Практикалық жұмыс Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау Мақсаты



бет1/11
Дата08.12.2022
өлшемі54,45 Kb.
#55779
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
практикалық жұмыс 7


Практикалық жұмыс
Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау


Мақсаты: топырақтың негізгі қасиеттерімен және құрамымен танысу. Өз бетінше топыраққа сипаттама беруді үйрену.
Тапсырма: топырақтың негізгі құрамын, құрылысын және қасиеттерін зерттеу. Тұз ерітіндісінің қышқылдығы бойынша топырақтың экологиялық жағдайын бағалау. Топырақтың антропогендік бұзылуын анықтау. Топырақтағы органикалық затты анықтау.
Зертханалық жұмысты орындауды төмендегідей қауіпсіздік техникасының ережелерін (ҚТЕ) сақтау қажет:
1) киімге, теріге және шырышты қабыққа химикат пен ерітіндінің төгілмеуін қадағалау;
2) жұмыс барысында ас пен сусын ішпеу;
3) әсіресе қатты иісі бар және ұсақ кристаллды жағдайдағы ауа мен химикаттармен тыныс алмау;
4) химикаттардың оралымы саңылаусыз (ауа кірмейтіндей) болуына және этикетка жазуының анық болуына, сол сияқты шыны ыдыстары мен бұйымдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік сақталуына зер салу керек;
5) топырақтағы кальций карбонатын анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеулерде 10 пайыздық тұз қышқылы ерітіндісін қолданады. Оны пипетка көмегімен тамызады. Бұл ерітіндіні университеттің оқу зертханаларында дайындайды. Ерітіндінің беті жақсылап жабылған шыны ыдыста сақтайды. Оның кілегейлі беттерге және теріге тиюінен сақ болу керек. Тиген жағдайда сумен бірнеше қайтара жуу керек.


5.2 Теориялық бөлім
Топырақтың жалпы қасиеттері
Топырақтың экологиялық жағдайын анықтайтын жалпы қасиетттерге:
1) топырақтың механикалық құрамы;
2) құрылысы;
3) ылғалдылығы;
4) қышқылдылығы жатады.

Топырақтың механикалық құрамы онда балшықтың, ұсақ тастардың, құмдардың, гендік және антропоидтық қосылыстардың болуымен сипатталады. Оның құрылысы өмір сүру процестеріне қажетті ( тыны салу ) тығыздылық пен ауаны анықтайды. Топырақтың ылғалдылығы өсімдіктің минералдық қоректенуіне себепші болады және барлық топырақ организмдері үшін қажетті қоршаған орта факторы болып табылады. Топырақтағы ылғалдылық ауаның антогонисті болып табылады, сондықтан ылғалдылықтың шектен тыс мөлшері, сондай-ақ оның аздығы зиянды болып келеді.


Топырақтың қышқылдылығы - ең негізгі экологиялық фактор. Ол жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің және топырақ организмдерінің өмір сүру шартын, сондай-ақ топырақтағы ластаушылардың қозғалысын (бірінші орында металдар) анықтайды. Жоғарғы қышқылдылық кезінде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көп түрлерінің өсуі және дамуы баяулайды, микроорганизмдерінің өмір сүруі бұзылады. Жоғарғы қышқылдылық кезінде әк жұмыстарын жүргізу керек. Тұз ерітіндісінің рН көрсеткішін өлшеген кезде, топырақтың қышқылдығын анықтайды.
рН көрсеткіші бойынша топырақ қышқыл, бейтарап және сілтілі болуы мүмкін.
Мысалы:
1) рН төртке тең немесе одан аз ол - күшті қышқыл;
2) рН беске тең болса - қышқыл;
3) рН алтыға тең болса- әлсіз қышқыл топырақ;
4) рН жетіге тең - бейтарап;
5) рН сегізге тең және одан да көп болса ол – сілтілі топырақ.
Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру үшін, топырақтың рН көрсеткішінің қолайлы жағдайы кестеде көрсетілген (5.1 кесте).

5.1 Кесте - Өсімдіктердің негізгі түрлері үшін топырақтың рН


көрсеткішінің қолайлы жағдайы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет