Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық сайыс сабақ



Дата25.11.2023
өлшемі14,54 Kb.
#127771
түріСабақ
Байланысты:
Сыныптан тыс шара " Бәрін білгім келді " бастауыш класс


Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық сайыс сабақ
Мақсаты :
1. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету,өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,шығармашылық өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру ,логикалық ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,ізденімпаздыққа баулу,ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге
дағдыландыру
Сабақтың әдісі:сайыс
Көрнекілік: слайд
Сабақтың түрі:топтық жұмыс
I-тур « Кім жүйрік »
1-тапсырма.
Топбасшысына арналған сұрақтар
1. Әттең,даусым тілім жоқ,
Құшағымда білім көп.(кітап-книга-book)
2.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.(әріп-буква)
3.Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц-rabbit)
4.Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка)
5.Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық-кошка-cat)
6.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.(түлкі-лиса-box)
7.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.(қар-снег)
8.Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.(пияз-лук)
9.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады.(аяз-мороз)
II Тур «Айшықты сөздер»
Бұл тапсырмада бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі.Бұл сөздермен ана тілі
пәнінен шығармаларда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі.
Ойланып,мағынасын айтуларың керек.
1.Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2.Бетінен оты шықты(ұялу)
3.Ит өлген жер (алыс)
1.Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2.Көзді ашып-жұмғанша (тез,лезде)
3.Таяқ сілтем жер (жақын)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2.Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3.Қой аузынан шөп алмас (жуас)
III-тур « Кім жылдам ? »Мақалды жалғастыр.
1-топ
1.Тіл тас жарады,
тас жармаса... (бас жарады)
2.Бал тамған тілден..(у тамады)
3.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты ..(сөз бұзар)
4.Жақсы сөз-.. (жарым ырыс)
5.Шебердің қолы ортақ,шешенің... (тілі ортақ)
2-топ
1.Өнер алды -...(қызыл тіл)
2.Айтылған сөз-...(атылған оқ)
3.Жылы-жылы сөйлесең,жылан... (інінен шығар )
4.Басқа пәле...(тілден )
5.Тілге құрмет-...(елге құрмет)
3-топ
1.Өз үйім...(өлең төсегім )
2.Батыр туса ел ырысы,...(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3.Асыл тастан шығады,..(Өнер жастан шығады )
4.Ғылым теңіз,...(білім кеме )
5.Оқу инемен.....(құдық қазғандай )
IV-тур « Сен білесің бе?»
V-тур « Қас-қағым сәт» Логикалық тапсырмалар
1.Сыныпта 30 оқушы.Әрбір 6 қызға 4 ұлдан келеді.Сыныпта ұл бала нешеу?(12 ұл)
2.Ағашта9 құс қонып отыр.Аңшы бір құсты атып түсірді.Ағашта неше құс қалды?
(бәрі ұшып кетті)
3.Бір аяқта тұрғанда қораздың массасы 5кг.Екі аяқта тұрса,оның массасы қанша болады? (қораздың массасы 5кг)
4.Екінші аусымда оқитын екі дос мектепке бара жатыр.Олар бірінші аусымда оқитын
үш досын кездестірді.Мектепке барлығы неше бала бара жатыр? (2 бала)
5.Жолда келе жатқан екі бала 20 теңге тауып алды.Олардың артынан бес бала келе
жатыр.Олар қанша теңге тауып алды?(Ешқандай теңге таппады)
6.Анасы Серікке бірнеше алма берді.Ол алмалардың жартысын жеп ,қалғанын 4 алманы қарындасына апарып берді.Анасы Серікке барлығы қанша алма берді?
(4 алма дегеніміз алманың жартысы.Демек Серіктің барлығы 8 алмасы болған.)
7.Басы теңесіп тұрған таразының бір жағында табақта бір алма мен екі алмұрт,
екіншісінде екі алма мен бір алмұрт бар.Қайсысы жеңілдеу,алма ма әлде алмұрт па?
(алма мен алмұрттың салмағы бірдей)
8.Әкесі мен баласы велосипедпен келе жатты.Велосипедтерде барлығы 7 дөңгелек
бар.Сонда олар мінген велосипедтердің ішінде неше екі дөңгелекті, неше үш дөңгелекті велосипед бар?
(7=2+2+3.Демек,1 үш дөңгелекті,2 екі дөңгелекті велосипед болды. )
9.Төрт дос –Азамат,Берік, Серік женк Ғалым өзен жағасында отыр.Беріктің бойы
бәрінен ұзын емес,бірақ ол Азамат пен Ғалымнан ұзын ,ал Азамат Ғалымнан
қысқа.Балалардың бойының ұзындығына қарай орналастыр.
( Серік ең ұзыны,Берік,Ғалым,Азамат)
10.Анасы ,әкесі және баласы сәкіде отыр.Әкесі баласының сол жағында , анасының
оң жағында отыр.Кімнен кейін кім отыр? (анасы ,әкесі,баласы )
11.Қандай санның атының жазылыуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?(100-жүз)
12.Отбасында 2 бала бар.Мәрлен Ардақтың ағасы ,ал Ардақ Мәрленге аға емес.
Сонда Сұңғат кім?( Қарындасы)
13.Пойыздың 10 вагоны бар.Бауыржан басынан санағанда бесінші вагонға отырды,ал Ұлан аяғынан санағанда бесінші вагонда отырды. Екеуі бір вагонда отыруы мүмкін
бе ?(Бауыржан 5-ші,Ұлан 6-шы вагонға отырды)

14.Жарас Жалғастың баласы,ал Жалғас Кәрімнің баласы.Жарас Кәрімге кім болады?


(немере)
Қорытынды: Жеңімпаз топты анықтау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет