Практикалық жұмыс №5 Тақырыбы



Дата17.10.2023
өлшемі15,56 Kb.
#117206
түріСабақ
Байланысты:
Практикалық жұмыс №5


Практикалық жұмыс №5
Тақырыбы: Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар –химиялық ластану түрлері және радиациялық ластанудың әсері.
Сабақтың мақсаты: Радиациялық және химиялық қауіптілік жөнінде білімдерін тереңдету, иондаушы сәуле жайлы түсінік қалыптастыру.
Радиациялық ластану. Радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құралды- дозиметриялық құралдар деп атаймыз. Бұл құрал арқылы радиоактивті заттардың адам, жануар, жердің қанша ластанғанын анықтаймыз. Адам денесіне енген сәулелердің мөлшері арқылы адамға қанша зияндылығын анықталады. Оны өлшеу үшін адам денесіне сіңген сәуленің шамасын рентген қолданады. Радиация деңгейі жарылыстың алғаш сағатында тез төмендейді. Жарылыстан кейін 1 сағаттан соң деңгейі 100% көтеріледі. Дозиметр- жеке адамдарға арналған байқау құралы, радиометр- радиация көлемі өлшенеді, ренгеномертер- жер үстінде, техникада.
Ядролық қару- жарылыс кезінде ядролық реакциялардың жүруінің нәтижесінде болатын, ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделген қару. Зақымдау құралдары ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылыс ауада, жер, су асты мен үстінде болды. Оның толқындау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау, электрлік магниттік импульс. Радиоактивті заттар адамдарға 2 жолмен әсер етеді:

  1. гамма-сәуленің бета бөлшектерімен бөлініп, адамның ашық жеріне, терісіне қонады.

  2. Адам ішіне кетеді. Содан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті зат көп қонса, радиоактивті күйін алады. Олар қан арқылы адам бойына тарайды.

Радиацияға қарсы қорғаныс:

  • Радиациялық қауіп туралы хабарлама

  • Сол аймақ тұрғындарын қалай өздерін ұстауы туралы түсіндіру

  • Радиация деңгейін анықтау

- Дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек
- Су, тамақты радиоактивті ластану бойынша зерттеу жасау қажет
Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл және олар озон қабатын бірден – бір қосындылар.
Смог– үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:

  1. түтін немесе өндірістік газ қалдықтарынан құралған қалың тұман;

  2. фотохимиялық смог - өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол күннің ультрокүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды әрі өте улы келеді.

Фотохимиялық смог 1940-шы жылдарда Лос– Анджелес қаласында байқалған, қазірде ғаламшарымыздың барлық бұрыш– бұрыштарында көрінеді.
Смог көз көрерлікті төмендетеді, металдың тотығуын күшейтеді, денсаулыққа кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді.
Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен шектелмейді. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, oнкологиялық және көз аурулары көбейеді.
Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілінуінің негізгі күрделі факторлары:

  • ұшақтардың шығаратын газдары;

  • зымырандардың шығаратын газдары;

  • вулкан газдары;

  • фреонды пайдаланатын технологиялар;

  • атом жарылыстары.

Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары.
Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға, құртуға әсер жасайды.
Бақылау сұрақтары:
1.Техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі?
2.Техносфера дегеніміз?
3.Озон қабатының қазіргі күйі?
4.Радиациялық қауіптілік дегеніміз не?
5.Химиялық қауіптіліктің зардап зияны?
6.Иондаушы сәуле дегеніміз не?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет