Топтық жұмыс. Топ: 1703-51. Тақырыбы: БАҚ жүйесі,қызметі қазіргі жағдайы. Видеоға қатысқандар: Бигелді Д. Джумадуллаева Д. Жармұханбет Н. Исмаил А. Камалова К. Кеңес М. Көшер Д. Құттыбай А. Өмірбек А. Өркенбай А. Пернеханова А. Русланқызы Ә. Сәден А. Садық Ж. Саулембай А. Солиева Ф. Хабибулла С.
Мәлімет жинағандар: Сман П. Бекен А. Кудратуллаева К.
Видео монтаждағандар: Сман П. Мұхан А. Нәдір Ә.
Вордқа жинақтағандар : Нәдір Ә. Кулетова С.
Сауалнама жасағандар:Икрамова Т. Юнусова С.
Сауалнама ссылка: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoP5OwsRnlfaXTVifIUwCmjEYN_q_2cAMObu_ZzQrsTyi_XA/viewform?usp=sf_link
БАҚ анықтама. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. Mass media) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
БАҚ-тың қоғамдағы рөлі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
БАҚ-тың атқаратын қызметі БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді.
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды.
БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады.
БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді.