5.5 Агрохимиялық зерттеулер жүргізу мақсатында топырақтың сапасын бақылау Агрохимиялық зерттеулер жүргізу мақсатында топырақтың сапасын бақылау үшін топырақ үлгісін егістік жерлерден, шабындық жердің топырағынан, жайылым және барлық вегетациялық кезең аралығында орман тәлімбақтарынан алады. Топырақ үлгісін минералды тыңайтқыштарды енгізгеннен кейін екі ай өткеннен соң алады. Үлгі алу үшін жерді пайдалану жоспары (топырақ контурының шектері және шаруашылық ішілік жерді тұтыну элементтері енгізілген) картографиялық негіз болады. Агрохимиялық зерттеуге жататтын территорияны толық қарағаннан кейін картографиялық негізде анықталған мөлшермен уцчасткелерді белгілейді және нүктелі үлгілер арасындағы аралықты анықтайды.
Элементарлы участок- топырақтың біріккен үлгісімен сипаттауға болатын көлемі жағынан аса үлкен емес аудан. Элементарлы участоктың формасы мүмкіндігінше екі жақ аралық қатынасы 1:2 болатын тікбұрышты болып келеді. Шымды-ақшыл сұрғылт түсті және сұр орман топырағының элементарлы участоктарының мөлшері 1-2 га құрайды, ал қара және сарғылт топырақтың көлемі 3 га болады. Ұзақ уақыттық жайылымдықтарда элементарлы участоктың көлемі ауланың ауданына сәйкес келуі тиіс, орман тәлімбағында участоктың көлемі сол тәлімбақтың ауданына байланысты болады.
Нүктелі үлгіні бұрамен, ал тығыздалған топырақтан үлгіні күрекпен алады. Әр элементарлы участок шегіндегі нүктелі үлгіні бірдей интервалда біркелкі алады. Орман тәлімбағында (екпе көшет және тікпе көшет егілген егістік) нүктелі үлгіні көшет егілген жолдар арасындағы қатарлардан алады. Айдалған жерлердегі топырақтан нүктелі үлгі алғанда айдалған қабаттың терең жерінен, ал шабындық пен жайылымдық жерлерден 10 см терең емес гумусты-аккумулятивті горизонт қабатынан алады.
Элементарлы участоктен алынған нүктелі үлгілерді біріктіріп біріккен үлгі құрайды. Егер, элементарлы участоктың шегінде бірнеше топырақ контурлары (жиектері) орналасқан болса, онда біріккен үлгіні басымырақ жиектерден алады.топыраққа алдын-ала жүргізілген агрохимиялық зерттеулердің нәтижесіннде алынған көрсеткіштердің алуантүрлілігіне байланысты біріккен үлгіні 20-40 нүктеден құрайды, біріккен үлгінің массасы 400 г аспауы керек. Біріккен үлгіні алғаннан кейін қап немесе қораптарға зат таңбасын белгілей отырып салады.
Зат таңбасында зерттеуді жүргізген ұйымның аты, оның орналасқан мекен-жайы (облыс, аудан, шаруашылық және т.б), біреккен үлгінің нөмірі, үлгіні алған ай-күні, орындаушының аты-жөні, топырақ үлгісін дайындау және үлгі алу әдістерінің стандарты белгіленеді. Біріккен үлгінің нөмірі элементарлы участоктың нөміріне немесе тәлімбақ егістігінің көлеміне сәйкес келуі тиіс.
Бір тәулік аралығанда алынған біріккен үлгіні ашық қораптар немесе қаптарда кептіріп, анализге жібереді.