырығын алды. Оның ядросы ультракүлгін сәулеленудің дозаланған әсерімен бұзылды. Кейін микроине көмегімен бұл жасушаға сома (дене) жасушасының ядросы енгізілді. Осы диплоидты жасушаға шамалы әсер еткен соң ол бөлшектене бастайды. Эмбриогенез нәтижесінде сомалық ядро және жұмыртқа жасушасының протопласты бар осындай «конструкциядан» толыққанды бақа ағзасы дамыды. Бұл жоғары сатыдағы (омыртқалы) жануар ағзасын жасанды клондаудың ең алғашқы үдерісі болып есептеледі.
Жануарларды клондаудың кейінгі жетістіктері. Сол кезден бері жануарлардың көптеген түрлерін клондау жүзеге асырылды. Жануарларды клондаудың барлық сәтті және сәтсіз әрекеттерін зерттеушілер алдына қандай мақсат қойғанына байланысты үлкен үш топқа бөлуге болады. Олардың әрқайсысын нақты қарастырайық.
Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін клондау – ғаламшарымыздың биоалуантүрлілігін сақтау әрекеттері. Бұл әсіресе Доллиді қосқанда көптеген клондар «жаңа, жас» үлгілерден емес, өлген жануарлардың криоконсервіленген ұлпаларынан алынды. Осылай «Алдыңғы қатарлы жасуша технологиялары» атты арнайы америкалық компанияның 2003 жылы жойылып бара жатқан үндіқытай өгізі Бантенгті клондау әрекеті сәтті болды. «Аналық» ретінде мұздатылған және 23 жыл сақталған жануар жасушасы алынды. Суррогат ана ретінде сиырды пайдаланды. Бірақ клондау жүргізілген екі өгіздің біреуінің дамуында ауытқу байқалды. Бір әрекет қана сәтті болды. Қазір осы түрдің шамамен 8 мың дарасы бар екенін ескерсек, олардың табиғи жолмен көбеюінің болашағы едәуір зор.


Техникалық және инструментальдық құралдар: Үлестірмелі материалдар, презентация, видеоматериалдар


Сабақты өткізу тәртібі: құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, пікірталас, тақырыпты талқылау, тест жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет