Практикалық жұмыс №7



Дата10.10.2022
өлшемі0,83 Mb.
#42250
Байланысты:
№7 Практикалық жұмыс

Практикалық жұмыс №7.




Тақырыбы: Бейне материалдарды Youtube арнасына
жариялау.


Мақсаты: YouTube бейнематериалдар хостингісінің көмегімен бейне материалдарды жариялауды үйрену.


YouTube – бұл бейнематериалдар хостингінің сервистерін ұсынатын қызмет. Мұнда қолданушылар қандай да бір бейне- жазбаларды қосуға, қарауға не оларға түсінік беруге мүмкіндігі бар. YouTube қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығының арқасында бейнефайлдарды орналастыруға арналған ең танымал орындардың біріне айналды. Бұл сайтта кәсіби түсірілген фильмдер мен клиптермен қатар әуесқойлық бейнежазбалар, сонымен қатар бейнеблогтар ұсынылады.Ең алдымен бейне материалдарды YouTube-ке жариялау үшін аккаунт болу керек. Ол үшін кез келген браузердің мекен- жай жазу қатарына YouTube.com деп жазыңыз. Ашылған терезенің оң жақ жоғарғы жағында «Войти» батырмасын басыңыз (7.1 сурет).



7.1-сурет. YouTube-тың басты беті.

Ашылған терезеге Google аккаунтыңыз (@gmail.com) болса соны жазыңыз, егер болмаса «Создать аккаунт» батырмасын басу арқылы жаңа аккаун құру қажет. YouTube-қа тіркелгеннен кейін, ашылған терезеңіздің оң жағында «Создать» батырмасын басып, ашылған мәзір қатарынан «Добавить видео» батырмасын басыңыз (7.2-сурет).





7.2-сурет. Тіркелу және бейне материал жүктеу батырмасы.
«Добавить видео» батырмасын басқаннан кейін Сізге сурет

    1. көрсетілген терезе ашылады. Мұнда Сіз алдын ала дайындап қойған бейне материалыңызды таңдауыңыз қажет. Ол үшін

«Сүйреп алып келу» принципі бойынша компьютеріңіздегі (ноутбугыңыздағы) видеоңызды тышқанның көмегімен басып тұрып сүйреп алып келсеңіз болады немесе «Выбрать» батырмасын шертіп бейне материалыңыз қай жерде тұрғанын тауып, таңдап басыңыз (7.3-сурет).




7.3-сурет. Бейне материалды жүктеу терезесі.





7.4-сурет. Бейне материал туралы мәліметтер енгізу терезесі

Бейне материалыңыздың қандай да бір бөлігінде басқа видеоға, каналға, плейлистқа сілтеме беру үшін, «Добавить» батырмасын басу қажет. Егер сілтеме қоймаймын десеңіз


«Далее» батырмасын басасыз. Одан кейін қолжетімділік параметрлерін қою керек болады (7.5-сурет).
Оның үш нұсқасы бар:

  • Ашық қолжетімділік.

  • Сілтеме бойынша қолжетімділік.

  • Шектеулі қолжетімділік .




7.5-сурет. Бейне материалға қолжетімділік параметрін таңдау терезесі.





7.6-сурет. YouTube каналға жүктелген бейне материал терезесі

7.6-суретте көрсетілгендей, Сіз YouTube каналыңызға жарияланған бейне материалыңыздың сілтемесін көшіріп алуыңызға және басқа әлеуметтік желілерге жіберуіңізге болады. Сонымен қатар, бейне матералыңыздың қолжетімділігін кез келген уақытта YouTube каналыңызға кіріп өзгертуіңізге болады. YouTube каналға бейне материал жариялаумен қатар, Сіз каналыңызда YouTube Live тікелей трансляция жүргізуіңізге


болады.
YouTube Live тікелей трансляциясы – көрермендермен нақты уақыт режимінде сөйлесудің ыңғайлы жолы. Мысалы, онлайн- семинарлар өткізуге немесе сұрақтарға онлайн жауап беруге болады. Эфир кезінде ақаулықтар болмас үшін, жабдықтың жұмысын, сондай-ақ дыбыс пен бейнені тексеріңіз:

      • Бейнені түсіру жолдарының жоспарын алдын-ала ойлаңыз. Объективті ешнәрсе жауып тұрмауы тиіс.

      • Дыбыс сапасын оңтайландырыңыз. Хабар тарату үшін тыныш орынды таңдап, жел, көше және басқа да бөгде шу кедергі жасамауын қадағалаңыз. Көрермендер сізді әрдайым жақсы естіп тұруы тиіс, микрофонды немесе басқа дыбыстық жабдықты пайдаланыңыз.

      • Сигнал деңгейін және интернет байланыс жылдамдығын тексеріңіз. Бейне және дыбыс сапасы эфир бойы жоғары болуы үшін, ең күшті сигналмен Wi-Fi желісіне қосылыңыз. Компью- терде Google Chrome браузерін пайдалануға кеңес береміз.

Тапсырма:

  1. YouTube канал құрыңыз.

  2. Алдынғы практикалық жұмыста дайындаған бейне сабағыңызды каналға жүтеңіз, сілтемесімен достарыңызбен бөлісіңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет