Практикалық конференциялардың материалдары және ақындардың арнау өлеңдері мен жыр-дастандары енгізілген


ҚОЖАБЕРГЕН – ҰЛТ ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата29.01.2017
өлшемі13,56 Mb.
#2961
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ҚОЖАБЕРГЕН – ҰЛТ ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ
Салық ЗИМАНОВ,
академик 
(«Солтүстік Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрестің тарихы» деп 
аталатын халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген 
сөзінен)
Тәуелсіз ел болғаннан бергі уақытта  ұлттық сана-сезімді жаңғыртуға, 
бұрынғы өткен асылдарымызды ардақтап, ұлыларымызды ұлықтауға мән 
бере бастадық. Осыдан 300-350 жыл бұрын өмір сүрген, сол заманда керемет 
ерліктерімен халық құрметіне бөленген қасиетті Солтүстік Қазақстан өңірінің 
тумасы Қожаберген есімінің қайта жаңғырып, еліне сіңірген еңбегінің әділ 
бағаланып жатқаны да қуанарлық құ былыс. Қожабергеннің  ұлы тұлға болғанын, 
бүкіл қазақ халқына ортақ екенін баса айтқым келеді. Ол халқының бостандығы 
мен бірлігі, елінің тәуелсіздігі үшін аянбай күресті. Кезінде ол туралы Ермұхан 
Бекмаханов, Манаш Қозыбаев сияқты атақты тарихшы-ғалымдарымыз, Бұқар 
жырау, Бауыржан Момышұлы сынды көптеген ақын-жазушыларымыз жазды. 
Сіздер де Бекет Тұрғараевтың басшылығымен қайырымдылық қорын құрып, 
оның есімін халқына қайтаруға, ерлігі мен өрлігіне әділ бағасын беруге талпынып жа-
тыр екенсіздер. Бұл өте дұрыс. Оның еліне сіңірген еңбегі осындай құрметке лайық. 
Оның өмірі мен шығармаларын іздестіруге арналған ғылыми зерттеулердің 
тұрақты сипат алға ны жөн. Қытай мен Ресейдің, басқа да елдердің мұрағаттарында 
Қожа бергенді мемлекет және саяси қайраткер ретінде сипаттайтын материалдар аз 
емес. Тек оларда оның есімі бір жерде Хочи Береген, енді бір жерде Ходжа Мер-
гень деп қате жазылған. Басқаларды былай қойғанда, Қазақстанның өзінде оны 
білмейтіндер аз емес. Болашақ ұрпақ үшін осы олқылықтың орнын толтыруымыз 
керек. 

24
        Қожаберген жырау – 350
Қожабергеннің басты қасиеттерінің бірі – ол ұзақ уақыт қазақ халқының 
қалмақтарға қарсы соғысын ұйымдастырушы басшылардың бірі, қазақ хал-
қы мемлекеттігінің негізі мен дамуының стратегиясын белгілеген екі ұлы хан –
Әз Тәуке мен Абылайдың оң қолы болды. Оның жалынды жырлары ұлтты 
ұйыстырып, басқыншыларға қарсы жұмылған жұдырықтай күресуге шақырды. 
Ол өз заманының өте білімді адамы ретінде көрші мемлекеттердің стратегия-
сы мен тактикасын дұрыс түсініп, шағын халықтарды бір-біріне айдап салуға 
бағытталған зымияндық саясатын батыл әшкерелеп отырды. Ол қазақ, ноғай, 
қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына басшылық жасап қана қойған жоқ, 
өзін шебер дипломат ретінде танытты, бірқатар мемлекеттерде Қазақ хандығының 
елшісі міндетін атқарды. Дауылпаз жырау «Елім-ай» дастанын жазды, «Жеті 
Жарғыны» дайындауға атсалысты. Бір сөзбен айтқанда, бір ғасырға жуық өмір 
сүрген Қожаберген Толыбайұлы туған халқының мүддесін қорғауға бағытталған 
көптеген даңқты істерге ұйытқы болды.Осындай қызметті ғана шынайы ерлік деп 
бағалаймыз. Біз оның теориялық мұралары мен нақты қызметін жан-жақты зерт-
тегеннен кейін оның саяси қызметіне мемлекеттік деңгейде баға беруге тиіспіз. 
Қожаберген, сөз жоқ, қазақ елі тарихындағы тұтас бір құбылыс. Ол – қазақ 
халқының бостандығы мен тәуелсіздігі  жолындағы күресін басқарған ірі де 
жарқын тұлғалардың бірі. Ол – ұлт ерлігінің  символы. Сондықтан да біз оның 
есімін халыққа қайтару, оның ерлігіне лайықты баға беру арқылы бүгінгі және 
келешек ұрпақты халқымыздың ұлы патриотының рухында тәрбиелейтін бола-
мыз. Осындай адамдардың  өмірімен халықтың тағдыры қалыптасады, елдің 
қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
2010 ж. 

25
Қожаберген жырау – 350
«ЕЛІМ-АЙ» ДЕП ӨТКЕН ЕР БАБА
Тұрсынбек КӘКІШЕВ,
профессор
Тәуелсіздік еліміздің өткен тарихын біліп алуға, зерттеуге, қуаныш-шат-
тық ты көзге елестететін тойлар өткізуге мүм кіндік берді. Совет заманында 
қазақ деген атауды ептеп елжірей айтсаң «ұлтшылсың» деп тап беріп таңба ба-
сатын, жәбір-жапа көрсететін қисынсыздық түгелдей болмағанымен, саябырси 
бастағанының өзі тарихымызды білуге, елдігіміз дің ерекшелігін тануға, сөйтіп, 
ұлттық намысымызды оятуға мүмкіндік берге ніне қуанып жүрміз. Ұзағынан 
болғай!
ІV ғасырға жуық, яғни 360 жыл құлдық психологияда, көрінгеннің табанында 
езіліп, аузына қарап күн көруге, қабағына қарап сөйлеуге дағдыланып қалғаны-
мыз азаттық дәуірде сезілмейді, елпілдеп тұратынымыз қазір байқалмайды деп 
ешкім айта қоймас. Әйтеуір, келгеніне ширек ғасыр болған азаттық еңсемізді 
кө теруде. Осылай ата-бабамыздың, өнерпаздарымыз бен батырларымыздың, 
хан мен қаралардың дүниеге келген жылын, күнін, жасаған жақсылықтары мен 
ерліктерін түгендеп жатқан жайымыз бар.
Өткен бабаларымызды құрметтеу кезінде әрқайсысының елге сіңірген ең-
бектері мен артында қалған мұраларының салмағы мен ғибраты міндетті түрде 
есепке алынуы шарт. Әйтпесе, тарихи оқиғаның қою-сұйығы, ауыр-жеңілдігі, 
парасаттылығы мен парықсыздығы араласып кетуі ғажап емес. Осы тұрғыдан 
келгенде өкімет тарапынан мән беріліп тізімге түскендердің республикалық 
деңгейде аталатын тұлғалар жайлы арнайы шешім жасағанның ешбір 
артықтығы, сөкеттігі жоқ. Атақты тарихшы, академик М. Қозыбаев «Біз соңғы 
он жыл шамасында, әсіресе, тәуелсіздік алған жылдары ата тарихымызға үңілу 
үстіндеміз. Оның басты себебі – Ресей империясы тұсында тарихымызды от-
аршылдар жазды, советтік заманда қызыл империяның мүддесіне негізделіп 
жасалды» (Манаш Қозыбаев. Тұлғалар тұғыры. – 2009, 244-б.) деген сүбелі 

26
        Қожаберген жырау – 350
ойды айтқан еді. Манаш большевиктік идеологияның тоқпағын біраз соқса да, 
өз халқына жаны ашығандықтың белгісін сездірген кезде талай сөгіс естіп, сөзге 
қалуды басқалардан көп көріп, марксшіл тарихшылардың ішінен шындықтан 
қорықпай, шын ой-пікірін айтқан, соған жету үшін өмір тауқыметін талай тарт-
қан, сөйтіп ұлттық таным, намыс деңгейіне алғаш жеткендердің бірі болған, ірі 
азамат еді.
«Елім-айды»  естімегендер, қазақтың соңғы шоқына бастаған, тілін ұмыта 
бастағандары болмаса, төрт ғасырдай зарлана айтылатын халықтық гимнді біл-
мейтіндер аз болар. Оның авторы кім дегенге қателескендер де, білмейтін дер де, 
тіпті қысыр есеппен пікір айтатындар да, ол фольклорлық бейне ғой дейтін дер де 
кездесіп жатады.
Мен өзім тарихи деректерсіз сөйлеуді, пікір толғауды білмейтін пенде 
болған соң, бұрынғының үстіне көп құжаттарды қарастырдым. Әсіресе, қазақ 
тарихшыларының пікірінен Манаш Қозыбаевтың ізденістеріне қол қояты-
нымды жасырмай айтатын болсам, ҚазССР Ғылым академиясының Тарих, 
археология, этнография институтының директоры болып тұрған шақта тарихқа, 
оның ішінде қазаққа жаны ашитын зиялыларын, профессорлар мен академик-
терін «Қожаберген жырау Толыбайсыншыұлының Отан тарихы мен қазақ по-
эзиясында алатын орны» деген тақырыпта республикалық ғылыми-теориялық 
конференция өткізу үшін сонау солтүстік өлкеге алып баруы, ойлантуы әншейінгі 
рушылдықтың белгісі емес, қожабергентану ілімін қалыптастырудың нақты 
қадамы болған еді.
Мен өзім бұл үдеріске тоқсаныншы жылдары араласып, профессор А. Кү-
зембаев басқаратын заң институтының қолдауымен Қожабергеннің, Сегіз серінің 
өлең-жырларын жинап бастыруға аспирантым М. Дастанбаеваны жіберіп, біраз 
қозғау салғанмын. Және Сегіз сері жөнінде кандидаттық диссертация жазған 
марқұм, дарынды қаламгер Төлеш Сүлейменовтің кітап шығаруына демесін 
жасағанмын. Сол кезден басталған ізденіс бүгінгі Ш. Уәлиханов атындағы Та-
рих және этнография институты 2013 жылғы наурыз айында Алматыда өткізген 
үлкен ғылыми конференцияға жалғасты. Алда әлі талай белгіленген шаралар 
бар. Яғни биылғы жыл Қожаберген жылы болмақ. Мені айрықша қуантқаны: 
үкіметтің мәдени-тарихи құбылыстарға мән беріп, халықтық гимн авторының 350 
жылдығын айрықша атап өту жөнінде шешім жасағандығы. Мұны ел дігіміздің, 
ұлттық танымымыздың тамыр жая бастауының алғашқы нышаны деп қабылдаған 
жөн. Оған дәлел қандай? Төрт ғасыр бойына жылап-сықтап келген қазақтың 
«Елім-айды» білмейтіні жоқ. Әрине, совет кезінде интернационализм ұранын 
айғайлап айтып, ұлы державалық шовинизмге айналдырса, орыс тілі арқылы со-
вет халқын жасамақ болған пиғылдың алдыңғы қатарын да болдық қой. Азаттық 

27
Қожаберген жырау – 350
келгенде теңдікті сезіне бастауымыз есімізді жиюға мүмкіндік беріп отырғанын 
ұлттық намысымыздың оянуына пайдаланайық. Заман әрқашан бірқалыпта тұр-
майтындығын енді түсінбесек, онда елдікпен қош айтысар сәттер алда да аз болмас.
Осыншама кіріспе жазатын Қожаберген кім еді, одан қалған мұраның бүкіл 
қазақ үшін қандай қасиеттері бар еді деген мәселеге қысқаша болса да жауап 
беруге ұмтылғанымыз жөн болар.
Ең алдымен кәрісі бар, жасамысы бар бүкіл қазақтың: 
«Қаратаудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, 
Ел-жұртынан  айы рылған  жа ман  екен, 
Мөлтілдеп екі көзден жас келеді» 
дегенді қазақтың зарлап айтпаған дары кем. «Ұжмақ» орнаған совет заманын-
да зорлықпен тілден айы рылғандардың арасынан «Елім-айды» естімегендерді 
іздеп табу қиын емес.
Халықтық мұңға, ұлттық гимнге айналған шығарманы, шығарма емес-ау, бір 
ұлттың таным-түсінігінде, есінде жүретін «Елім-айдың» дұрыс бағаланбауы, 
оны шығарған дарынның тарихтан ойып тұрып орын алмауына не себеп болды 
дегенге Қозыбаевтың пікірін келтірейік: «бірінші – Қожаберген баба орыс им-
периясына ашық қарсы, оның «Елім-айы» империяға қарсы туынды, екінші – 
қазақ хандарының төре тұқымынан сайлануына қарсы» дегеніне өз танымымыз 
тұрғысынан қосарымыз, үшінші, жалпы қазақтың демей-ақ қояйын, ел сөзін 
айтатын билікке ие төре-қаралардың, басшылардың, зиялылардың саясатшыл -
дығы еді деп түсінген орынды болар. Елдің рухани сусыны, аттанар өрісі болған 
«Елім-ай» әнінің, жырының, дастанының иесі Қожабергеннің тарих қалтары-
сында қалып қойғанын мойындасақ, онда рухани жағынан шығындалғанымыз 
өте мол және ірі болғанын көреміз, өкінішіміз өксітпей қоймайды.
Бүкіл халықтық гимннің қасиетіне дер кезінде жетпеуіміз біздің бүкіл мә-
дениетіміздің орынсыз датталуына әкеп соқты. «Жазуы болмаған елде қандай 
мәдениет, әдебиет болмақ?» деген еуроцентристік көзқарас біздің қазақ хан-
ды ғы – тұрақты мемлекеттігіміз батыс елдерінен әлдеқайда бұрын салтанат 
құрғанын айта алмай, соңғы төрт ғасыр бойына бөтеннің қасы мен қабағына қа-
рап, емеурінін бағумен өткізгеніміз ең өкінішті дәуір демеске шараң жоқ.
Осы өкініштің жалғасына да кездесіп отырмыз. «Халық сөзі» газетінің 
2013 жылы 12, 19 сәуірде шыққан екі санында (23,24) «Қолдан қаһарман 
жасаудың халыққа пайдасы қанша немесе Социал Жұмабаев фантастикамен ай-
налысса көп жетістікке жетер ме еді?» деп мақала оңға бұрылған қадамға тағы 
да күдік келтіріп, дау-дамайға шақырып жатыр. Мақала авторы профессор 

28
        Қожаберген жырау – 350
Жамбыл Артықбаевтың осы уақытқа дейін шығарған еңбектеріне, әсіресе қазақ 
тіліндегі дүниелерді оқып, қажетті кезінде пайдаланып жүретініне ішім жылып 
жүруші еді. Соңғы кезде ғана ашылған дарбазаның есігін шатастырып алғаны 
қайта өкінтіп отырғанын жасыра алмаймын.
Қазақта не көп, аттастар көп. Бір Жәнібекті атасаң ханы да, қарасы да, ба-
тыры да қосақталып шыға келеді. Ал тарихта қалған Қожабергендер де аз емес. 
Жамбылдың өз сөзімен айтсақ, «менің білетінім «Дауылпаз баба – Қожаберген 
жырау» өмір сүрген жүз жылдықта (1663-1763 жылдар) тарихи құжаттар мен 
елдің аузындағы әңгімеге мысал болған бір ғана Қожаберген белгілі. Ол – он екі 
ата абақ керейдің ішінде шұбарайғырдан шыққан Қожаберген батыр. Басқа да 
Қожабергендер болған шығар, бірақ елдің есінде қалғаны тарихи құжат бетіне 
іліккені сол. Оның өзінде 1765-1757 жылдардағы қазақ-қытай соғыстарының 
арқасында» депті.
Екінші: «Қазақ тарихында қанжығалыға ұран болған Толыбай сыншыдан 
басқа Толыбай сыншы жоқ» («Халық сөзі» №23.12.04.2013) деп түйіндейді.
Қазақстанда Сарыарқаның солтүстігін ашамайлы керей елі жайлайтынын, 
басқаларды былай қойғанда, классиктеріміз Сәбит пен Ғабит сол рудан өрбитінін 
білмейтіндерге не айтарымды білмеймін. Әсіресе, Толыбай сыншының әйгілі 
Жалаңтөс баһадүрдің апасы Жамалдан 20 ұл, кенжесі Қожабергенді көргені 
белгілі. Яғни Толыбай сыншы, оның ұлы, қазақтың ерен энциклопедиялық 
тұлғасы Қожаберген абақ керейдің шұбарайғырынан емес, Солтүстік Қазақстан 
облысын мекендеген ашамайлы керейдің Көшебесінен туғандығы тарихшыны 
шатастырған.
Сіздер мені жаңа ғана оянған екен деп қалмаңыздар. Еленбей жатқандардың 
бәрін біліп, үн қосып отыруға ешкім де міндетті емес. Алайда, елдіктің шыл-
бырын ұстап, ірі азаматтық танытқан ұлы дарынның даңқын елемеу, шығып 
жатқан мұрасына дұрыстап назар аудармау, әрине, кешіре қояр жай күнә емес. 
Тіпті қазақ елінің осыншама ұлан-байтақ жерге ие болып, өзінің ұлттығын сақтау 
жолында Қожабергеннің ұлы қолбасылық қызметін атқарғанына жеңіл-желпі 
қарауға болмайды.
Қазақ халқының оның ұландарының адамзат тарихында ірі де мәнді істерді 
тындыра білгендігі дерексіз емес қой. Әз Тәуке хан тұсында жазылған, атақты 
би Төле, Қазыбек, Әйтекелермен ақылдаса отырып, «Жеті Жарғыны» дүниеге 
әкелген кемелділігін, бес жыл бойына елшілікпен айналысқанын былай қойған-
да (1688 жылдан 1710 жылға дейін), 23 жыл бойына қазақ, ноғай, қарақалпақ 
халықтарының біріккен қолына сардар болып, өз еркімен қолбасылықты 
қалың қауымның алдында Түркістан қаласында Қанжығалы Бөгенбай батырға 

29
Қожаберген жырау – 350
тапсырғанын қалай ұмытармыз. Мемлекеттік істі ұзақ жылдар атқардым дей 
салу қиын болмағанмен, Әз Тәуке ханның қарсылығына қарамай болашағы зор 
батырға сардарлықты ел көзінше табыс етуі әшейінгі пенденің қолынан келе 
бермейтін ерлік қой. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты 
Наурызбай, Ер Жәнібек пен Тұрсынбай батырларға ақылшы болу, үлгі көрсету 
аз абырой болмаса керек.
Қазақ елін орысқа да, қытайға да жем қылмай, тәуелсіздігін сақтай білген 
Абылайдың батырлары әңгімеге араласып жатқан соң 1879 жылы шыққан 
кітапқа дұрыстап мән берілмегенін айта кетейін. Бұл – әрі ақындықтың, әрі 
ақылдылықтың, әрі көрегендік пен мәрттіктің куәсі болуға жарайтын дерек.
Ыбырай Алтынсарин өзінің «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясында» Абылай 
ханға арнаған тарауда «Қожаберген жырауға Абылай: «Мені мақтап жыр айт-
шы», – дейді. Қожаберген айтты: – Абылай, сені мен көргенде тұрымтайдай 
ұл едің, Түркістанда жүр едің. Әбілмәмбет ағаңа қызметші болған ұл едің. Үйсін 
Төле билердің түйесін баққан құл едің. Сен жиырмаға келгенде ақ сұңқардай 
түледің. Алыстан тоят тіледің. Ақтан болды қүніңіз, арсы мен күрсіге тайтала-
сты үніңіз. Енді сіздің бұл күнде, бір көшеге сыймайды, азаткерде құлыңыз» 
(Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин. «Қазақ хрестоматиясы». – Алматы: Білім, 
2003. – 13-б.).
Осы идеяны жырға айналдырған Бұқар жырау, оның кейіпкері Абылай бү-
кіл қазақ халқына күні бүгінге дейін қазақ елінің ұлылары, данышпандары ретінде 
өмір сүріп келе жатқанын ескерсек, онда Бұқардың өзі Қожабергеннің шәкірті 
болғандығы, «Қожаберген ұстазым» деп мақтанатыны тек өнерпаз дық тұрғыдан 
ғана емес, тарихи тұрғыдан да құнды ғой. Олай болса, адалдық тұрғыдан да, 
адамгершілік келбеттен де жалғыз төңірегін ғана емес, бүкіл елін ұйыта білген 
данышпандығының еленбеуіне таң қалмасқа болмас. Қожаберген қол бастаған сар-
дар ғана емес, сөзге құдірет бітіре алған ақын, үнге жан салған сазгер, айтқанына 
елді сендірген дастаншыл жырау болғандығын естен шығаруға болмайды.
Қожаберген қайраткерлігін жіліктей бастасақ, «Елім-айды» шығарған саз-
герлігі алдымен әуен ұйқастылығына, сөз үйлесімдігіне негізделгені айдан анық. 
Олай болса, азаматтық келбетін айқындай түскен батырлығы, батылдығы, 
сар дарлығы, мәмілегерлік қайраткерлігі ұйқасты сөзбен көмкерілгені, әсіресе, 
«Елім-ай», «Баба тіл» дастандары, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», 
«Жақсылық пен жамандық жайында хикая», «Ата тек», «Әулие Қойлыбай» 
сияқты дастандарының, қисса-толғауларының, «Абылай ханға айтқан ақылы» 
қара сөзбен болса да ұйқасқа негізделуінің өзі оны кемеңгер ақылдылықтың 
ғана емес, ақындықтың биігінен көрсетері сөзсіз.

30
        Қожаберген жырау – 350
Сөз өнері арқылы сыртқа шығып, елдің таным-біліміне арқау болған 
Қожабергеннің тарихшылығын айрықша атау керек. Өкінішке қарай, еуро-
центристік теорияға әбден берілгендіктен фольклорлық туындыларды көркем 
сөздің екінші сорты, еріккеннің әшейінгі ермегі деп түсінудің қырсығы оның 
ел-жұртқа жеткізіп жатқан дерек шындықтарына мән бергізбегені өкініш-
ті. Осы өкінішіміздің кейбір мезеттерін атақты ғалым Ақселеу Сейдімбектің 
«Қазақтың ауызша тарихы» деген тамаша еңбегінде еленгенінің өзі қуанышты. 
Ал мұрағаттық өзектерге әбден иманын беріп қойған орыс тілді тарихшылары-
мыз қазақтың жыр-дастандары мен қиссаларын, аңыздарын оқи алмағандары 
өкінішті. Олардың мән-мағынасын білмегендері елді өз тарихынан мақұрым 
қалдыруға дейін апарғанын енді қысылмай айтуымыз керек. Тәуелсіздіктің 
арқасында «Мәдени мұраны» ақтаруға қолымыздың жеткеніне қуанайық.
Мен мұны Қожабергеннен, оның жасампаз ұрпақтарынан қалған, соңғы 
уақытқа дейін еленбей келген том-том әдеби көркем шығармаларды ежіктей 
оқудың нәтижесі арқылы айтып отырмын. Ұлы аңдампаздығымен, ақындығы-
мен қатар Қожаберген жырау өз заманының ғана емес, өзіне дейінгі дәуірлердің 
шежіресін дәйектеп жасаған ұлы ғұлама тарихшы екенін енді бағаламасақ, онда 
біздердің зиялы елміз дегеніміз шындықтан шалғай жатқан жалғандық, қып-
қызыл өтірік болып шығады.
Бұл мәтінді ойды ежіктеп таратпай-ақ тек сүбелі де мәнді тарихи оқиғалар-
ды Қожабергеннің қалай жеткізгеніне, айтқанына назар аударайық. «Баба тіл» 
деген дастанда тарихшы Әбілғазы Баһадүр (1603-1663) өзінің «Түрік шежіресі» 
еңбегінде қазақты атамай, Үш жүз деген атаудың сырын ашпай кеткенін сынап, 
«Айналайын, Үш жүзім, Әбілғазыға налыма, шежіресі бар елімнің, қоймаспыз 
жатқа жалына» деп алады да, «Шыңғыс ханнан көп бұрын, қазақ пен үш жүз бір 
атау» деп ой түйгенін естен шығармайық. Жойқын Жоңғар шабуылына дейінгі 
дәуірді «Өткен кезең» дастанында тарата, тіпті ежіктей баяндап, бүкіл Сібірді 
жайлаған елдерді, әсіресе татарлардың әр тайпасына дейін таратып, қазіргі ай-
тылып, жазылып келгендердің шындықтан алыс екенін көзге елестетеді. «Жа-
сымда жасап сан жорық, Байкөлден аса мен бардым. Ордабасы боп жүріп, көп 
ел мен жерді таныдым» дегенін дастанның әр тарауынан ғана емес, тіпті әрбір 
шумағынан аңғарып, тарих тереңіне сүңги бересің. Қалмақтардың ата-бабасына 
дейін таратып шығады. Ол аз болса:
Ойғырдың анасы – Қытай, атасы – Түрік, 
Соқтығып Қытаймен көрші тұрды жиенсініп. 
Қарақалпақ ағайынға шетінен 
Жұртымызға салды бүлік.

31
Қожаберген жырау – 350
Дүнгеннің апасы – Қытай, атасы – Араб.
Жатпады олар-дағы текке қарап,
Ұрынып Найман, Қоңырат, Жалайырға
Мазасын кетірді елдің шабуылдап, –
деген сияқты шумаққа бүкіл Байкал, Сібір өңірін ғана емес, әр ру, тайпаның те-
гін де, көшіп қонуын да дәлелді баяндайды. Осы тұрғыдан келгенде біздің қазақ 
тілін білмейтін қандас тарихшыларымыз ауыз әдебиетінің үлгілеріне айрықша 
зейін салып, халық тарихын бөтендердің айтқанымен емес, өздерінің танымымен 
ғасырлар қойнауындағы шындықты бүгінгі ұрпаққа жеткізуі керек.
Міне, Қожаберген жыраудың ғұлама тарихшылығын тек осыдан ғана танып 
қоймай, бүкіл ауыз әдебиеті үлгісіне тарихи-мәдени тұрғыдан қарау қажеттігі 
өзінен өзі көкейге оралады. Қожабергеннің өнерпаздығын әнші, күйші, болды, 
айтқыш шешен, емші-балгер, тілші, полиглот болды деп тарата бергенше қазақ 
халқына белгілі болған өнерпаздардың біразына ұстаз болғандығын айтып
өткен тарихтың қыр-сырын дұрыс аңғарту арқылы ғұлама ұстаздың деңгейіне 
көтерілгенін көреміз.
Батыр-бағландар, әрине Қожаберген сардардың ығына жығылып, көз 
қиығына қарағанын былай қойып, әр шығарманың мән-мағынасына шырақ қойып 
қарайтын болсақ, сөз зергерлігінің өзін қазақтың ұлы ақыны С. Торайғыровтың 
ойымен түйіндейік.
Толыбайсыншының баласы Қожаберген
Тарихынан оғыз-түрік хабар берген.
Үмбетей, Бұқар жырау, Тәтіқара –
Үшеуі Қожабергеннен үлгі көрген, –
дегенін немесе Қожаберген бабамыздың үлгісі дарыған қазақтың сөз өнерін 
20 том көлемінде жинап, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп кеткен Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлының:
Қолбасы, ақын-жырау һәм елші, би,
Шығарды «Елім-айдай» тамаша күй.
«Елім-ай» әні мен жырындағы
Шығарған Қожаберген бабаңды сүй, –
дегенін ұмытпау керек.
Тарата берсек бабамызға айтылар сөз де жетеді, ой-пікір де аз болмас. Кеш-
теу болса да осы игі іске мұрындық болған тарихшы Манаш Қозыбаевты есте 

32
        Қожаберген жырау – 350
тұтып, Қызылжар – Петропавл қаласындағы халықаралық «Жеті Жарғы» 
һәм Қожаберген жырау» қоғамдық қорының атқарып жатқан істерін айрықша 
атау шарт. Қазір Қазақстанда қорлар көп. Олар бірді-екілі елеулі шараларды 
өткізіп, ата-бабаларының ру, ата, ауыл болып, мүшелді тойын өткізумен келе 
жатыр. Тігілген үйдің, сойылған малдың, тартылған табақтың аз-көптігіне қарай 
күйінетіндер де, күндейтіндер де аз емес.
Ал мына өзінің заңды да тарихи атын қайтып ала алмай отырған Қызылжар 
қаласындағы қорды Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, профессор Бе-
кет Тұрғараевтың ұйымдастырғанына жалғыз Қожабергеннің ғана емес, 
солтүстік өңір өнерпаздарының мұраларын жалықпай, жасы келіп қалғанына 
қарамай, қажымай жинап, баспаға өткізіп, кітап етіп шығарып жүрген Социал 
Жұмабаевтың еңбекшілдігін, азаматтылығын айрықша айтуымыз керек.
Тарихымыздағы ерен энциклопедиялық тұлғаның артына қалдырып кет-
кен мұрасы енді-енді ғана қолға алынып жатқандықтан көрген-білгенімді, 
архив-мұрағаттан тапқанымды жайып салуға дайынмын. Өзіңді-өзің қадірлеп 
құрметтемесең, басқа біреу сенің жоғыңды жоқтамайтынын, әсіресе, бүгінгі жас-
тар мықтап ұғып алғаны дұрыс.
«Егемен Қазақстан» газеті,
25 мамыр 2013 ж.

33
Қожаберген жырау – 350
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ
Шаймұрат СМАҒҰЛОВ,
экономика ғылымдарының докторы, 
профессор, облыстық «Қожаберген 
жырау» қорының төрағасы
Қазақ халқының ғасыр жасаған ақындары мен ел-жұртына қорған болған 
ардагер ұлдарының бірі – Қожаберген Толыбайұлы екендігі көпшілікке мәлім. 
Қожаберген – тек ақын, ел қорғаған әскербасы, батыр ғана болып қоймай, ол 
үлкен әнші, ірі күйші, он саусағынан бал тамған жан-жақты қолөнерші әрі өз 
заманындағы аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі болған аб-
зал жан.
Сонымен қатар Қожаберген мен оның мұрагерлері: Дәстем сал, Жанкісі, 
Салғара, Жанақ, Бахрам, Сегіз сері, Сейітжан, Құшан сері, Мұстафа, Мұсайын, 
Мейрам сал, Әмірхан сері, Сапарғали, Есім сері сияқты өнерпаздар ұзақ уақыт 
бойы ескерусіз, назардан тыс қалды. Оған осы есімдері аталған әнші-ақын, 
күйші, композиторлардың туып-өскен өлкесі – Солтүстік Қазақстан облысында 
1936 жылдың жазынан кейін бірде-бір рет тарихи және әдеби экспедициялар-
дың бармағандығы негізгі себеп болған.
Қожаберген  жыраудың да, оның мұрагерлерінің де бар айыбы – өмірі мен 
қоғамдық қызметі туралы деректердің және шығармаларының жиналмай, зерт-
телмей қалғандығы, жоқтаушы азаматтардың болмағандығы. Қожаберген ақын 
мен оның мұрагерлерінің бірі – Сегіз сері композитордың өмірі мен қоғамдық 
қызметі, шығармалары соңғы он алты, он жеті жылдың ішінде ғана зерттеле бас-
тады.
Қожаберген Толыбайұлының шығармашылығы әуелде қазақ халқының 
XIX ғасырда өмір сүрген алғашқы педагог-жазушысы, ағартушы-демократы 
Ыбырай Алтынсарин құрастырып, 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хресто-
3-254

34
        Қожаберген жырау – 350
матиясы» жинағынан және оның өзі қайтыс болғаннан кейін жеті жылдан соң, 
яғни 1896 жылы Қазан шаһарында баспадан жарық көрген. «Мәктубат» де-
ген кітабынан орын алып, ол жинақтарда әнші-ақынның бірнеше өлеңдерінен 
үзінділер берілген.
Ыбырай Алтынсариннен кейін XX ғасырдың басында Қожабергеннің 
өзі туып-өскен Қызылжар (Петропавл) аймағының ақындары: Нүрке сері 
Тоқтабайұлы (1877-1915 жж.), Біржан Берденұлы (1889-1921 жж.), Сейіткерей 
Мағазұлы (1889-1917 жж.) және әрі әнші, әрі балуан Жүніс Бекмұхаммедұлы 
молда (1891-1921 жж.) Қожабергеннің өмірі мен қоғамдық қызметі, батырлығы 
туралы деректерді, оның өлең-жырларын, әндерінің сөздерін, жұмбақтарын, 
шешендік сөздерін жазып алып, жинау-зерттеу жұмысына араласқанмен, 
ол абзал жандардың өмірі қысқа болып, басталған іс аяқталмай қалған. Со-
дан кейін XX ғасырдың 30 жылдарында Қожаберген сынды батыр ақынның 
өмірі және қоғамдық қызметі жайындағы деректерді, оның ізбасарлары тура-
лы мәліметтерді әрі олардың шығармаларын жинап-зерттеумен қазақ совет 
әдебиетінің іргетасын қалаушылар  С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, 
кейін  М. Жолдыбаев, Т. Берденов, Ә. Ілиясов сынды белгілі әдебиетшілер 
шұғылданған екен. 
Қожабергеннің  өлең-жырлары, әсіресе «Елім-ай» тарихи дастанының 
бірінші бөлімі түгелге жуық, екінші бөлімінің бас жағы, «Баба тіл» тарихи қис-
сасы, «Ғасыр жас», «Жастық» атты толғаулары туған республикамыздың әр 
өлкелерінде тұратын қариялар мен құймақұлақ ақсақалдардың үйлеріндегі 
абдыралардың түбінде қолжазба күйінде сақталып және осы аталмыш суы-
рыпсалма әнші-ақынның бұлардан басқа «Күлдірмамай», «Ата тек», «Қы-
зылжар», «Қарасары», «Балта керей Соқыр абыз», «Қойлыбай көреген», 
«Төрт жігіт» сияқты жырларының үзінділері, «Дүние», «Ақ сауыт», «Жігіттік» 
деген өлең дері ел есінен ұмытылмай, әншілер арқылы біздің кезеңге келіп жет-
кен. Ел ішінде Көшебе керей Қожаберген жырау деген атпен көпшілікке есімі 
әйгілі болған бұл отаншыл ақынның басқа да өлең-жырларының жұрнақтары, 
баталары ұшырасып қалады.
Қожаберген 1663 қоян жылы наурыз айының басында (өзі қалдырған 
жылнама-шежіре бойынша) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл 
ауданындағы «Благовещенка» совхозына қарасты Гүлтөбе (XIX ғасырдың 
екінші жартысынан, яғни 1855 жылдан бастап Маманай атанған) орманды, 
көлді әсем қоныста өз кезінде қазақ, ноғай, қарақалпақ, татар халықтарының 
бірік кен әскерін көп жыл бойы басқарып ерлікпен даңқы шыққан, Ордаба-
сы – Баһадүр  атанған  от ауызды, орақ тілді шешен, ел бастаған көсем То-

35
Қожаберген жырау – 350
лыбай Дәуленұлы (1603-1680 жж.) отбасында дүниеге келіп, сол өзі туған 
мекенде 1763 жылы – қой жылы қазан айының аяғында (Қожабергеннің өз 
мұрагерлерінің бірі – Жанкісі ақын Көшекұлының кейінгі ұрпаққа қалдырған 
деректері бойынша) жүз жастан жүз бірге қараған кезінде қартайып барып 
қайтыс болған екен. Ақынның сүйегі сол маңдағы өз әкесінің есімімен аталатын 
Толыбай сыншы қорымына жерленген.
Қожабергеннің туған жерінде шоқ-шоқ боп қалампыр иісті алқызыл гүлдер 
өскен. Соған байланысты ұзындығы да, көлденеңі де отыз бес шақырымдай  бо-
латын орманды, көлді, ойлы, қырлы көк шалғынды алқап Толыбай сыншының 
Гүлтөбесі деп аталып кеткен екен. Неге екені белгісіз, қалампыр иісті алқызыл 
гүл шоқтары сол жердің ойпаңына қарағанда, дөңестерінде көбірек өскен екен. 
Соған байланысты Гүлтөбе деп аталған деседі. 1928 жылдан бастап, сол жер-
лерге қалампыр иісті алқызыл гүл шоқтары өспей, құрып кеткен. Ол гүлдерді 
орыстар макрушка деп атаған. Маманай, Сексен ауылдарының адамдарының 
рұқсаты бойынша оларға орыстар қой не жабағы беріп барып, гүл тереді екен.
Қазақтың ескі сөзімен айтқанда, Қожаберген Толыбайұлының елі – орта 
жүз, көшебе керей. Оған Қожабергеннің 1723 жылғы күздегі қазақ халқына 
келген үлкен апатты өлеңмен суреттеп шығарған «Елім-ай» тарихи қиссасының 
бірінші бөлімінің аяқ жағында келетін мына шумақ дәлел бола алады.
Ішінде ашамайлы керей көшебемін, 
Соғысқа он жетімнен төселгенмін. 
Жекпе-жек қалмақтармен шыққан шақта
Желкесін қидым талай ерсінгеннің.
Сондай-ақ, Толыбайсыншыұлы жыраудың орта жүз көшебе керей елінен 
шыққандығына Қызылжар өңірінің ірі ақыны Қылыш Тұрлыбайұлының (1857-
1923 жж.) 1913 жылы Омбы қаласында шығарып айтқан өлеңдерінің бірі – 
«Үлкен тойда» атты шығармасының ішіндегі мына шумақ та айғақ болады:
Көшебе Қожаберген жұрттан асқан,
Шығарған «Елім-айдай» үлкен дастан. 
Ғаскерін қазақ, ноғай бастағанда
Қалтырап айбарынан қалмақ сасқан.
Қылыш ақынның «Үлкен тойда» деген өлеңі Маманай ауылының жігіттеріне, 
соның ішінде Қожаберген жыраудың жетінші ұрпағы әнші-балуан Шаймерден 
Боранбайұлының өнерпаздығын суреттеуге арналған.

36
        Қожаберген жырау – 350
Белгілі әнші-ақын, композитор үкілі ЬІбырай Сандыбайұлының (1858-1930 
жж.) «Балуан шәкіртіме» деген өлеңінің ішіндегі мына төмендегі шумақ та 
Қожаберген ақынның көшебе керейден шыққандығына дәлел бола алады.
Қазаққа жау болғанда қалмақ масыл, 
Түсірген дұшпандарға үлкен жасыл. 
Үш жүздің елін-жерін қорғап өткен, 
Көшебе Қожаберген бабасы асыл.
Үкілі Ыбырай ақын да өзінің «Балуан шәкіртіме» деген өлеңін Қожаберген 
ордабасының жетінші ұрпағы Шаймерден Боранбай қажыұлы әнші-балуанға 
арнаған екен.
Қожабергенннің өз анасы Ақбілек – Сарыарқаның орталығындағы Баяна-
уыл аймағын мекен еткен орта жүз бес мейрам арғынның Сүйіндік әулетінен 
шыққан атақты батыр, аузы дуалы би Айдабол Құлболдыұлының үлкен қызы  
екен. Ақбілек шеше өнері асқан сынықшы, тоқымашы, тігінші болыпты. Көзінің 
тірісінде Қожаберген қалың мұсылман түрік қауымына көшебе керей Қожаберген 
жырау, керей Қожаберген – ордабасы, орта жүз Қожаберген баһадүр, сынықшы 
Қожаберген, ерші Қожаберген, әнші Қожаберген, атбегі Қожаберген, ашамай-
лы керей Қожаберген ақын, Қожаберген ұста, балташы Қожаберген, аңшы 
Қожаберген, Көшебе Қожаберген сардар, үйші Қожаберген, керей Қожаберген 
мерген, арбашы Қожаберген, имам Қожаберген, Қожаберген құсбегі, Ашамай-
лы Қожаберген балуан, Қожаберген күйші, Көшебе Қожаберген шешен, өрнекші 
Қожаберген, емші Қожаберген, етікші Қожаберген, керей Қожаберген өрімші, 
бояушы Қожаберген, оюшы Қожаберген, қобызшы Қо жаберген, Қожаберген 
жауырыншы, сәуегей Қожаберген, Қожаберген Толыбай сыншыұлы деген  
есімдермен әйгілі болған. Ол туралы жырлар мен аңыз-әңгімелерде осындай де-
ректер бар. Солтүстік Сарыарқада, оңтүстік-батыс Сібірді мекен еткен  орта жүз 
қазақтары, Батыс Сібірді мекендейтін татар жұрты, Челябі башқұрттары ара-
сында Қожаберген өрімі, Қожаберген етігі, Қожаберген арбасы деген ұғымдар 
кең тараған екен.
Қожаберген күйшінің ағалары да  ел, әскер басқарған, жұртына қорған, 
беделді адамдар болыпты.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының басшысы болып жүрген 
кезімізде осы Қожаберген жырау атамыздың есімін ел есінде қалдыру, елге та-
ныту үшін біраз іс-шараларды атқардық. Бұрын «Толыбай» аталған Богдановка 
селосына байырғы  аты қайтарылды. Жырау жерленген Толыбай қорымын (зи-

37
Қожаберген жырау – 350
ратын) тауып күтімге алдық. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамы арқылы жыраудың 
шежіресін анықтап, ел аузындағы өлеңдерін жинастырдық. Жыраудың туғанына 
330 жыл толуына орай зиратына ескерткіш орнатып, ас бердік. Ауданның 
мектептерінде, кітапханаларында Қожаберген Толыбайұлының  өмірі мен 
шығармашылығына арналған кештер өткізілді. Бұның бәрі – аудан тарапынан 
ғана істелген іс-шаралар. Есімі үш жүз қазаққа тегіс таралған, кезінде бүтіндей 
бір ұлттың гимініне айналған «Елім-ай» жырының авторы, артында орасан зор 
әдеби мұра қалдырған Қожаберген жырау туралы атқарылар іс-шараларды 
аудан, облыс деңгейінде ғана емес, республикалық дөрежеде жүргізген жөн. 
Жыраудың 340 жылдық мерейтойын республикалық көлемде атап өтілгенін 
қалар едік. Оған дейін Астана, Қызылжар қалаларында жырауға ескерткіш 
орнатылып, көшелерге, қаламыздағы әскери училищеге, туған ауданына  аты 
берілсе, игілікті іс болар еді.
Жыраудың шығармашылығы да толық зерттеуді қажет етеді. Қолда бар 
шығармалары көпшілікке жетпей жатыр. Жырау шығармаларын мектеп 
бағдарламаларына енгізу ісі де алдағы уақытта кезегін күтіп тұрған істің бірі болу 
керек.
2001 ж.

38
        Қожаберген жырау – 350

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет