Практикалық конференциялардың материалдары және ақындардың арнау өлеңдері мен жыр-дастандары енгізілген



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата29.01.2017
өлшемі13,56 Mb.
#2961
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

«ӘЗ ТӘУКЕГЕ ҚЫЗМЕТ ҚЫП,
ЖАЗДЫМ «ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ»
Бекет ТҰРҒАРАЕВ,
«Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» 
қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, 
Қазақстан Республикасының еңбек 
сіңірген заңгері – құрметті судьясы
Бабалардың ғасырлар бойғы арманы орындалып, азаттықтың ақ таңы атып, 
төбемізде тәуелсіздіктің көк туы желбіреді. Егемен ел болып, еңсемізді тіктедік. 
Бай тарихымыздың барын бағамдап, жоғын түгендеп, келмеске кеткен кер 
заманның кесірінен ақтаңдаққа айналған тұстарын жадымызда қайта жаңғыр-
тып жатырмыз.
Бұған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдени мұра» 
бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырғаны негіз.
Бағдарламаның мақсаты – халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның 
ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салтта-
рын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы 
бар елеулі мәдени – тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді 
қамтамасыз ету, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту 
және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау. 
Айтулы бағдарлама негізінде еліміздің бай мұрасы зерттеліп, қорғалуда, та-
рихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтірілуде. 
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік қорғауға алу үшін 
600 ескерткіш Үкімет қарауына ұсынылған. Оның ішінде архитектуралық, 
археологиялық, тарих, монументтік өнер ескерткіштері бар. Республикалық ма-
ңызы барлары – 7.  

53
Қожаберген жырау – 350
«Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті  ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» 
деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын 
аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат – ұлыларды зерттеп, 
олардың мол мұрасын кейінгі келер ұрпаққа аманат ету. 
Өткенге тағзым етіп, ата тарихын таразылауда атқарылып жатқан жұ-
мыс тар да баршылық. Сонау замандарда исі қазақтың ұранына айналған, 
жаугершілік заманда құрып кетудің аз-ақ алдында қалған үш жүздің басын 
біріктіріп, жауға шапқан батыр бабамыз Абылай ханның Қызылжардағы ордасы 
қайта қалпына келтіріліп, санадан біртіндеп өшіп, жас жеткіншектерге беймә-
лім болып бара жатқан баба аты қайта жаңғырды. Бүгінде жас ұрпақты ерлікке, 
елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін бірден-бір орынға, қаламыздың 
көркіне, мақтанышына айналды.  
Сондай орындардың қатарына Айыртау ауданының Сырымбет қорымын-
дағы Шоқан Уәлихановтың мемориалдық мұражайы мен оның әжесі Айға-
нымның мұражай қонысын, Жамбыл ауданында Қожаберген жыраудың жер-
ленген жерінде орнатылған ескерткішті, т.б. атап айтуға тұрарлық. 
Бұдан басқа да ғибратты ғұмырлары мен ұлағатты сөздері исі қазаққа ортақ 
от ауыз, орақ тілді би-шешендер, елдік пен ерліктің қорғаны батыр-бағландар 
мен ел ұстыны болған қайраткер тұлғалар тарихы терең Қызылжар өңірінде аз 
емес.  
Солардың бірі һәм бірегейі – Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл 
ауданында дүниеге келген, әзірше ел тек жырау деп қана таныған Қожаберген 
Толыбайсыншыұлы. 
Ал нағыз мәніне келер болсақ, қасиетті бабамыз – қазаққа ғана қорған боп, 
қалмаққа қарсы шапқан көп батырдың бірі емес, әділ билігімен, хас батырлығы-
мен алты алаштың айбыны болған ірі тарихи тұлға. 
Бүгінгі міндет – Қожабергенді өскелең ұрпаққа басқа қырынан таныту. 
Қожаберген – батыр, баһадүр, көрнекті мемлекет қайраткері, дауылпаз жырау, 
замана дүлдүлі.
Ол Үргеніш медресесін бітірген, өз заманының білімді адамы болған. Араб, 
парсы, шағатай тілдерін жетік білген. Сондықтан Әз Тәуке хан Қожаберген 
баһадүрді елшілік жүргізу ісіне де пайдаланған. Демек, ол дипломат, замана 
саясаткері десек артық айтқандық емес.  
Қожаберген жырау 1683-1688 жылдары Әз Тәуке ханның қарамағында 
елшілік қызметін басқарған екен. 1688 жылдан бастап үш жүздің жасағына бас 
қолбасшы болған. Ол тек қазақ жасақтарына қолбасшы болып қоймай, қал мақ 
басқыншыларына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда жаулардан қы-

54
        Қожаберген жырау – 350
сым көрген Ноғай, Сібір татарлары, Қарақалпақ халықтарының әскерлерін де 
соңынан ерткен көрінеді. Оны мына өлең жолдарынан да анық байқауға болады:
Басқарып үш жүз қолын жиырма үш жыл, 
Орнымды Бөгенбайға бердім биыл. 
Еш сардар қалт қылған жоқ жарлығымды,
Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын. 
Кейін Қожаберген Әз Тәуке ханға өзін ордабасылықтан босатып, орны-
на талай ұрыстарда ержүректігімен, батырлығымен көзге түскен Қанжығалы  
Бөгенбай Ақшаұлын ұсынып, сайлатады. Ол жайында Бұқар жырау былай 
жырлаған екен: 
Қожаберген ғаділ ер, 
Қадірін білген қалың ел. 
Бөгенбайдай батырға
Билігін берген ардагер. 
Қожекеме Бөгенбай
Шәкірт болған жан еді, –
десе, Бұқардың өзі де Қожабергенді ұстаз санаған. Оны әйгілі Бұқар жырау-
дың «Ұстазым» атты дастанындағы мына  шумақтардан анық аңғаруға болады: 
Жалаулы найза, қобызды,
Домбырасын қолға алған.
Қамалға шабар алдында
Шығарып өлең толғаған.
Қиын-қыстау кезеңде
Намысын қозғап өлеңмен.
Батыр, ақын ұстазым,
Қалың қолға дем берген, – 
дейді.
Сондай-ақ бұл жолдардан батыр баба жауына қарсы шабарда қолдағы 
қаруына қоса өзегін жарып шыққан өлең сөзін де қару етіп, сөз құдіретімен жа-
уынгерлердің намысына қозғау сап, жігерін жанып отырғандығы байқалады. 
Кешегі сұрапыл соғыс кезінде «Отан оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс – 
күймейсің» деп жауынгерлерін қаһарлана қайраған аты аңызға айналған хас ба-

55
Қожаберген жырау – 350
тыр, халқымыздың қадірменді перзенті Бауыржан Момышұлының өрлігі мен 
ерлігі батыр баба рухымен үндесіп жатқаны қайран қалдырады. 
Рух сабақтастығының үзілмегеніне риза боласың. Бабадан балаға мирас боп 
қалған қазақ қанындағы қаһармандық рух жалғаса беретініне сенгің келеді. 
Жырау баба тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен 
белгілі жойқын апатты басынан өткеріп, көзімен көрген. Осы қырғында ол ба-
уыр еті батыр балалары Науан мен Әсеттен, жан алысып, жан беріскен батыр-
лар Ермек пен Айбектен айырылып құса болады. Қиын-қыстау кезеңде басы нан 
өткен қайғы-қасірет, шер мұңды күйші, әнші әрі ақын бабамыз «Елім-ай» күйі, 
«Елім-ай» әні және «Елім-ай» жыры арқылы сыртқа шығарса керек. 
Айбынды батыр, дарынды жазушы Бауыржан Момышұлы «Елім-ай» жы ры 
туралы: «Керей Қожаберген жыраудай бұрын-соңды өмір сүрген қазақ ақын-
дарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқын дап берген 
емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан!» – десе, көрнекті ғылым 
қайраткері, профессор Ермұхан Бекмаханов: «Қожаберген ақынның «Елім-ай» 
дастаны – тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол «Елім-ай» ерлік қиссасының бі-
рінші бөлімі – 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ірі 
апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден-бір тарихи құжат!» – деп бағалаған. 
Ғұлама ғалым М. Әуезов «тарихи өлеңдердің авторы, көбінесе сол уақи-
ғаны көзімен көрген тұстастары» деп ескертеді. 
Бертінге дейін ел арасында халық әні ретінде айтылып келген «Елім-ай» 
әнінің  авторы да Қожаберген жырау екендігін соңғы кездегі зерттеулер дә-
лелдеді. Бұны философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Даналарға» деген 
өлеңіндегі мына жолдар да растай түседі: 
Өнерге құлаш ұрып бала жастан,
Тарихын бұл үш жүздің етіп дастан. 
Баласы Толыбайсыншы  Қожаберген
Бой ұрған ерлік іске әуел бастан...
Қолбасы, ақын-жырау һәм елші-би,  
Шығарып «Елім-айдай» тамаша күй. 
«Елім-ай» әні менен жырын тағы
Шығарған Қожаберген бабаңды сүй. 
Бұл жайында өз заманында С. Сейфуллин, Ы. Алтынсарин, С. Торай-
ғыровтардың жазған еңбектерінде де кездеседі. 

56
        Қожаберген жырау – 350
Қазақ Совет Энциклопедиясының қысқаша төрт томдығының төртінші то-
мында да «Елім-ай» әнінің де, күйінің де, жырының да авторы Қожаберген 
екендігі айтылады.  
Ғалым, академик Манаш Қозыбаев жырау бабаның «Елім-ай» дастанын кең 
тынысты эпикалық шығарма ретінде әйгілі Илиада мен Одиссея жырларына 
теңеп кеткен.
Осы орайда оқырман қауымға, академик ағамыздың аталмыш дастан жай-
лы айтқан пікірін келтіре кеткен жөн: «Елім-ай» – әдеби тұрғыдан алғанда да 
теңдесі жоқ туынды. Онда тек халық мұңы ғана емес, оның сыры, рухы бар. 
Автор егіліп те, төгіліп те жырлайды, бірде тарихи тереңдікке бойласа, бірде 
бүгінгіні қайғырып, болашақты ойлайды, философиялық пайымдармен орағыта 
толғайды, – деп «Елім-ай» жырына баға бере отырып, осындай құнды дүниені 
ғасырлар қойнауынан мұра етіп бүгінге жеткізген Қожаберген бабамызды қол 
бастаған батыр деп қана қоймай, «Елім-айдай» асылымыздың авторын «Да-
уылпаз жырау» деп атау орынды», – деген екен. 
 «Елім-ай» дастаны алғашында ауызша туып, кейін оны Қожабергеннің өзі 
хатқа түсірген, жазба күйде сақтаушы Толыбайсыншы ұрпағы – Шақшақ ба-
тыр Көшекұлы көрінеді. Оның бүгінге дейін жетуіне ықпал еткен жыраудың 
соңынан ерген үрім-бұтағы немере-шөберелері. Әрине, сан ғасырды араға салып 
жеткен жыр жолдарында өзгерістер де жоқ емес. Дегенмен, осы өмірбаяндық 
тарихи-дастанның келер ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсері ұлан-ғайыр. Дастанның 
әр шумағы жас буын өкілдерін отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке, 
бауырмалдыққа, адалдыққа, достыққа насихаттайды.   
Қожаберген жырау бабамызға ақындық аруақ оның жеті жасында қонып-
ты. Міне, сол құдай берген ақындық өнерінің арқасында одан мол әдеби 
мұра қал ған. «Елім-ай», «Баба тіл», «Қорқыт баба», «Асан ата», «Еңсегей 
бойлы ер Есім» дастандары, «Ақсауыт», «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Қазақ 
пен Ноғайдың қоштасуы», «Сылаң сыр» өлеңдері мен «Аңырақай», «Сұлама», 
«Боз айғыр», т.б. күйлері мен өлең-дастандары аттары айтып тұрғандай сол 
заманнан сыр шертер шежіре шығармалар.
Қожаберген өзіне дейінгі қазақтың ақын-жырауларының өлең жырларын, 
шығыстың жеті жұлдызы атанған Жәми, Низами, Науаи, Физули, Фирдауси, 
Сағди, Рудаки жырларын оқып солардан нәр алған. Сонымен қатар ол Рашид 
ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Әбілғазы баһадур хан 
сияқты білімпаздар жазып қалдырған шежірелерімен таныс болған. Өзі де ше-
жіреші болған. Қазақ халқының шығу тарихына, оның тіліне қатысты тереңнен 
тамыр тартқан «Ата тек», «Баба тіл» дастандары осы сөзіміздің дәлелдері.

57
Қожаберген жырау – 350
Қожаберген жыраудың баға жеткісіз құнды еңбегінің бірі екі бөлімнен тұратын 
«Баба тіл» дастаны. Бірінші бөлімінде қазақ шежіресі туралы, қазақ халқының 
қалыптасуы, құрамы жайында айтылса, екінші бөлімі қазақ тіліне, жалпы жазба 
тарихына тоқталады және қазақ тілінің ең көне, бай тіл екеніне талдау жасайды.
Асан қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Әз Жәнібек, Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл. 
Осы тілді жек көрген
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен, 
Бабаң тілі асыл дүр, – 
деп өз тілін құрметтеуге үндеген осы бір жыр жолдарын жырау баба бүгінгі ұр-
пағына ұран етіп ұсынғандай әсер аласың. Қадыр ақынның «Өзге тілдің бәрін 
біл, өз тіліңді құрметте» дегені де баба рухымен үндесіп жатыр емес пе? Бұл да 
рух сабақтастығы демеске лажың жоқ. Ал, «Ата тек» дастанында жырау баба 
қазақ халқының қазаққа жататын тайпалардың шығу тегін баяндайды. Өзінің 
төл мәдениеті болған Ұлы Дала өркениетінде «Есім ханның ескі жолы», «Қасым 
ханның қасқа жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» секілді демократиялық 
принциптегі конституциялық негізі бар заң ережелері болғаны белгілі. 
Міне, осы «Жеті Жарғыны» жазуға Қожаберген жырау баба да тікелей 
атсалысқанын біреу білсе де біреу білмес. Мұндай аса маңызды, жауапты 
жұмысты сеніп тапсырғанда Әз Тәуке ханның Қожаберген жыраудың көргені 
мен түйгенінің молдығын, оның алғырлығы мен зеректігін ескергені анық. 
Өйткені сардарлыққа дейін Қожаберген жырау Әз Тәуке ханның елшілік 
қызметін басқарғаны жоғарыда айтылды.
«Жеті Жарғыны» жазуда бұл айтылғандарға қоса, оның жан-жақты мол 
білімі мен жаза білетін сауаттылығының да септігі тигені анық.  Қожаберген 
жыраудың «Жеті Жарғыны» жазысқаны тарихи дәйектемелермен дәлелденген. 
Көтеш ақын Райұлы өзінің «Жиен жырау» дастанында: 
Ақылдасып үш бимен,
«Жеті Жарғыны» жазған ер.
Кім десеңіз ол бекті, 
Қожаберген кемеңгер –
десе, Қожаберген жыраудың өзінің өлеңінде бұған қатысты былай делінген:

58
        Қожаберген жырау – 350
Көмектесті біздерге
Қазыбек, Төле, Әйтеке.
Қазақтың заңын нығайтып,
Тыйым салды тентекке.
«Жеті Жарғыны» жазуда
Іс тындырдым бірталай.
Айтқанымды құп алды,
Деген жоқ ешкім бұл қалай?
Жазушы Н. Әбуталиевтің жырау бабаның «Жеті Жарғыға» қатысты өзі жа-
зып қалдырған өлеңін табуы оған қосымша дәлел: 
Ақ былғарыға түсіріп, 
Мұқияттап хаттадым
Әз Тәукеге қызмет қып,
Жаздым «Жеті Жарғыны».
Салыстырып талдадым
Бергі менен арғыны, – 
дейді. 
Бұл, Қожаберген жырау бабаның ел қорғаны болған батыр, ширек ғасыр 
қолбасы болған сардарбек, ордабасы ғана емес, ел басқару ісіне де етене араласқан 
қайраткерлік сипатын аша түсері анық.
Жалғанда жасаған бір ғасырлық ғұмырының жартысына жуығын ел мен жер 
бүтіндігін қорғауға арнап, дәлірек айтсақ, қырық бес жыл ғұмырын жорықпен 
өткізген қасиетті баба бұл жайлы былай дейді: 
Жорықта қырық бес жыл ғұмырым өтті,
Орта жас ол да мені тастап кетті.
Ит қалмақ соғысуға душар етті,
Болмаса ақсақалдық кезім жетті.
Жасынан ер жүрегі шерге толған, 
Халқына қартайғанда қорған болған.
Қиналып қысылғанда жыр шығарған
Керейде Қожаберген бабаң мен болам.
«Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, тал бойында талай өнер тоғысқан ол 
түрлі тақырыпқа қалам тартып, талай тамаша өлең-дастандар жазған, аспан 

59
Қожаберген жырау – 350
астын толтырып әуелете ән шырқаған, домбырада күмбірлете күй толғап, қыл 
қобызда да құйқылжыта ойнаған. Жастайынан-ақ «сегіз қырлы бір сырлы» 
жан болған. Қожаберген қазақтың ақын-жырауларының өлең-жырларын жат-
тап, медреселерде оқып жүргенде шығыс әдебиетіне ден қойып, Низами, На-
уаи, Сағди, Рудакилердің шығармаларынан нәр алған. Арғы бабасы Таузар 
сардар да, атасы Дәулен батыр да, өз әкесі Толыбайсыншы да өз заманда-
рында үш жүздің әскербасылары және орта жүз қазақтарының ел билеушілері 
болған екен.
Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Қожаберген жырау да жастайынан өнер-
білімге құштарлық танытқан. Самарқанд, Бұхара сынды шаһарларда ірі медресе-
лерде оқып діни сауатын жетілдірумен қабат араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп 
шыққан. Алайда оның басты мұраты, елін қорғау, жерін сақтау болғандығын 
аңғару қиын емес. Сондықтан да ол, серілік құрып, шалқып жүруден гөрі қолына 
қару алып, қол бастауды жөн көрген. Сардарлық жолды таңдаған. 
Оған өзінің мына өлең шумақтары дәлел: 
 
Өнерге жас шағымнан құштар болғам,
Самарқанд, Бұқарадан білім алғам.
Атанып үздік шәкірт қатарында, 
Ең үлкен медресесін тәмамдағам.
Ерлікпен мағлұм болдым алыс-жатқа,
Ән шырқап, қобыз тарттық көңіл шатта.
Бітіріп медресені шыққаннан соң,
Имам боп он жетімде міндім атқа.
Он сегізде әйгілі балуан болып,
Он тоғызда іліндім батыр атқа.
Жиырмамда имам болмай, ақын болып,
Сыймайтын іс жасадым шариғатқа.
Тіліне араб, парсы болдым жетік, 
Оны да қолданбадым өнер етіп.
Шамамша қол бастаған сардар болып,
Мен жүрдім мұсылманға қызмет етіп.

60
        Қожаберген жырау – 350
Қожаберген жыраудың өз өлең-дастандарында кездесетін:
 Кеудеңде шыбын жаның болса егер,
Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын,  – 
немесе: 
Мекенің болсын тау мен орман, тоғай, 
Ол жерден жау алуы емес оңай.
Сайла орын, жер үй салып, жапан түзден, – 
деген өлең жолдары оның ұрыс қимылын жетік меңгерген асқан стратег екенін 
көрсетеді. Кезінде академик Манаш Қозыбаев: «Халқының қырық пайызынан 
айырылған қайран қазаққа дәл Қожабергендей бағдарлама жасаған ел данасы 
сол кезде кемде-кем. Қожаберген баба тек жеңіс бағдарламасын жасап қоймады, 
«Болды ғой аяқ асты Отанымыз», «Ер емес жаудың туын құлатпаған» деп, сар-
дарларын ұрысқа шақыра білді. Қазақ халқы бабамыздың бұл ерлігін ешқашан 
ұмытуға тиіс емес», – деп жазған екен. 
Сол аруақты бабаның туғанына 2013 жылы 350 жыл толады. Ал, халқымыз 
тарихының тұтас бір кезеңінің қасіреті мен қайғысын, мұңы мен сырын, мұқалмас 
өр рухын шерткен шежіре-дастан «Елім-айға» 290 жыл болмақ. Міне, осыған 
байланысты зиялы азаматтардың қолдауымен «Жеті Жарғы» және Қожаберген 
жырау» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылды. Қордың басты мақсаты – 
халқының қорғаны, елінің айбыны болған ардақты бабаның ерлігі мен өр рухын 
оның мәңгі жасар эпикалық туындысы «Елім-ай» дастанын кеңінен насихаттау, 
бабаның өмірдерегіне, жорық жолына, ерліктеріне, шығармашылығына, саяси, 
мемлекеттік қайраткерлігіне байланысты тың деректер іздестіріп, тауып, оны 
одан әрі толықтыра түсу, республикалық ғылыми-практикалық конференция 
өткізу, Петропавл қаласында батыр бабаға сәулетті ескерткіш орнату, жырау 
баба мерейтойын жоғары деңгейде атап өту, осы және басқа да іс-шаралардың 
бағдарламасын түзіп, алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу, сол арқылы 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына үлес қосу.
Отаншылдық рухтың негізі ұлттық намыста жатыр. Ал, ұлттық намыс ұлттық 
санадан қорек алады. Тұмшаланып қалған ұлттық санамыздың бодандықтың 
бодауынан босанғалы ғана енді-енді серпіле бастағаны жасырын емес. Жан-
дүниемізді бойкүйездік пен енжарлықтан, ой санамызды салғырттықтан толық 
тазарту үшін тарихи жадымызды жаңғыртқанымыз жөн. Сонда ғана ұлттық 
сана қалыптасады. Соның негізінде ұлттық намыс пайда болмақ.

61
Қожаберген жырау – 350
Өскелең ұрпақты өткеннің өнегесімен тәрбиелеу қажет. Көкірегінде 
өткенімізге деген мақтаныш сезімі ұялағанда ғана олардың бойында отаншылдық 
асқақ рух пайда болмақ. «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қоғамдық 
қайырымдылық қорының негізгі ұстанған мақсат-мұраты да осы. Қандай да 
болсын ауқымды іс-шара көп боп бірігіп, жұдырық боп жұмылғанда ғана өзінің 
оң нәтижесін бермек. «Көп түкірсе көл» деген даналықты да халқымыз бекер 
айтпаған.
Азаттық жолында жан беріп, жан алысқан батыр бабалардың атын әспеттеп 
аруағына тағзым ету тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып отырған әрбір саналы 
азаматтың, бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы деп білемін.
«Егемен Қазақстан» газеті,
17 қараша 2009 жыл.

62
        Қожаберген жырау – 350
БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚОЖАБЕРГЕН
Талас ОМАРБЕКОВ, 
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор
Тарихымызда ұлттық деңгейде халқымызға еңбегі сіңген, есімдері өткеніміз-
де айшықты жазылатын ардақты да асыл тұлғалар баршылық. Өкінішке қарай, 
қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғаларды объективті зерттеу жұмысының 
тәуелсіздік тұсында ғана жан-жақты қолға алына бастауына байланысты Қазақ 
хандығы күйрегенге дейінгі бұрынғы қайраткерлер әлі де тасада қалып, наза-
рымызды аудара қойған жоқ. Олардың бірі және бірегейі, өмірі мен тағдыры 
халықтың тарихымен тығыз байланысты Қожаберген Толыбай баласы екені 
белгілі. Ол туралы алғашқы мәліметтер жазба мұрағаттарда 1740 жылдан ба-
стап кездесе бастайды. Бұл, әрине, Абылай ханның заманы.  Зерттеушілеріміз 
және Бекет Тұрғараев басқаратын «Жеті Жарғы» және «Қожаберген жырау» 
қоғамдық қайырымдылық қоры батыр-жыраудың туған жылын анықтауда 
едәуір жұмыстар тындырды. Осыған байланысты тарихи тұлғаның туған жылы 
1663 жыл деген ұйғарымға тоқталып отырмыз. Осыны мойындар болсақ, 
биылғы жылы қайраткер бабаның туғанына 350 жыл толғанын атап өтуге тиіс піз.  
Қожаберген орыс және қытай мұрағаттарындағы деректерде орта жүздің уақ-
керей тайпасының батыры және қолбасшысы ретінде көрсетіледі. Оның өз 
заманындағы сауатты адам болғаны, Үргеніш медресесін бітіргені, араб-пар-
сы, шағатай тілдерін меңгергені туралы деректер бар. Әйгілі жыраудың шы-
ғармашылығын зерттеушілер бүгінгі күнге дейін оның «Елім-ай», «Күлдірім-
ай», «Қарасары балта керей», «Қойлыбай көреген», «Соқыр абыз», «Баба тілі», 
«Жеті жарғы» тәрізді тілі құнарлы, тарихы деректерге мол құралған халықтық 
дастандарын, «Ғасыржас», «Ақсауыт», «Жігіттік», «Дүние», «Қабанбай ба-
тыр», «Ер Едіге», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Орақ батыр» 
тәрізді толғауларын ауызға алады. Әрине, кезінде ауызша жырланған, халық 
жадында қатталған бұлардың біразына әлі күнге дейін бүгінгі ұрпақтың қолы 
жете қойған жоқ. Осы шығармалардың бізге толық жетпеген үзік-үзік жолдары-

63
Қожаберген жырау – 350
ның өздерінен-ақ талантты жыршының өзіндік жыраулық ерекшеліктерін, 
қайталанбас шығармашылық шеберлігін айқын аңғарып, оның халықшыл, өр ру-
хына еріксіз бас иеміз. Сөздің тоқетерін айтсақ, Қожаберген бабамыз туған елге 
сіңірген қыруар еңбектерін айтпағанда, бүгінге дейін елін егілткен, бар қазақтың 
жүрегін жаулап, ұлттық рухын оятатын қасіретті әнге айналған бір ғана «Елім-
ай» атты ғажайып дастаны үшін тарихымыздағы таңдаулы тұлғалар қатарында 
тұруға әбден лайық айбарлы да, айшықты бейне.
Осылай бола тұрса да әлі күнге дейін Қожабергенге қатысты басы ашылма-
ған мәселелер баршылық. Оның алғашқысы – зерттеушілердің біразы Қо-
жаберген жыраудың Тәуке заманында қабылданған «Жеті Жарғы» заңы ав-
торларының бірі болғанына күдіктенеді. Екінші мәселе – Қожаберген жы-
раудың халқымыздың әйгілі «Елім-ай» әнінің және жырының авторы болып 
табылатынына күмән келтіретіндер де бар. Үшіншіден, Абылай заманында есімі 
мұрағат құжаттарында жиі аталатын Қожаберген батырды Әз Тәуке зама-
нындағы Қожаберген жыраудан басқа аттас тарихи тұлға деп ойлайтындар да 
бар. Төртіншіден, Қожабергеннің кеңестік дәуірдегі тарихымызда елеусіз қа-
луының бір себебін оның төре тұқымдарына  жұлдызы қарсы болуымен түсіндіріп 
жүрген кісілер де бар. Осы күмәнді ойлар мен пікірлерді сейілтпей, Қожаберген 
бабамыздың тарихи тұлғасын биіктете түсуге жол аша алмаймыз. Сондықтан да 
айтылғандарға арнайы тоқтамасқа болмас.
Мұндайда, алғашқы күмәнға байланысты айтарымыз: Қожаберген жыраудың 
«Жеті Жарғы» заңын жасауға тікелей атсалысқанын өзінің және бірлі-жарым 
болса да замандастарының еңбектері дәлелдеп отыр. Мұндай өз ортасында 
және өз заманында аса белсенді болған білімді адамның Әз Тәуке жасаған қазақ 
халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін белгілі бір жүйеге түсірген «Жеті Жарғы» 
заңына атсалыспауы мүмкін де емес еді. Бүгінгі күнде бұған дерек ретінде 
жыраудың атындағы қор оның өзінің «Жеті Жарғы» өлеңіндегі төмендегідей 
жолдарды дәлелге келтіреді. «Ақ былғарыға түсіріп, мұқияттап хаттадым Әз 
Тәукеге қызмет қып, жаздым «Жеті Жарғыны»... «Жеті Жарғы» заң жазып, би-
лер мен ханды қуанттым» (Қараңыз: Б. Тұрғараев. Қожаберген жыраудың өмірі 
мен ерлік жолдары // «Азаттық үшін алысқандар». – Алматы, 201-122-бб.). 
Сонымен бірге осы мәселені зерттеушілер Көтеш ақынның «Жиен жырау» 
дастанындағы: «Ақылдасып үш бимен, «Жеті Жарғыны» жазған ер. Кім десеңіз 
ол бекті, Қожаберген кемеңгер» деген өлең жолдарын Қожабергеннің «Жеті 
Жарғыны» жазуға атсалысқанын дәлелдейтін нақты дерек ретінде орынды атап 
көрсетеді (Қараңыз: сонда, 123-б.).
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды – Қожабергеннің жан-жақты 
терең білімін және үлкен дарынын қазақтың ұлы мемлекет қайраткерлері Әз 

64
        Қожаберген жырау – 350
Тәуке де, Абылай хан да тиімді де орынды пайдалануға тырысқан және «Жеті 
Жарғыны» жазуда Қожаберген кеңесші немесе атақты билердің айтқандарын 
көшіріп беруші ретінде емес, белсенді авторлардың бірі ретінде бұл маңызды істе 
шешуші рөл атқарған. Ал енді Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанының 
авторы екенін оның  өмірі мен тағдырын  жыр жолдарымен салыстыра қарағанда 
айқын аңғарамыз.
Жырау өзінің көзімен көрген Қаратау, Сарысу, Талас аймағындағы 1723 жы-
лы қалмақтар осы өңірге басып кіргендегі қасіретті жағдайды айна-қатесіз баян-
дайды. Осындайда айта кетер бір нәрсе, күні бүгінге дейін Қаратаудың Билікөл 
аймағындағы дулаттар аталған жаугершілік заманда осындағы халықтың біра зы 
Қожаберген жырауға ілесіп Көкшетау, Арқа өңіріне дейін ауа көшкенде-
рін ай тып отырады. Кейіннен ел тынышталған соң, отанына қайтып келген 
ду латтардың осы бөлігін жергілікті жердегілер әлі күнге дейін әзілдеп «уақ-
керейлер» деп атайды екен. Осындай халықтың санасында жатталып қалған 
тарихи деректер Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанының нақты авторы 
екенін тағы да дәлелдей түседі. Тағы бір назар аудартар нәрсе, халықтың сана-
сында берік орныққан «Елім-ай» дастанына Қожабергеннен басқа балама ав-
тор бола алатын тарихи тұлғаны атай алмайтынымыз да анық нәрсе. Яғни мұны 
басы ашық, даусыз мәселе десе болар. Жалпы, бүгінде біз халық әні деп жүрген 
көптеген ән-жырлардың бәрінің де кезінде нақты авторлары болғаны күмәнсіз. 
Тарихи зобалаңдар, Төлеген ақын айтпақшы, «ғұлама жылдар судырлатқанда 
парағын, жабылып кеткендер» аз емес. Бүгінде зерттеушілердің ізденістері нің 
нәтижесінде өз кезегінде олардың есімдері де анықталып жатса, оны мойын-
дауға міндеттіміз.
Ал енді екі Қожаберген туралы әңгімені өрбітушілерге келер болсақ, Қо-
жаберген жыраудың өмір сүрген жылдары Жәңгір баласы Тәуке хан (1626-
1718) мен Уәли баласы Абылай ханның (1711-1781) өмір сүрген замандары-
на толық сәйкес келеді. Бұған күмәнданудың туындауы тарихымыздағы ірі 
тұлғалардың тарихының жеткілікті зерттелмеуіне байланысты орын алып отыр. 
Осындайда әлі күнге дейін Қожабергеннің замандастары болған қазақтың атақ-
ты үш биінің де туған жылдарын нақтылай алмай, кім кімнен үлкен деген сауалға 
жауап бере алмай, әр түрлі пікірлер өрбітіп келе жатқанымызға не дерсіз. Де-
сек те, қолда бар азын-аулақ деректер жоғарыда аталған екі ханның тұсында 
өмір сүрген. Қожаберген есімді тарихи тұлғаның біреу ғана болғанын дәлелдей 
түсетіндей. Иә, керей руында ғана емес, бүкіл қазақта жоғарыдағы екі хан за-
манында айтулы тұлғалар арасында тарихқа бір ғана Қожабергеннің есімі белгілі. 
Халық оны «жырау» атаса, ол өзін «сардар», Тәуке заманымен байланысты ау-
ызша деректер «ордабасы», ал орыс және қытай деректері «батыр» деп жаза-

65
Қожаберген жырау – 350
ды. Десек те, «рушыл» атанудан гөрі «халықшыл» атанғанды артық са найтын 
қайсар басымыз әлі күнге дейін Қожабергеннің рулық шежіресін зерттеуге 
және оны жариялауға бұрылмай келеді. Сондықтан да Қожабергеннен тараған 
ұрпақ шежіресі де назардан тыс қалып келеді. Бұл біздің ойымызша, жыраудың 
жерлестерінің және оның атындағы қордың ең басты және негізгі жұмысы болса 
керек еді. Өйткені, советтік дәуірден әлдеқайда бұрын өмір сүрген қайраткер 
тұлғалардың бейнесін мұрағат құжаттары жеткіліксіз бол ғандық тан, ең бас-
тысы олардың тағдырлары өздерінің рулық ортасымен тығыз байланысты бо-
лып келетіндіктен айтылған мәселе аса маңызды. Қожабергеннің жеті атасын 
ғана санамаламай, оның өзінің және ұрпақтары ның тұтас шежіресін жасап, 
оны жарыққа шығаратын кез келді. Сонда біз жоғарыда әңгімелеген біраз даулы 
мәселелер өзінің шешімін табар еді.
Осындайда айтпасқа болмайтын тағы бір нәрсе бар. Әлі күнге дейін арабша 
қидан жазуымен жазылған фамилиясын қоса қайта жарияласақ та, құнды 
та рихи деректерге тола Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-
тұқияннан өзіме шейін» атты еңбегін негізсіз мойындамай, орынсыз дау-да-
май өрбітіп отырған жекелеген әдебиет және мәдениет өкілдерінің назарын осы 
еңбектегі мынадай маңызды деректік жолдарға аударар едік: «...Аягөзде болған 
осы ұрыстан кейін найман Тобан ауылында Қожаберген жырауды кездестірдім. 
Қожаберген жырау мен көргенде қартайған, екі тізесінен ақсап басатын шал кісі 
екен. Осысына қарамай, жырау сонша әдемі киінеді. Басында сусар бөрік, үстінде 
күзен ішік. Белінде діңмент. Оның қолында домбырасы да жоқ. Бірақ өлеңді 
сапырып, мен көргенде домбырасыз тақпақтап айтты. Ерасылды (Қаракерей 
Қабанбайды – Т.О.) ол бұрыннан танитын болса керек-ті. Неге екенін қайдам, 
оған жездесінше қалжыңдасып жатты. Мен оған ол кезде мән бермеппін.
– Қай баласың? – деді ол маған.
– Қазыбекпін, шапыраштымын, – дедім мен.
– Мен де бесшаммын.
– Олай болмас, сіз абақсыз ғой, – дедім мен, әрине, мұны қысыла айттым. 
Жасы келген адам ренжіп қалар деп. – Бес пен Шам – Ыстықтың жиырма 
алтыншы, жиырма жетінші ұрпағы. Сіз абақсыз ғой. Олай болу мүмкін емес.
– Абақтың Шыңғыс заманында Қарқарада бірнеше жыл тұрғанын 
біл мейтін бе едің? – Мен бұдан әрі төңірегімдегі керейлердің көңіліне қарадым. 
Әң гімені созбадым. Ол кісі де одан әріге бармады.
Қожаберген Толыбай баласы Тәуке заманында әскербасы болған жау түсіріп, 
ту алған батыр еді. Ол – батырлығымен бірдей сол заманның өзі көзбен көрген 
оқиғасын мол жырлаған адам. Жасы мен құралпы Бұқар оған құлдық ұратын. 
Бәлкім, егер Қожаберген жырау болмаса, бізге ол заманның көп шындығы жет-
5-254

66
        Қожаберген жырау – 350
пес те еді. Мен абақ керей ішінде шұбарайғыр деп жүрген жырауды бесшаммын 
дегенде, шынын айтсам, оған сенбедім. Өйткені Бесшам ол шапырашты ның төрт 
ұлының ыстығынан тарайтын еді.
Жыраудың Дүзік деген әйелінен туған ұлы Жандәулет мені біраз әңгімеге 
тартпақ еді, мен ырық бермедім. Өйтсем, басқа керейлерден ұят болар еді. 
«Бітінә адам безбүйрек, пәле тоқыр ішіне» деп кетті ме деп те қысылдым» 
(Қараңыз: Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқияннан өзіме шейін». – Алматы, 
1993. – 215-2016-бб.).
Қысқаша болса да тарихымызға ауадай аса қажетті біраз мағлұматтар дан хабар-
дар ететін бұл құнды дерек Қожаберген жыраудың замандастарының ішіндегі көз 
көргеннің жалғыз, нақты және аса бағалы естелігі. Өкінішке қарай, бұл маңызды де-
рек қасақана пайдаланылмай назардан тыс қалып келеді. Мұн да атақты жыраудың 
өзіндік ерекшеліктерге толы серілік бейнесі және жас шамасы, қоғамдағы құрметті 
де қастерлі орны, тіптен шығу тегі едәуір ашылған. Деректің тағы бір маңыздылы-
ғы – жыраудың Дүзік деген әйелі мен Жандәулет деген ұлы болған екен. Тегінде 
Дүзік жыраудың екі әйелінің бірі болар. Өйткені, Әйтеке бидің тарихын зерттеу-
де едәуір жемісті еңбек етіп жүрген зерттеуші, ғалым М. Есләмғалиевтің еңбегінде 
Қожабергеннің тағы бір әйелі, кіші жүздегі есентемір тайпасынан шыққан атақты 
батыр би Қабыланның қызы Айша аталады (қараңыз: М. Есләмғалиев. Алшын 
Әйтеке би ғұмырнамасы. //Қазақ тың ата заңдары. 1-том. – А., 2001. – 354-
б.). Ал енді осы там-тұм деректер негізінде Қожаберген ұрпақтарының шежіресін 
неге таратпасқа? Қожабергенді өзінің биік тарихи тұғырына қызыл сөзбен көпірте 
мақтау арқылы емес, нақты тарихи деректер негізінде ғана қондыра алатынымызды 
басқалар түсінбесе де, тарихшылар түсінулері керек. 
Бір қуанатынымыз, осы айтылғандарды анықтай түсуге қызмет етер Қо-
жаберген туралы жанама орыс және қытай деректері де баршылық. Ал енді жо-
ғарыда айтылған Қазыбек бек Тауасарұлының естелігіне қайта назар аударсақ, 
1727 жылы Аягөздегі қалмаққа қарсы ұрысқа ақылшы және кеңесші болған, 
сол заманның әйгілі серілерінің бірі Қожаберген жырау едәуір «қартайған, екі 
тізесінен ақсап басатын шал кісі екен». Тарихи деректер жыраудың бұл тұста 
орта жүз әскерлеріне қолбасылықты Қанжығалы Бөгенбай батырға бергенін 
аңғартады. Ақша баласы Бөгенбай жиырма сегіз жасында-ақ отыз мың әскерді 
бастап, 1706 жылы казак-орыстарды Жайықтан түре айдап шыққаны тарихтан 
белгілі. Осыдан біраз жылдардан соң, тегінде 1718 жылы Тәуке дүниеден қайт-
қан соң, қайраты қайта бастаған атақты жырау орта жүздегі әскербасылықты 
кезінде өзіне замандас болған атақты Ақша батырдың айбынды ұлына берген 
еді. Бұл – Бұқардың «Алатаудай Ақшадан асып тудың Бөгенбай» деп жырлай-
тын заманы. Дегенмен де қолбасылықты Бөгенбайға бергеннен ел ағасы атанған 

67
Қожаберген жырау – 350
Қожабергеннің беделі артпаса, кеми қойған жоқ. Ол Қазыбек бекке кездескен 
тұста уақ-керей тайпасының басшы ақсақалы және бас батыры ретінде орта 
жүздің басқа Сұлтанмәмбет, Әбілпейіз сұлтандары және Қабанбай, Дәулетбай 
батырлары тәрізді белді және беделді, көрнекті тұлғаларының бірі және бірегейі еді.
1758 жылдардан кейін  жазбаша деректерде жыраудың есімі атала қоймай ды. 
Осыған қарағанда жырау көп кешікпей дүниеден өтсе керек. Осы мәселе атақ ты 
жыраудың туған және өлген жылдарын анықтай түсуді қажет етеді. Мұнымен 
және Қожабергенге замандас болған қазақтың әйгілі үш биінің туған және өлген 
жылдарын анықтай түсумен бізден бұрын да Ә. Кекілбай, М. Есләмғалиев, 
Б. Қуандықов, т.б. азаматтар айналысқан болатын. Алайда, деректердің жет-
кіліксіздігі мәселенің басын нақты ашуға едәуір кедергі келтіріп, әр түрлі пікір-
лерге жол ашты. Осындайда Н. Әбуталиев жариялаған жыраудың өзінің жасы-
на байланысты айтқандары еріксіз ойландырады. Жырау: 
«Үш жүзде болса да олар басты кісі, 
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кіші. 
Соларға жол көрсеткен ұстаз едім, 
Сардар деп құрметтеген үлкен-кіші», – 
деп өзінің атақты билерден үлкендігін, тіп тен оларға ұстаз болып келетіндігін 
алға тартады да, сонымен қатар тағы бір жерде: 
«Орта жас ол да мені тастап кетті. 
Ит қалмақ соғысуға душар қылды, 
болмаса ақсақалдық кезең жетті», – 
деп қайырады. Бұдан байқайтынымыз, 1723 жылы-ақ, Қожаберген жырау 
ақсақалдық жаста болған және 1927 жылы Аягөз шайқасы болған тұста жы-
рау кем дегенде 65 жасқа қараған болып шығады. Сондықтан да оны осы кезде 
алғаш кездестірген Қазыбек бек Та уасарұлының атақты жырауды қарт адам 
ретінде қабылдауы әбден орынды еді. 
...Жаугершілік заманда әйгілі қазақ билері әрі батыр, әрі шешен, әрі саясат-
кер, және ең бастысы қара халықтан шыққан бұқара түгел мойындап соңынан 
іле сетін тарихи тұлғаны іздестірген. Бірақ мұндай елдің көңілінен шығатын сан 
қырлы көсемді таппай ақыры, Қожабергеннің дастанында одан ары жырлана-
тындай, Аңырақай шайқасының қарсаңында Әбілқайырды, яғни төре тұқы-
мын әскербасы етіп сайлауға мәжбүр болған. Бірақ мынаны да айтпауға болмас. 
Қожаберген төре атаулыға қарсымын деп отырған жоқ. Ол бар болғаны төрелерге 
байланысты Әйтеке бидің өсиетін ғана баяндап отыр. Осы жерде айтпағымыз, 
тарих сахнасына кейінірек шыққан, жоғарыдағыдай жан-жақты тұлғалық қа-

68
        Қожаберген жырау – 350
сиеттерді өзінің бойына жинаған, Абылайға Бұқар жыраудың «қай жеріңнен тө-
ре едің» деп ашық та, батыл айтуы мен жоғарыда Қожаберген жырлаған атақты 
билердің «қарадан хан іздестірген» әрекеттерін баяндайтын жолдарда тарихи-
логикалық сабақтастық бар екендігін аңғару қиын емес. Мұны Абылайдың 
шығу тегі және оны Төле би мен Қазыбек бидің хандыққа дайындаулары туралы 
Қазыбек бек Тауасарұлы жазған деректер де мақұлдай түседі. Бұл, әрине, басқа 
әңгімеге апарар жаңа сүрлеу, тың бастау ғана. Осы айтылғандар Қожаберген 
жырау хан, сұлтандарға немесе төрелерге қарсы болғандықтан, тарихқа белгі-
сіз болып қалды деп айтуға ешқандайда да негіз бермейді деген ойдамыз. 
1742 жылы тамызда Әбілқайыр бастаған үш жүздің кейбір игі жақсылары 
Ре сейге адал болуға қайтара ант бергенде керей руының атынан Қожаберген 
жыраудың қатысуы да оның төреден шыққандарды жау тұтпағанын аңғартса 
керек. Абылай ханның Қожабергенді жасы ұлғайса да, ел ағасы ретінде аса құр-
меттеп, саясаттың алғы шебіне араластыра ұстауы да осы пікірімізді мақұлдай 
түседі. Мұны алдағы уақытта Қожаберген мұрасын зерттеушілердің ескергені жөн.
P.S. керейлердің үйсіндік тегі туралы мәселені едәуір нақтырақ зерттеген 
моңғол деректерін жақсы меңгерген белгілі тарихшымыз З. Қинаятұлы бы-
лай деп анықтап жазған еді: «Керейттің үйсін тегі туралы болжам тарихтағы 
жаңалық емес. Бұл туралы кезінде Н. Аристов, Г. Потанин, Г. Грумм-
Гржимайло, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлкей Марғұлан еңбектерінде және 
1990 жылы Шыңжаңда басылған «Қазақ шежіресінде» жазылған». З. Қи-
наятұлы керейлердің географиялық жағынан да, рулық таңбалар тұрғысынан 
да сарыүйсіндерге жақын екендіктерін мақұлдайды (З. Қинаятұлы Моңғол 
үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: ІХ-ХІІ ғасыр. – Астана, 2001. – 
14-б.). керейлердің кезінде сарыүйсіндермен бірге жүргендерін, олардың рулық 
таңбалары да айқындай түседі. 1832 жылы мұны алғаш А. Левшин байқаған 
болатын. Ол өзінің қазақтардың тарихына қатысты әйгілі еңбегінде орта жүздегі 
керейлер мен кіші жүздегі керейттердің алғашқы рулық таңбаларының крест 
түрінде бір болғанын аңғарған еді (Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, 
или киргиз-кайсацких орд и степей. – А., 1996. – Стр. 428). керейлерде крест 
таңбасының қосалқы таңба ретінде ілесіп жүретінін кейіннен М. Тынышбаев, 
С. Аманжолов, Н. Мыңжан, М. Мұқанов тәрізді қазақ зерттеушілері де жаз-
ды. Сонымен қатар, осындай крест таңбасының сарыүйсіндерде де кездесетінін 
алғаш, 1889 жылы М. Гродеков байқаған болатын (Гродеков Н.И. Киргизы и 
каракиргизы Сырдарьинской области. Т.1. юридический быт. – Ташкент, 1889. 
Приложение №1. – Стр. 1-8). Кейіннен, 1925 жылы мұны М. Тынышбаевта 
атап көрсетті (Тынышпаев М. История казахского народа. – А., 1993. стр. 106-108).
«Жас қазақ» газеті,
7 наурыз 2013 ж.

69
Қожаберген жырау – 350

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет