Практикалық жұмыс І. Операциялық жүйелерді баптау.
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау-Басқару тақтасы пунктерін таңдаңыз.
2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі Күні және уақыты белгісін екі рет шертіңіз.
3. Экранда Қасиеттер: Күн және уақыт сұхбат терезесі екі немесе үш қосымша бетпен бірге пайда болады.
4. Күн және уақыт қосымша бетін таңдаңыз.
5. Күн бөлімінде өзіңіздің туған күніңізді (күні, ай, жыл) тағайындаңыз.
6.Уақыт бөлімінде мектептегі сабақтың басқару уақытын тағайындаңыз.
7.Қолдану батырмасын шертіңіз.
8. ОК батырмасын шертіңіз.
ІІ.Жұмыс үстелін баптау.
1. Іске қосу батырмасын шертіп, негізгі мәзірден Баптау –Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.
2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі Экран белгісін екі рет шертіңіз.
3. Экранда Қасиеттер:Экран сұхбат терезесі шығады
4. Тақырыптар (Темы) қосымша бетін таңдаңыз.
5. Фондық суретті таңдап, ОК батырмасын шертіңіз. Жұмыс үстелінің фондық суретінің өзгергенін тексеріңіз.
ІІІ. Қыстырма бет (Заставка) параметрлерін баптау. Қыстырма бет - монитордың пайдалану уақытын созуға қызмет ететін программа. Егер пайдаланушы бірнеше минут пернетақта мен тышқанды пайдаланбаса, экранда қыстырма бет пайда болады. Қыстырма бет тізімдер өрісінен қыстырма программалардың біреуін, ал Интервал өрісінен пернетақтаны соңғы пайдаланғаннан бастап программа жұмысын бастағанға дейінгі уақытты таңдауға болады.Қыстырма бетті орнату үшін мыналарды орындаңыз:
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз;
2. Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз;
3. Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
4. Қыстырма бет тізімінен кез келген қыстырма бетті таңдаңыз. Көрініс бейнесін компьютер экранында Экран терезесінен көресіз. Қарап шығу батырмасын шертсеңіз, қыстырма бет компьютер мониторында пайда болады.
ІV. Көлемдік мәтін қыстырма бет параметрлерін баптау.
1 Іске қосу (Пуск) батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.
2 Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз.
3 Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
4 Қыстырма бет тізімінен Көлемдік мәтін ( Обьемный текст ) қыстырмасын таңдаңыз.
5 Баптау батырмасын шертіңіз.
6 Қыстырма бет параметрлерінің Көлемдік мәтін қыстырмасының параметрлері сұхбат терезесіндегі Мәтін өрісінен кез келген мәтінді, қозғалыс стилін, жылдамдығын, өлшемін таңдаңыз.
7 ОК батырмасын шертіңіз.
V. Дайындау схемасын баптау
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз;
2. Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз;
3. Рәсімдеу (Оформление) қосымша бетін таңдаңыз.
4. Схема өрісінен кез келген дайындау сұлбасын, ал Элемент өрісінен түсін өзгерткіңіз келген элементті таңдаңыз.
5. Егер құрылған сұлбаңызды жойғыңыз келсе, онда оны Схема өрісінен таңдап Жою (Удалить) батырмасына шертіңіз.