Жұмыстың мақсаты: Python-дағы негізгі математикалық амалдармен танысу.
Python программалау тілі түрлі есептерді шешуге арналған кітапханаларының арқысында бүгінгі таңда Matlab пен Octave қолданбалы программалар пакетінен асып түседі. Интерактивті режимде іске қосылған Python қуатты калькуляторға айналады. Бұл практикалық жұмыс барысында арифметикалық амалдар мен олардың санға қолданылуы туралы танысасыңдар.
Егер кейбір арифметикалық өрнектердің операндалары ретінде бүтін сандар қолданылса, нәтиже де бүтін болады. Бұл жағдайда бөлу амалының нәтижесі ғана нақты сан болады. Ал егер бүтін типті айнымалылар мен нақты типті айнымалылар бірге қолданылатын болса, онда нәтижесі де нақты болады.
Бүтін сандар (int) Python 3 программалау тіліндегі сандар қарапайым математикалық амалдар жиынтығын қолдайды.