Јдебиеттіѕ предметі адам яєни адамтану екенін ескерсек јрбір



бет1/5
Дата21.11.2022
өлшемі301,5 Kb.
#51569
түріДиплом
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дип.-ТӨЛЕН-ӘБДІКҰЛЫ-ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ-КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ – ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Шымкент институты
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Орындаған: Жақыпбекова Р.


Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф. К. Сыздықов

Қорғауға жіберілді


Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к. доцент С. Бекмырза
«____»____________2006 жыл
Шымкент - 2006

Жоспар
I. Кіріспе


II. Негізгі бөлім


1 тарау. Т. Әбдікұлы әңгімелеріндегі авторлық тұжырымдама.


2 тарау. Жазушы повестерінің проблематикасы және образдар жүйесі


3 тарау. Т. Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі (тіл өрнегі, стильдік оралымдары)


III. Қорытынды





  1. Т

    ақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің 70 – 80 жылдардағы қазақ прозасына өзінің тосын тақырыптарымен келген талантты да талапты Т. Әбдікұлы қазақ әдебиетінің озық дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғастырып, қазақ әдебиетін мазмұн, түр, тақырып жағынан ерекше байытты. Осы кезеңдегі өзінің замандастарының ортасында келе жатқан, ешкімге ұқсамас өзіндік мәнер машығымен дараланған Т. Әбдікұлының творчествасын айтуымызға болады. Төленнің даралық қасиетінің өзі сол аз жазғандығымен , аз жазса да жеріне жеткізіп саз жазатындығымен бағалы. Содан да болар көптеген сыншы әдебиетшілердің Т. Әбдікұлының кейбір жекелеген шығармаларына бірді – екілі пікірлері болмаса, арнайы зерттеу объектісіне айналмаған.



Еңбекте жазушының көркемдік ерекшеліктері, психикалық талдау тәсілдері шығармаларды талдау барысында көптеген сыншылардың, жазушылардың ойлы пікірлері айтылады.

  1. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Т. Әбдікұлының әңгімелер мен повестеріне арқау болған тақырыптар мен идеяларды, заман шындығы мен көркем шындықтың және автордың шығармашылық өмірге келген тың көркемдік ізденістерін ашып көрсетуге болады. Осы мақсатқа жету үшін алға міндеттер қойылды:

- Сол кезде 70 – 80 жылдары жарық көрген таңдаулы қазақ әңгімелері мен повестерінің жазушы ұстанған шығармашылық философиялық және психологиялық жағына талдау жүргізу.
- Қазіргі замандық таңдаулы қазақ әңгімелері мен повестерінің қазақ прозасынан алатын орнын белгілеу.
- Жазушылардың әрқайсысының өзіне тән көркемдік ерекшеліктерін айқындай отырып, Т. Әбдікұлына тән қасиеттерді саралау, желеу.

  1. Жұмыстың әдістемелік негіздері. Т. Әбдікұлының әңгімелері мен повестерін және сол кезеңдегі өзінің замандастарының шығармаларын ала отырып психологиялық, философиялық тұрғыдан және тілі, стилі, шығармалардың құрылымы және көркемдік ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып салыстыру.

  2. Ж

    ұмыстың құрылымы.



Кіріспеден, негізгі бөлімнен, 3 тарау,
1 тарау. Т. Әбдікұлы әңгімелеріндегі авторлық тұжырымдама.
2 тарау. Жазушы повестерінің проблематикасы және образдар жүйесі
3 тарау. Т. Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі (тіл өрнегі, стильдік оралымдары) және қорытындыдан тұрады.

Кіріспе

Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес пе? Барлық нәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының табиғи, биологиялық, физикалық , психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді.


«Адам психикасы оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарына жан талдау тәсілін тудырып, адам
мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады» (1,3) деген пікірге ден қойсақ, көркем әдебиеттің ерекшелігінің өзі сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын, күйініш – сүйініштерін бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты.
Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан талдау ,
жалпы прозадағы психологизм, лиризм, сондай – ақ көркемдік тәсілдің түрлері ретінде «ішкі – монолог» «ой ағыны» т.б. мәселелер де көптеп сөз болып жүр. Психологиялық талдау дәстүрі кімнен басталып қазақ әдебиетіне қайдан келді. Алғашқы үлгілері қай жазушылардың творчествасында көрініс берді.
Психологиялық талдау дәст үрлі әлем әдебиетіндегі жаңалық
ретінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында ғана
дүниеге келгені мәлім. Алғаш рет австралиялық дәрігер - психолог З. Фрейд(1856 – 1939) ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен бертін келе адам психикасын зерттеу аумағы кеңейіп, өзге де өнер салаларында, соның ішінде әдебиетте көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастайды.
Ал, орыс әдебиетінің сынында «психологиялық талдау» деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л.Н. Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде қолданылады.
Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов,
И.А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын
тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов,
Л.Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л.Собольев сияқты белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты.
Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.
Мұндай кемелдіктің түп – төркіні М. Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Б.Майлин сынды жазушыларымыздың әдебиет пен мәдениеттің озық үлгілерін творчестволықпен меңгерген көркемдік ізденістерде жатыр. ХІХ ғасырда пайда болған прозадағы психологизм ағымын қазақ әдебиетінде көркемдік дәстүрге айналдырып оның кең қанат жаюына олардың қосқан үлесі зор. Алайда, тақыр жерге еш нәрсенің шықпайтынын ескерсек, психологизм мәселесі қазақ әдебиетінде бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның тарихи тамыры сонау есте жоқ, ескі заманда пайда болып, қалыптасқан ауыз әдебиеті үлгілерін де жатыр. Мысалы, ауыз әдебиетінің құнарлы бір саласы ертегі, өлең – жырларда қаһарманның қайғы – зарын суреттейтін тұстарда психологизм элементтері бұрыннан - ақ бар.
Ал ХХ ғасырдың басындағы өзге жазушыларға тоқталып жатпай – ақ, бір ғана М. Әуезовтің «Қаралы сұлу», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т .б. әңгімелеріндегі терең психологизмді айтпағанда, психологиялық очерк деп ат қойып, айдар тапқан «Қасеннің құбылыстары» атты шығармасының өзі психологиялық прозаның алғашқылары еді.
Екіншіден, қазақ әдебиетінің 70 - 80 жылдардағы көркемдік көкжиегіне көз салғанда, әсіресе, қазақ прозасына тосын тақырыптарымен келген талантты да, талапты бір топ жастарды байқайтынымыз анық. Қазақ әдебиетінің озық дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғастырып, қазақ әдебиетін мазмұн , түр, тақырып жағынан ерекше байытты.
Осы кезеңнің әдебиетіміздегі ерекше көзге түсер өкілдеріне О. Бөкей, Д. Исабеков , Қ. Ысқақов, Ә. Тарази,
Ә. Сараев, М.Сүндетов, Т. Нұрмағанбетов т.б. жатқызуға болады. Әдебиетке алғаш 1969 жылы «Көкжиек» атты тұңғыш әңгімелер жинағымен келіп қосылған Т. Әбдікұлы, бүгінде біршама әңгімелер мен повестер жинақтарының авторы.
Жазушының: «Көкжиек», «Күзгі жапырақтар», «Ақиқат»,
«Айтылмаған ақиқат», «Өліара», «Таңдамалы», «Оң қол» атты жинақтарын қазақ әдебиеті қазынасына қосқан үлесі екенін білеміз.
Бұлардың ішінде «Өліара» романы өз алдына бір төбе
десек оған грек аңыздарының басын құрастырған аудармаларын «Біз үшеу едік» атты драмасын қосуымызға болады. Сан жағынан алғанда Төленнің шығармалары аздау.
Төленнің даралық қасиеті өзі сол аз жазатындығымен, аз жазса да саз жазатындығымен бағалы. Содан да болар, сыншы, әдебиетшілердің Т. Әбдікұлының кейбір жекелеген шығармаларына жол – жөнекей соға кеткен бірді – екілі пікірлері болмаса, арнайы зерттеу обьектісіне айналмаған. Шығармашылығын толық ауқымды қамты арнайы жүргізілген зерделі зертеуді кездестіре алмадық. Алайда, бұдан жазушы шығармаларының көркемдік деңгейі төмен екен деген ой тумаса керек. Керісінше аз жазса да , сапалы жазуға тырысуы, сондықтан да оның туындылары анда – санда бір туатын арыстанның күшігіндей, күн сайын мұхит түбіне үзбей сүңгіп айда - жылда бір жолықтыратын інжу – маржандай болса, онда ол тақиямызға тар келетін аса құнсыз дүние емес. Ендігі сөз Төленнің әңгімелері туралы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет